93
«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің
тығырыққа тірелері анық» деп Елбасының халыққа
арнаған жолдауында атап көрсетілгендей, ұрпағы
білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға
аян. Әрбір мемлекет, әрбір ұлт өз өкілінің білімі
мен бойындағы ерекше қасиеттері, таланты мен
дарындылығы, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті
арқылы биіктерден көрініп, басқаларға қарағанда оқ
бойы озық тұратынымен бағаланады. Өз ұлтының
салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін
бойына ана сүтімен,
әке қанымен сіңірген әрбір
ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел
келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің
мерейі үстем болмақ.
Қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың
кейбір апаттарын, отты, кейбір жануарлар мен
құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды
киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының
өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі
қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сан-
дар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым-
тыйымдарымыздан, нақыл сөздерімізден, мақал-
мәтелдерімізден анық көруге болады.
Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде
пайда болған құбылыс.
КИЕЛЕ е т. - Кие санау, құрметтеу. Қазақ бала-
сы жылқы атауына «жарықтық» деген сөз қосып,
кейіптендіріп, к и е л е п отырған (Білім және еңбек,
1985, №10, 28).
КИЕЛЕУ - Киеле етістігінің қимыл атауы.
КИЕПЕ з а т. ж е р г. Сазай, жаза. Олар адыраңдаған
адай батырынан киер к и е п е с і н әп-сәтте-ақ киіп
шықты (Ә. Кекілбаев, Үркер, 105).
КИЕТЕК з а т. м и ф. - Ескі наным-сенім бойынша
халықтың
кие тұтатын, табы- натын нәрсесі; тотем.
Қазақ халқының наным-сенімі мен салт-дәстүрінде к и
е т е к деп санайтын үрдіс күні бүгінге дейін сақталған
(А. Сейдімбек, Қазақ әлемі, 218) [1].
Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен
байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін
біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру,
білімге құштарлықты оятады.
Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар
мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз
бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз.
«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару
керектігін үйретеді», - деп ойшыл, әрі ақын Гете
айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені о
бастан-ақ сезілген [2].
Киелі сандар бар кейбір фразеологизмдер мен мақал-
мәтелдердің қалыптасу және қолданылу ерекшелігіне
қысқаша тоқталмақпыз. Өйткені сан есім қатысқан
фразеологизмдер, жалпы сөз тіркестері қаншама
зерттеліп келе жатса да, оның қыры мен сыры түгел
ашылды деуге болмайды.
Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен
байланысты ерекше қолданысқа ие болған. Сандар
адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі,
көлем өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мы-
салы, бұрын бескүндік апта болса, бертін келе апта
жеті күннен тұратын болды.
Сан атаулары фразеологиялық единица жасауда көп
қолданылады, қазақ және ағылшын тілдеріндегі діни
наным-сенім, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге
байланысты
тұрақты тіркестер тіл байлығы болып саналады, со-
нымен бірге ерте замандардан бергі рухани өмірдің
байлығын, оның қыр-сырларын өз бойына жинап,
жан-жақты көрсетеді.
Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен
қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді.
Бұндай жағдай осы сандар аңыз-әңгімелерде,
жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа
дүниетанымға байланысты қолданылатын тұрақты
тіркестерде кездеседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың
тарихы да арыда жатқаны анық.
Фразеологизмдер мен мақал-мәтелдерде әртүрлі
сан есімдер (екі, төрт, бес, алты, сегіз, елу, жүз, мың
т.б.) қолданылады.
Бірнеше мысал келтірейік:
Ердің екі сөйлегені өлгені;
Жыланды үш кессе де кесірткелік әлі бар;
Үш нәрсе тұрақтамайды: бірі - саудаға түспеген мал
(дүние), екіншісі - таласқа түспеген ғалым, үшіншісі
- саясаты жоқ патша;
Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар;
Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады;
Бес аспап; бес арыз; бес саусақ бірдей емес;
Елу жылда ел жаңа,
Жүз жылда қазан т.б.
сан есім құрамында бар
тұрақты тіркестер тілде тұтас күйінде жұмсалады.
Сөйтіп халықтың дүниетанымында сандар өзінің
сандық, реттік, мөлшерлік мәнімен қатар қасиетті
(киелі, яғни сакральды) ұғымды білдіретін киелі сан-
дар да көптеп кездесетінін байқауға болады.
Киелі сандардың мағыналық-мәндік өрісі
қазақ халқының ұғым-түсініктеріне байланы-
сты қалыптасқанын тіліміздегі көптеген тұрақты
тіркестерден, атап айтқанда, фразеологизмдер мен
мақал-мәтелдерден көруге болады.
Тіл тілдегі киелі сандардың беретін мағыналарына
келсек, олар әралуан. Бір тілде киелі болып саналатын
сан, екінші бір тілде жағымсыз ұғым береді. Мәселен,
көпшілікке мәлім, 13 санын ағылшындар, немістер,
еврейлер қырсық әкелетін сан деп есептеп, 13 санды
үй, кинотеатрларда 13-ші қатар болмайды. Сондай-ақ
66 санын, әсіресе үш алты санын ібіліспен байланы-
стырады.
Ал енді мұсылман қауымы, оның ішінде қазақтар
жұма мен 13 санын ерекше құрметтейді. Жұма
– мұсылман қауымы үшін ежелден қасиетті күн.
Бірқатар мемлекеттерде осы күні жұрт жақсылап де-
малып, жуы¬нып-шайынып, таза киініп, мешіттерде
үл¬кен намазға қа¬тысады. Жұма намазына қа¬тысу
– үлкен сауап, міндет болып саналады. Ал 13 саны
адамның мүшел жасын, ат
жалын тартып мініп, аза-
мат болғанын білдіреді. «Он үште отау иесі» деген
хал¬қымыз ұлының қабырғасы қатайып, бұғанасы
бекіп, жү¬ген ұстайтын жасқа жет¬кенді¬гін
анықтайтын сан ре¬тінде ерекше бағалаған.
Қытайлар, 4 пен 7 санын жақсы көрмейді. 8 саны
қытайлар үшін жақсы сан болып саналады, өйткені
бұл санның дыбысталуы «байлық, баю» деген
94
мағынаға жуық дыбысталынады екен.
Көне заманнан бері «жеті» саны халқымыздың
ұғымында киелі сандардың бірі ретінде қалыптасып,
халқымыздың салт-дәстүрлері мен дүниетанымына
өзіндік, ерекше орын алып, әсерін тигізумен келе жа-
тыр.
Қазақ ұғымында жетінің киелі сипатқа ие екендігін
ерте байқаған және оның себебін түсіндіруге тырысқан
ғалымдар көптеп саналады. Олардың басым көпшілігі
қазақ ұғымындағы жетінің киелі мән алу себебін өзге
халықтар мәдениетінен іздейді, атап айтсақ, араб-пар-
сы мәдениетінің әсерінен деп қарау орын алған.
Қазақ тілінде «жеті» саны жақсы, қасиетті сан бо-
лып есептелетіндіктен, жеті санына қатысты көптеген
фразеологизм мен мақал-мәтелдер сияқты тұрақты
тіркестер қалыптасқан. Мысалы: жеті ата; жеті жұрт;
жеті жарғы; жеті қазына; жеті нан құдайы; жеті күн,
жеті түн; жеті қабат жер астында т.б.
Қазақ тіліндегі сандарға негізделген мақал-
мәтелдердің ішінде ең жиі кездесетіндері де жеті са-
нына негізделген мақал-мәтелдер.
Мәселен,
Қарғыс жеті атаға жетеді;
Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас;
Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім ал;
Жеті атасы би болған, жеті жұрттың қамын жер.
Би болмаған би болса, құлақ-миын шағып жер.
Үш санының киелі семантикасы да өте бай. Көптеген
әлем халықтарының дүниетанымында, салт-дәстүрі
мен наным-жорамалдарында үш
саны басты орынға
ие және киелі сан болып саналады.
Қазақ халқы ерте заманнан сан түрлі заттар мен
құбылыстарға баға беріп, олардың өздеріне ғана
тән қасиеттеріне, сондай-ақ келесі бір заттармен,
құбылыстармен ұқсас тұстарына, ерекшеліктеріне
ерекше көңіл бөліп, бақылау жасап баға беріп, ойға
тоқып, көңілге түйгендерін тілі арқылы сипаттап, су-
реттеп, сақтаған, киелі сандарға қатысты этникалық
білім қорындағы бейнелі пайымдаулар мақал-
мәтелдерде былайша көрініс береді:
Үшеудің бірі шарана, төртеудің бірі қаймана,
Үш тағанның бірі қисайса, қалғандары құлайды,
Үш нәрсе тұрақтамайды: Бірі – саудаға түспеген мал
(дүние), екіншісі – таласқа түспеген ғалым, үшіншісі –
саясаты жоқ патша,
Үш болмайтын екілік жоқ,
Түйе мінген адам үш бүктетіле алмайды,
Жаман мерген теке атқан жеріне үш барады,
Жыланды үш кессе де кесірткелік әлі бар т.б.
«Үш» санына қатысты тұрақты тіркестердің пайда
болуына дүниенің бір нүктеде кездесетін үш бағандық
тірек пен дүниедегі
құбылыстың тұрақтылығын
білдіру негіз болған. [3; 17].
Зерттеушілердің еңбектерінде қазақ тілінде «тоғыз»
санына қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің
жсалуына дүние тоғыз бөліктен құралады деген көне
заманнан келе жатқан наным-сенім, әдет-ғұрыптар
негіз болғандығы сөз болады. Мысалы:
Тоғыз айып тартты;
тоғыз саққа жүгіртті;
тоғыз құмалақ;
тоғыз тұрып, тоқсан толғанды;
тоғыз жолдың торабы;
тоғыз татар т.б.
Алтай текті халықтардан басқа арабтарда, парсылар-
да, қытайларда да тоғыз саны киелі болып саналады
[4; 135-137].
Келесі киелі болып саналатын сан – қырық саны.
«Қырық» – тіліміздегі көптеген тұрақты тіркестерге,
мақал-мәтелдерге ұйытқы болып тұратын, сонымен
бірге салт-дәстүрлерімізде мызғымыстай орын тепкен
киелі саналатын сандардың бірі:
Қырық жылға дейін бай мен кедей теңесер,
Тұзақтан қорыққан құс қырық жыл ағаш бұтағына
қонбайды,
Жақсы атаның аруағы қырық жыл сүйрейді,
Қырық жыл қырғын болса да, ажалы жоқ өлмейді,.
Тілімізде «қырық» саны ұйытқы болып келетін
көптеген мақал-мәтелдер молынан кездеседі.
Бұлардың қай-қайсысының астарында қырық саны-
мен кодқа түсірілген мифтік-танымдық және діни
сипаттағы сан-алуан ақпараттар орын алады.
Тілімізде қырық санымен көптеген тұрақты
тіркестерде қалыптасқан. Мысалы:
Қырықтың бірі қыдыр;
Қырық жыл жатқан
қылыштың қынабындай құны
жоқ;
қырық күн шілде;
қырқынан шықты;
қырық жеті (қалың мал);
қыз қырық жанды келеді;
қырықтың қылауынан т.б. Мысалдардан көріп
отырғанымыздай, «қырық» санының қатысуымен
әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге байланысты тіркестер
пайда болып, тілімізде сақталған. Олардың ауыз
әдебиеті арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткені белгілі.
Төрт санының қатысуымен жасалған Төрт аяғы тең
жорға, сүдігерге сүрінеді, Төрт түліктің төресі түйе
сияқты мақал-мәтелдер мал шаруашылығына байла-
нысты болса, Дұшпан көзі төртеу, Екі аяқтыда құрдас
тату, төрт аяқтыда бота тату деген мақал-мәтелдер
достық пен дұшпандыққа байланысты,
Өтірік екеу, шын төртеу,
Өтірік пен шынның арасы төрт елі, көзбен көрсең
шын, құлақпен естісең өтірік деп шындық пен өтірікке
қатысты айтылса, Төрт тұрманы түгел бай, тырнақтай
тарту алады, Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса
алдырар деп бірлік, ынтымаққа байланысты айтыла-
ды.
Қорыта айтсақ, зерттеу
барысында сан есімдердің
тұрақты тіркес жасаудағы деңгейлері бірдей емес екені
байқалды. Тұрақты тіркес құрамында сан атаулының
бәрі бірдей қолданылмайтындығы, жиі қолданылатын
сандар қатарына «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық»
сандарын жатқызуға болатындығы, мақал-мәтелдер
мен фразеологизм құрамында есептік сан есімдер жиі
қолданылатындығы анықталды.
Сан есімдер сандық мәнімен қатар басқа мағынада
қолданылуы арқылуы ерекшеленеді. Мұндай жағдай
көбінесе тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-
дастандарда, салт-дәстүрлерде кездеседі.
Көптеген зерттеушілердің есептеуінше, үш, жеті,
тоғыз, қырық сандары – киелі сандар болса, біздіңше,
киелі мәнді сан есімдерге он үш, елу, жиырма бес,