Р- дауыссыз,үнді
Бұл сөзде 5 әріп,5дыбыс бар.
Сырғып-2буын,сыр-бітеу буын,ғып-бітеу буын,екі дауысты,төрт дауыссыз әріп бар.
С- дауыссыз,қатаң
Ы- дауысты,жуан,қысаң,езулік
Р- дауыссыз,үнді
Ғ- дауыссыз,ұяң
Ы- дауысты,жуан,қысаң,езулік
П- дауыссыз,қатаң
Бұл сөзде 6 әріп,6дыбыс бар.
Жоғалар-3буын,жо-ашық буын,ға-ашық буын,лар-бітеу буын,үш дауысты,төрт дауыссыз әріп бар.
Ж- дауыссыз,ұяң
О-дауысты,жуан,ашық,еріндік
Ғ- дауыссыз,ұяң
А- дауысты,жуан,ашық,езулік
Л- дауыссыз,үнді
А- дауысты,жуан,ашық,езулік
Р- дауыссыз,үнді
Бұл сөзде 7әріп,7дыбыс бар.
Билет №27
1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
2.Қазақ тілі сабақтарындағы пәнаралық байланыс.
3. Морфологиялық талдау
Біздің басты жетістігіміз – Тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз.
(Н.Ә. Назарбаев)
1.Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері.
Өздігінен сөйлем құрай алмайтын, тек сөйлемдегі ойды толықтырып тұратын мүшелер. Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді. Сұрақтары: қай? қандай? қайсы? қайдағы? недегі? қанша? неше? нешінші? не еткен? кімнің? ненің? т.б.
Көптеген сөз таптары анықтауыш қызметінде жұмсалады: сын есім, сан есім, етістіктің есімше түрі, сілтеу есімдігі, зат есім т.б.
Анықтауыш бір сөзден де, сөз тіркестерінен де бола береді:
- дара анықтауыш
- күрделі анықтауыш
- тұрақты тіркестерден болуы мүмкін
- көмекші сөздері бар тіркестер
- модаль сөздері бар тіркестер
- көмекші есімді тіркестер
- шақты, шамалы, қаралы, жақын т.б. сөздермен тіркескен сан есім
Синтаксистік байланысына қарай анықтауыштың екі түрі болады:
1. Қабыса байланысқан анықтауыш. 2. Матаса байланысқан анықтауыш.
1. Қабыса байланысатын анықтауыш: сын есім, сан есім, есімдік, есімше.
- анықталушы сөздің алдында келеді
- ешқандай жалғаулары болмайды
2. Матаса байланысатын анықтауыш: зат есімнен немесе зат есім мағынасында жұмсалатын ілік септігіндегі сөз.
- анықталушы сөздің алдында келеді
- ілік септігінің жалғауы бар
- тәуелдік жалғауы бар сөзбен тіркеседі
Толықтауыш: баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады. Толықтауыш етістіктің алдында келеді. Сұрақтары: кімді? нені? кімдікі? немдікі? кіміңді? неңді? кімін? несін? қаншасын? нешеуін? кімге? неге? кім туралы? не жөнінде? т.б.
Толықтауыш зат есімнен, сын есімнен, есімдіктен, есімшіден, есімді және көмекші сөздер тіркестерінен, тұрақты тіркестерден бола алады.
Толықтауыш бір сөзден де, сөз тіркестерінен де бола береді
- дара толықтауыш
- күрделі толықтауыш
- күрделі толықтауыштың соңғы сөзінде барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің жалғауы болуы тиіс
- толық мағыналы есім сөздері туралы, жайында, жөнінде сияқты септеуліктермен тіркесіп жасалады
- күрделі атаулардан жасалады
Мағынасына қарай және грамматикалық тұлғасына қарай екіге бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |