1 Қазақ халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы



бет16/36
Дата25.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#199217
түріҚұрамы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
Байланысты:
Бакыт жазган жауаптар (копия)

23.Сан есімнің даму тарихы
Қазақ тілімізде сөз таптарының ішінде ерекше орын алатын сөз табының бірі де бірегейі-сан есім болып табылады.Олардың ішінен өз орынын ойып алған,өзгеше қалыптасқан сан есімнің орыны өте бөлек.Біздің тіл алтай тілімен ортақ “сан,санақ”сынды сөздерді қолданады екен.Яғни осы арқылы сандық категорияның грамматикалық дамуы болые табылады екен.Сонымен қоса,қазақ тіліміздегі көптеген сан есімдер басқа тума тілдерге ортақ сөздер бар.Бәрімізге белгілі нөлден басталып,онға дейінгі сандарды сан есім сөз табына жатқызамыз.
Көптеген түркі тілдерінің грамматикаларында семантика-морфологиялық принциптеріне қарай сан есімдерді түрліше бөледі. Қазақ, қарақалпақ, ұйғыр тілдерінде сан есімдер алты, өзбек тілінде жеті, түрікмен тілінде екі түрге бөлінеді. Сол сияқты гагауз тілінде үш, қарайым тілінде төрт, татар тілінде беске бөлінеді. Сан есімдердің есептік сан мен реттік сан түрлері барлық түркі тілдерінде мағынасы мен атқаратын қызметі және жасалу тәсілдері бойынша бірдей. Ал басқа түрлері бірінде аталса да, екіншісінде аталмайды, оның үстіне жасалу тәсілдері де біраз өзгеріске ұшырағандығы сезіледі.
Есептік сан есімдер көне түркі тілінде жұрнақсыз-ақ дара (бір, ікі, отуз, сегизон) және күрделі (бір он, беш йегірмі, ікі қырқ) болып ескерткіштерде қолданылса, қазіргі түркі тілдерінде есептік сан есімге қатысты фонетикалық ерекшеліктерге қоса, кейбір ондық атауларының бірлік атауларына байланыстылығы көрінеді. Мысалы: 3 – үч (әзерб., қырғ., түрікм., ұйғ.), уч (өзб.), оч (тат.), үш (қаз., тува, шор, қ-қалп.), үс (як., хақ.), виссе (чув.); 7 – едди (әзерб.), еди (түрікм., түрік), жиде (тат.), чеди (тува), етти (құм., өзб.), сэтте (як.), четти (шор), сичче (чув.), жеті (қаз., қ-қалп., қырғ.), ете (башқ., ноғ.); 9 – доггуз (әзерб.), туңқиз (өзб.), тоңқұуз (ұйғ.), докуз (түрікм., түрік), таххар (чув.), тоқуз (як.), тоғыс (хақ.), тос (тува), тоғыз (қаз, қ-қалп.), туғыз (башқ., тат.); 30 – үш он (с.ұйғ.), үжен (тува), тоуз (әзірб., қырғ., құм., түрік, түрікм.), оттуз (ұйғ.), уттиз (өзб.), одус (алт., шор), отыз (қаз., қ-қалп., ноғ), утыз (тат., баш.қ), ватар (чув.); түртон (с.ұйғ.), дөртен (тува), қырық (басым тілдерде қолданылады және фонетикалық варианттарымен); елу, эллик, еліг (басым тілдерде), биэс уон (якут), пісон (с.ұйғ.), бежен (тува); жетон (с.ұйғ.), чеден (тува), дьетен (алт.), йетмиш (әзерб., құм., түрік., түрікм., өзб.), иәтмиш (ұйғ.), етпис (ноғ.), етмеш (башқ.), жетпіс (қаз., қ-қалп.), жетимиш (қырғ.), ситмел (чув.).
Реттік сан есім көне түркі тілінде есептік сандарға –ынч, -інч, –нчы/-нчі, -ынчы/-інчі, -унчы/-үнчі, -нті жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған: екінті, үчінч, бісінч, онынч, бірінчі, екінчі, төртүнчі, үчүнчі т.б.
Қазіргі түркі тілдерінде реттік сан есімнің жұрнақтары қазақ тілінде –інші, -ыншы (бірінші, алтыншы); құмық тілінде –инчи –ынчы, -юнчю (-үнчү) –үнчу, -нчи, -нчы (экинчи, уъчюнчю, доъртюнчю); татар тілінде –енче, -ынчы, -нче, -нчы (беренче, икенче, алтынчы); түрікмен тілінде –инжи, -ынжы, -үнжи, -унжы, -нжи, -нжы (биринжи, икинжи, үчүнжи); башқұрт тілінде –енса, -ынсы, -нсе, -нсы (беренсе, икенсе, өсөнсе); чуваш тілінде –меш (перремеш – бірінші, иккемеш – екінші, виссемеш – үшінші); якут тілінде –ис, -ыс, -ус, -үс, -с (сүүс, тыһыннча); тува тілінде –кы, -ки, -чы, -чи, -ку, -кү, -гу, -гү (бирги, йинчи, тоску) түрінде қолданылады.
Көне түркілік реттік сан есімнің жұрнақтарының қазіргі түркі тілдеріндегі сипатында фонетикалық өзгешеліктерді есепке алмағанда, чуваш, якут, тува тілдері көзге түседі.
Жинақтық сан есімнің көне түркі тіліндегі жұрнағы ретінде -егү (бірегү, икегү, үчегү) жұрнағын айтсақ, қазіргі түркі тілдеріндегісінде көнелікті фонетикалық өзгерістерімен сақтағандары да, жаңаша қолданыстары да бар. Қазақ, ноғай, түрікмен тілдерінде –ау, -еу (біреу, екеу, үшеу); ноғай, құмық тілдерінде -ав, -ев (бирев, экев, учов); қырғыз
тілінде оо, өө (бирөө, экөө, үчөө); якут тілінде -ыа, –ыан, –йақ (алтыа, алтычан, алтау-ақ); тува тілінде –елээн, -алаан, –елээ, -алаа (үжелээ-үжелээн; бежелээ-бежелээн); шор тілінде –ала, -еле (пежеле, ужеле); өзбек тілінде –ов (биров, эков); ұйғыр тілінде –үлән, -лән (үчүлән, бешүлән иккилән); чуваш тілінде -ан, -ен (иккен, таваттан) түрінде қолданылады.
Қазіргі түркі тілдерінде топтық сан есімнің жұрнақтарын қазақ, қырғыз, қарақалпақ, өзбек тілдерінде –дан, -ден, -тан, тен (екіден, бирден, учтадан); башқұрт, татар, құмық, түрік, ноғай тілдерінде –шар, -шәр, -ар, -әр, –сар, -сер, -ар, -ер (унар, икешер, алтышар); хақас тілінде -лар, -лер, -ар, -ер (пірер, кілер, алтылар); якут тілінде –лыы, -лии, -луу, -лүү, -тыы, -тии, -туу, -түү, -дыы, -дии, -дуу, -дүү, -ныы, -нии, -нуу, -нүү (биирдии, икилии, үстүү) ретінде топтап көрсетуге болады.
Болжалдық сан есім көне түркі тілінде есептік сан есімдерге –ча, -че жұрнағы жалғану арқылы жасалса, қазіргі біраз тілдер сол жұрнақты сақтағандығы байқалады.
Атап айтсақ, болжалдық сан есімнің жұрнақтары –даған, -деген, -лаған, -леген, -таған, -теген, -дап, -деп, -лап, -леп, -тап, -теп; –дай, -дей, -тай, -тей қазақ, татар, башқұрт, ноғай тілдерінде (ондаған, йөзләгән, меңләгән, уьшевлеген, алтавлаган, онавлаган); –ча, -чә, -ча, -че қырғыз, хақас, якут, түрік, татар, өзбек, әзербайжан (отысча, он писче, йүзләрчә); –лап/-ләп башқұрт тілінде (унлап, утызлап, йөзлап); –тача, -ларча, -лаб өзбек тілінде (мингларча, унлаб, юзлаб) болып келеді.
Қазіргі түркі тілдерінде бөлшектік сан есімнің жұрнақтары бірінші сыңары шығыс септікте, екінші сыңары атау түрінде қолданылу қазақ, башқұрт, татар, қырғыз тілдеріне (өчтән ике (2/3); йөздән биш (5/100)) және бірінші сыңары жатыс септікте, екінші сыңары атау түрінде қолданылу түрік, әзербайжан, құмық тілдеріне (үчдә ике (2/3); йүздә беш (5/100)) тән болса, изафет түріндегі қолданыс тува, шор, құмық, хақас тілдеріне (үштүң ийизи (2/3), дөрттүң үжү (3/4); четтининь алтызы (6/7)), баяндау түріндегі қолданыс құмық, алтай, тува, шор тілдеріне (еттини эки боьлуьп бир пай (3 ½), бирни етти ярып, бир пай (1/7), дөрт боьлуьп бир пайын алдым (1/4)) тән екендігі көрінді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет