185
техникалық-технологиялық білім мен біліктітің
көлемін қамтиды);
- Сабақтың мақсаты ( білім,тәрбие мен даму
аспектілерін қамтитын міндеттердің кешенімен таны-
стырады);
- Материялдық-техникалық базасы(жабдықтар,сай
мандар,материалдар,көрнекі құралдар,технологиялық
карталар);
- Сабақтың құрылымы мен мазмұны оның мақсатына
сәйкес
белгіленеді, әрбір элементті орындауға
жұмсалатын уақытты шамамен анықтауға мүмкіндік
береді.
Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке, еңбек
тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде.Шығармашылық ой-
лау қабілеті кез келген адамда бар.Бұл әсіресе жас
өспірімдерге тән қасиет. Психолог мамандар адамның
бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала
кезінен қалыптастыру керек деп есептейді.Техноло-
гия пәні бойынша оқушыларға кең көлемде білім бере
отырып,олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге,белгілі
бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі.Қазір көптеген
мектептерде ірілі-ұсақты темір,ағаш өңдейтін станок-
тар бар.Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануды
үйрету керек.Еңбекті оқушылардың білімдеріне және
технология мен техника негіздеріне сүйене отырып
ұйымдастырады.Сол үшін мұғалім оқушылардың
физикадан,математикадан,сызудан,суреттен
алған
білімдерін пайдаланатынын ескереді.
Еңбекті ұйымдастырудағы мұғалімнің міндеті:
- еңбек обьектілерін таңдау;
- материалдық-техникалық базаны нығайту;
- санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын
сақтау;
- ұйымдастырудың тиімді түрлері мен әдістерін
анықтау;
- нәтижелерді бақылау,есепке алу;
- оқушылардың өзін-өзі басқару топтарын құру;
- көрмелер ұйымдастыру.
Оқушылардың өзін-өзі басқару тәжірбиесінде
жұмысты топ жетекшілері атқарады. Олардың қызметі-
топтың еңбек процесін ұйымдастыру ,сапаны
бақылау
,талдау.Мұнымен бірге олар еңбек нәтижелерін
бағалайды.Жұмыс барысы кезінде еңбек қауіпсіздігі
мен санитарлық ережелерді қатаң сақтау жөнінде та-
лаптар қойылады және олардың орындалуына ерекше
назарда ұстау керек.
Сондықтан :
- сабақ өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- өндірістік-санитарлық еңбек қауіпсіздігіне қатысты
ережелер мен нұсқамалар;
- талапқа сай аспаптармен жұмыс істеу.
Технология сабағы, оқушыларды еңбекке баулу
сабағы олардың жеке және жас ерекшеліктерін еске-
ре отырып жүргізіледі.Оқу материалының мазмұны
қазіргі заман талабына сай ғылыми-техникалық
жетістіктердің даму деңгейіне жақындатылған бо-
луы тиіс.Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы
тиіс.Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі
қолдану керек.Оқушылардың жүктемесін олардың
жас ерекшеліктерін ескере отырып берген дұрыс әрі
ол қарапайым болғаны дұрыс.
Еркін тақырыптағы сарамандық жұмысты орындау
кезінде оқушыларды қабілеттеріне байланысты үш
топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін
жақсы білетін,жаңа тапсырмаларды орындауға
қызығушылықпен кірісетін және алғашқы
қиындықтардың өзінде-ақ ешбір қысылмастан
мұғалімнен көмек сұрайтын оқушылар жатады.Бұл
топқа сурет салуға ,жалпы
өнерге бейімділігі бар
оқушылар жатады.
Екінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін
сенімсіз бағалайтын оқушылар жатады. Аздаған
қиындықтардың өзінде-ақ олар көмек сұраудан
қысылады және не істерін білместен жұмыстарын
тоқтатады.Мұндай оқушыларға көбірек көңіл
бөліп,оларға өз күштеріне деген сенімділік ояту ке-
рек. Олардың еңбегін бағалау кезінде тіпті ең шағын
жетістіктерін атап өтіп,жұмысқа деген құлшынысын
ояту керек. Оларға ауық-ауық көмекке келіп,олардың
жұмыстарының сәтті орындалып келе жатқандығын
айтып,көңілдерін көтеріп отыру керек.
Үшінші топқа, өз мүмкіндіктерін бағалай алмай-
тын оқушылар жатады.Олар өз мүмкіндіктерін асыра
бағалайды.Олар кез келген жұмысқа белсенді және
сеніммен кіріседі.
