1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОҚУшЫЛАРДЫ



Pdf көрінісі
бет165/230
Дата23.04.2022
өлшемі14,62 Mb.
#140608
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   230
Байланысты:
Құрышжанов оқулары 2019

ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОҚУшЫЛАРДЫ 
ЕҢБЕККЕ БАУЛУ ЖОЛДАРЫ
Джаркынбекова Зора Айтахуновна
«Қаныш Сәтбаев» атындағы орта мектеп КММ
Технология еңбек пәнінің мұғалімі
Технология сабағы – әрбір оқушының рухани бай-
ып, дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір пән. 
Мектепте жүргізілетін технология пәні - жеке адамның 
дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, 
еңбек ету арқылы өз қабілетін, ата-бабасының ұлттық 
дәстүрлері мен өнерін одан әрі дамытуға, жалғастыруға 
бағытталған пән. Баланың ұлттық, тұлғалық, әдеп 
пен эстетикалық дамуына, кәсіп таңдауына, қазіргі 
әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне 
жол ашады және еңбек етудің алғышарттарын үйрену 
арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тәрбиелеу 
мақсаты көзделеді.
Жеке тұлға - бұл адамның психологиялық, рухани 
мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән. 
Жеке тұлғаның өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның 
бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:
1. Оқуға деген қабілетінің артуы.
2. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап 
және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
3. Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен 
қарау.
4. Өз ойының дербестігі.
5. Жеке тұлғаның өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, 
бақылау, жаттығу, эксперимент жүзінде іскерлігі мен 
дағдысын қалыптастыру.
Әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарау үшін келесі ой 
– пікірлерге назар аудару қажет:
– жеке тұлға - бұл білімнің мақсаты;
– білім деңгейі орташа оқушы жоқ;
– кемшіліктерге шыдамдылық;
– тиым салмай, бағыттау; бұйрық бермей, 
ұйымдастыру; шектемей, өз шешімін қабылдай білу;
– мектепте оқу оқушыға мереке болу үшін оны 
жетістікке жеткізу, әр уақытта оқушының табысын жа-
риялап отыру.
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы 
қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын 
әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды
міндеттейді. Сол себепті, әр оқушыға оның 
қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу 
қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты 
адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала 
отырып жұмысты жүргіземіз. Оқушылар әр түрлі 
тігілген бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен 
келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, 
этикалық және т. б. бағалы қасиеттерін өз бойларына 
қалыптастырады. Еңбек сабағында оқушылардың іске 
икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген 
бейімділігін дамыта отырып қалыптастырамыз. Қазіргі 
кезде білім беру кеңістігінде иновациялық үрдістердің 
бағыттарының бірі - мектепке бағдарлау болып та-
былады. Интерактивті тақта арқылы әр элементті, 
әр жұмысты толық көрсетіп, оны оқушылардың да 
өз қолдарымен жасап үйренулеріне толық жағдай 
жасалынған. Ұлы ағартушы А.Байтұрсынұлы «Бала 
оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға 
үйрететін нәрселерін өзі де жақсы білуі керек»,- деп 
тұжырымдағандай технология сабағын қызықты 
өткізіп, оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін 
дамыту үшін ең алдымен мұғалім өзі шебер болуы ке-
рек. Жан-жақты дамыған, әрқашан ізденісте болған 
мұғалім ғана қазіргі талапқа сай болатыны анық.
Еңбекке баулу - мұғалімнің оқушыларға 
техникалық,технологиялық білім мен білік беретін
оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын ,балаларды 
перспективалық технологиямен таныстырып,олардың 
перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу 
үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау 
оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылы,бағдарламада 
қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға, шебер-
ханаларды ұтымды пайдалануға,сапасы жоғары 
өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар 
сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті 
игереді. Игеру ісі мұгалім тарапынан техникалық- 
технологиялық мағұлмат беру белгілі бір техникалық 
операциялардың 
орындалу 
әдістерін 
көрсету 
кезінде жүзеге асады.Мұғалім сабаққа дайындық 
барысында оның мақсатын,мазмұнын,құрылымын 
жоспарлайды,оқытудың әдістері мен түрлерін 
қарастырады. Осының бәрін қамтитын сабақ жоспары 
мынадай элементтерден тұрады:
- Сабақтың тақырыбы (оқушыларға берілетін 


185
техникалық-технологиялық білім мен біліктітің 
көлемін қамтиды);
- Сабақтың мақсаты ( білім,тәрбие мен даму 
аспектілерін қамтитын міндеттердің кешенімен таны-
стырады);
- Материялдық-техникалық базасы(жабдықтар,сай
мандар,материалдар,көрнекі құралдар,технологиялық 
карталар);
- Сабақтың құрылымы мен мазмұны оның мақсатына 
сәйкес белгіленеді, әрбір элементті орындауға 
жұмсалатын уақытты шамамен анықтауға мүмкіндік 
береді.
Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке, еңбек 
тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде.Шығармашылық ой-
лау қабілеті кез келген адамда бар.Бұл әсіресе жас 
өспірімдерге тән қасиет. Психолог мамандар адамның 
бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала 
кезінен қалыптастыру керек деп есептейді.Техноло-
гия пәні бойынша оқушыларға кең көлемде білім бере 
отырып,олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге,белгілі 
бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі.Қазір көптеген 
мектептерде ірілі-ұсақты темір,ағаш өңдейтін станок-
тар бар.Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануды 
үйрету керек.Еңбекті оқушылардың білімдеріне және 
технология мен техника негіздеріне сүйене отырып 
ұйымдастырады.Сол үшін мұғалім оқушылардың 
физикадан,математикадан,сызудан,суреттен 
алған
білімдерін пайдаланатынын ескереді.
Еңбекті ұйымдастырудағы мұғалімнің міндеті:
- еңбек обьектілерін таңдау;
- материалдық-техникалық базаны нығайту;
- санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын 
сақтау;
- ұйымдастырудың тиімді түрлері мен әдістерін 
анықтау;
- нәтижелерді бақылау,есепке алу;
- оқушылардың өзін-өзі басқару топтарын құру;
- көрмелер ұйымдастыру.
Оқушылардың өзін-өзі басқару тәжірбиесінде 
жұмысты топ жетекшілері атқарады. Олардың қызметі-
топтың еңбек процесін ұйымдастыру ,сапаны бақылау 
,талдау.Мұнымен бірге олар еңбек нәтижелерін 
бағалайды.Жұмыс барысы кезінде еңбек қауіпсіздігі 
мен санитарлық ережелерді қатаң сақтау жөнінде та-
лаптар қойылады және олардың орындалуына ерекше 
назарда ұстау керек.
Сондықтан :
- сабақ өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- өндірістік-санитарлық еңбек қауіпсіздігіне қатысты 
ережелер мен нұсқамалар;
- талапқа сай аспаптармен жұмыс істеу.
Технология сабағы, оқушыларды еңбекке баулу 
сабағы олардың жеке және жас ерекшеліктерін еске-
ре отырып жүргізіледі.Оқу материалының мазмұны 
қазіргі заман талабына сай ғылыми-техникалық 
жетістіктердің даму деңгейіне жақындатылған бо-
луы тиіс.Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы 
тиіс.Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі 
қолдану керек.Оқушылардың жүктемесін олардың
жас ерекшеліктерін ескере отырып берген дұрыс әрі 
ол қарапайым болғаны дұрыс.
Еркін тақырыптағы сарамандық жұмысты орындау 
кезінде оқушыларды қабілеттеріне байланысты үш 
топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін 
жақсы білетін,жаңа тапсырмаларды орындауға 
қызығушылықпен кірісетін және алғашқы 
қиындықтардың өзінде-ақ ешбір қысылмастан 
мұғалімнен көмек сұрайтын оқушылар жатады.Бұл 
топқа сурет салуға ,жалпы өнерге бейімділігі бар 
оқушылар жатады.
Екінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін 
сенімсіз бағалайтын оқушылар жатады. Аздаған 
қиындықтардың өзінде-ақ олар көмек сұраудан 
қысылады және не істерін білместен жұмыстарын 
тоқтатады.Мұндай оқушыларға көбірек көңіл 
бөліп,оларға өз күштеріне деген сенімділік ояту ке-
рек. Олардың еңбегін бағалау кезінде тіпті ең шағын 
жетістіктерін атап өтіп,жұмысқа деген құлшынысын 
ояту керек. Оларға ауық-ауық көмекке келіп,олардың 
жұмыстарының сәтті орындалып келе жатқандығын 
айтып,көңілдерін көтеріп отыру керек.
Үшінші топқа, өз мүмкіндіктерін бағалай алмай-
тын оқушылар жатады.Олар өз мүмкіндіктерін асыра 
бағалайды.Олар кез келген жұмысқа белсенді және 
сеніммен кіріседі.
Алайда алғашқы қиындықтардың өзінде бұл 
қиындықтардан қалай өтуге болатыны туралы ойлама-
стан тоқтайды. Мұғалімнен көмек сұрамастан,өздеріне 
басқа жұмыс беруін өтінеді.Егер мұғалім басқа жұмыс 
бермесе,жұмыс істеуін тоқтатады.Бұл жағдай жұмыс 
істеп жатқан басқа оқушыға кесірін тигізуі мүмкін.
Сондықтан мұғалім оларға өздері сұраған жұмысты 
беріп алғашқы қиындықтар кездескенде мұғалімді 
шақырулары тиіс екендігін түсіндіреді.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың 
үш тоқсан бойы алған білімдерінің және төртінші 
тоқсанда орындаған шығармашылық жұмыстарының 
нәтижелерін қорыту. Мұғалім оқушылардың бойына 
еңбек сүйгіштік қасиетін және еңбекке деген дұрыс 
көзқарасын қалыптастырады. Мұғалім оқушыларды 
еңбектенуге,алға қойған мақсатына қол жеткізуге 
және өз еңбегінің нәтижелерін көре білуге үйретуі 
тиіс. Мұғалім оқушыларды ептілікке,аспаптармен 
жұмыс істей білуге,бірлесіп жасаған еңбекті бағалауға 
үйретеді. Жұмыс кезінде бір-біріне көмектесу керетігін 
түсіндіреді.
Технология сабағында оқушылардың эстетикалық 
талғамдарын арттыру басты орын алады.Неге десеңіз, 
әрбір жасалған бұйым сапасы жағымен қоса эстети-
касы жағынан да тартымды болуы тиіс. Мұғалімнің 
басты міндеті-оқушыларды шығармашылық жұмысқа 
дайындау және оларды қызықтыру. Оқушыларды тап-
сырмаларды орындауға дайындау үшін педагогикалық 
ұйымдастыру, техникалық-экономикалық дайындық 
пен психологиялық-педагогикалық талаптар сияқты 
шарттар орындалуы тиіс.
Ұйымдастыру кезеңінде мұғалімге қойылатын та-
лаптар:
- еркін тақырып бойынша оқушылар таңдап алған 
жұмыс процесін басқару;
- жұмыстың ұжымдык, топтық және жеке түрлерін 
жолға қою, оқушыларды қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз 
ету;


186
- жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық нор-
малар мен қауіпсіздікті сақтау;
- оқушылардың ой-өрісін үнемі кеңейтіп отыру.
Басты талап материалдық-техникалық базаны дай-
ындау болып табылады:
- еңбек құралдарын,өңделетін материал мен оның 
технологиялық процесін оңтайлы таңдау;
- оқушы еңбегін тиімді жабдықтау;
- жұмыс орнын тиімді жабдықтау;
- оқушы еңбегінің мазмұны.
Мұның бәрі жобалық оқытудың шығармашылық 
элементтеріне жатады.
- еңбекті ұйымдастыру формаларын таңдау;
- еңбекке үйрету әдістері мен жолдары;
- оқушылар еңбегін ұйымдастыру.
Мұғалім сарамандық жұмысты оқу- әдістемелік 
материалдардың көмегімен өткізуі тиіс.Бұл үшін ол 
қосымша әдебиеттерді,бағдарламаларды пайдалануы 
және әртүрлі ғылыми негіздер мен еңбеккеүйрету 
бағдарламасы арасындағы өзара байланысты есепке 
алу керек.
Ол үшін мыналар қажет:
- жаңа жарияланымдарды пайдалану;
- оқушыларды жас ерекшеліктері мен жалпы мектеп 
шеберханасының жабдықталуын есепке алу;
- жұмысты алдын ала жоспарлау (еңбек құралдарын 
таңдау,жұмыс уақытының және асаптар таңдаудың 
нақты жоспарын жасау);
- еңбекке үйретудің басқа тәрбиелік іс-шаралармен
үйлесімділігін қамтамасыз ету.
Жалпы білім беретін саладағы технология пәнінің 
бір міндеті - оқушылардың табиғатқа және табиғи 
байлыққа күтіммен қарай білуі мен қатар оқу-еңбек 
қызметінде белсенді экологиялық бағыт ұстануын 
тәрбиелеу.
Осыған байланысты еңбек сабағындағы құс ұясының 
және құстарға жем беретін аспалы жем салғыштарды 
жасатудың үлкен тәрбиелік маңызы бар.
Оқушылардың еңбекке баулудың жолы сан алу-
ан. Соның бірі-оқушыларға экономикалық тұрғыдан 
білім беру.
Экономикалық білім берудің бастауы-үнем 
мен ұқыптылық. Мектеппен қоса отбасында да
экономикалық білім беру баланы еңбекке саналы түрде 
қарауға,еңбекті тиімді түрде ұйымдастыра білуге ,та-
быс пен пайданы анықтай алуға үйретеді.Оқушыларға 
тапқан табысты кәдеге жаратуды,қоғамдық тұтыну 
қорларын пайдалануды үйрету керек.Сондай-ақ 
оқушыларға өмір сүру үшін табыстың қайдан келетінін 
түсіндіру шарт.
Мектептегі бейнелеу өнері, еңбекке баулу, техно-
логия пәндері оқушының өнер жолындағы талпыны-
сына, ізденісіне жол көрсетеді,өмірден әсемдікті таба 
білуге, көзбен көргенді есте сақтауға және қиялдану 
қабілетінің дамуына, шығармашылықпен жұмыс жасау 
жолына, қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға 
бейімдеп, кәсіптік бағдар береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет