107. Тиреоидты шамасыздық туғызбайды: А. кретинизмді (жастайнан, туғанға дейін пайда болса)
В. ювенильді гипотиреозды (ересек балаларда)
С. ересектердегі гипотиреозды (шамалы жеткіліксіздік)
D. микседеманы (ересектердегі толық жеткіліксіздік)
Е. біріншілік гипогонадизмді
108. 35 жастағы науқас жүдеуіне, тәбетінің жоғарылауына, тершендікке, жүректің жиі соғуына, ашуланшақтыққа, ұйқының нашарлауына шағымданады. Қандай бездердің функцияларын зерттеу қажет ? A. гипофизді және қалқанша маңы безді
B. гипофизді және жыныс бездерін
C. бүйрек үсті безін және жыныс бездерін
D. гипофизді және қалқанша безін
E. ұйқы безін және гипоталамусты
109. Тиреотоксикоз кезінде ең жиі кездесетін аритмия: A. синусты брадикардия
B. жыбыр аритмиясы
C. атриовентрикулярлық тежелу (блокада)
D. қарынша ішілік тежелу (блокада)
E. жүрекше ішілік тежелу (блокада)
110. Қалқанша безі гормондарының әсерлеріне жатпайды: A. ағзаның өсуіне және дамуына, жасушалардың пролиферациясына әсер етеді
B. жүрекке оң мәнді инотроптық және хронотроптық әсер етеді
C. глюконеогенезді тежейді
D. белок синтезін күшейтеді
E. холестериннің метаболизміне әсер етеді
111. 2 дәрежелі зобтың белгілері: A. қалқанша безі төс артында орналасқан
B. қалқанша безі көрінбейді, бірақ пальпациялаған кезде анықталады
C. қалқанша безі жұтынған кезде көрінеді және пальпацияланады
D. қалқанша безінде түйіннің анықталуы
E. қалқанша безінде бірнеше түйіндердің болуы
112. Диффузды токсикалық зобтың жеделдеу тиреоидиттен айырмашылығы: A. тахикардия
B. тершендік
C. пальпацияда ауырсыну болмайды
D. бұлшық еттердің әлсіздігі
E. қалқанша бездің ұлғаюы
113. Біріншілік гипотиреозда қандай зертқаналық көрсеткіш барынша ақпаратты? A. гипопротеинемия
B. ашқарынға және тамақтанғаннан кейінгі төмен гликемия
C. қандағы тиротропин деңгейінің жоғарылауы
D. қандағы гемоглобин деңгейінің жоғарылауы
E. қандағы тиреоидты гормондар деңгейінің жоғарылауы