Алайда алғашқы қиындықтардың өзінде бұл
қиындықтардан қалай өтуге болатыны туралы ойлама-
стан тоқтайды. Мұғалімнен көмек сұрамастан,өздеріне
басқа жұмыс беруін өтінеді.Егер мұғалім басқа жұмыс
бермесе,жұмыс істеуін тоқтатады.Бұл жағдай жұмыс
істеп жатқан басқа оқушыға кесірін тигізуі мүмкін.
Сондықтан мұғалім оларға өздері сұраған жұмысты
беріп алғашқы қиындықтар кездескенде мұғалімді
шақырулары тиіс екендігін түсіндіреді.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың
үш тоқсан бойы алған білімдерінің және төртінші
тоқсанда орындаған шығармашылық жұмыстарының
нәтижелерін қорыту. Мұғалім оқушылардың бойына
еңбек сүйгіштік қасиетін
және еңбекке деген дұрыс
көзқарасын қалыптастырады. Мұғалім оқушыларды
еңбектенуге,алға қойған мақсатына қол жеткізуге
және өз еңбегінің нәтижелерін көре білуге үйретуі
тиіс. Мұғалім оқушыларды ептілікке,аспаптармен
жұмыс істей білуге,бірлесіп жасаған еңбекті бағалауға
үйретеді. Жұмыс кезінде бір-біріне көмектесу керетігін
түсіндіреді.
Технология сабағында оқушылардың эстетикалық
талғамдарын арттыру басты орын алады.Неге десеңіз,
әрбір жасалған бұйым сапасы жағымен қоса эстети-
касы жағынан да тартымды болуы тиіс. Мұғалімнің
басты міндеті-оқушыларды шығармашылық жұмысқа
дайындау және оларды қызықтыру. Оқушыларды тап-
сырмаларды орындауға дайындау үшін педагогикалық
ұйымдастыру, техникалық-экономикалық дайындық
пен психологиялық-педагогикалық талаптар сияқты
шарттар орындалуы тиіс.
Ұйымдастыру кезеңінде мұғалімге қойылатын та-
лаптар:
- еркін тақырып бойынша оқушылар таңдап алған
жұмыс процесін басқару;
- жұмыстың ұжымдык, топтық және жеке түрлерін
жолға қою, оқушыларды қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз
ету;
186
- жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық нор-
малар мен қауіпсіздікті сақтау;
- оқушылардың ой-өрісін үнемі кеңейтіп отыру.
Басты талап материалдық-техникалық базаны дай-
ындау болып табылады:
- еңбек құралдарын,өңделетін материал мен оның
технологиялық процесін оңтайлы таңдау;
-
оқушы еңбегін тиімді жабдықтау;
- жұмыс орнын тиімді жабдықтау;
- оқушы еңбегінің мазмұны.
Мұның бәрі жобалық оқытудың шығармашылық
элементтеріне жатады.
- еңбекті ұйымдастыру формаларын таңдау;
- еңбекке үйрету әдістері мен жолдары;
- оқушылар еңбегін ұйымдастыру.
Мұғалім сарамандық жұмысты оқу- әдістемелік
материалдардың көмегімен өткізуі тиіс.Бұл үшін ол
қосымша әдебиеттерді,бағдарламаларды пайдалануы
және әртүрлі ғылыми негіздер мен еңбеккеүйрету
бағдарламасы арасындағы өзара байланысты есепке
алу керек.
Ол үшін мыналар қажет:
- жаңа жарияланымдарды пайдалану;
- оқушыларды жас ерекшеліктері мен жалпы мектеп
шеберханасының жабдықталуын есепке алу;
- жұмысты алдын ала жоспарлау (еңбек құралдарын
таңдау,жұмыс уақытының және асаптар таңдаудың
нақты жоспарын жасау);
- еңбекке үйретудің басқа тәрбиелік іс-шаралармен
үйлесімділігін қамтамасыз ету.
Жалпы білім беретін саладағы технология пәнінің
бір міндеті - оқушылардың табиғатқа және табиғи
байлыққа күтіммен қарай білуі мен қатар оқу-еңбек
қызметінде белсенді экологиялық бағыт ұстануын
тәрбиелеу.
Осыған байланысты еңбек сабағындағы құс ұясының
және құстарға жем беретін аспалы жем салғыштарды
жасатудың үлкен тәрбиелік маңызы бар.
Оқушылардың еңбекке
баулудың жолы сан алу-
ан. Соның бірі-оқушыларға экономикалық тұрғыдан
білім беру.
Экономикалық білім берудің бастауы-үнем
мен ұқыптылық. Мектеппен қоса отбасында да
экономикалық білім беру баланы еңбекке саналы түрде
қарауға,еңбекті тиімді түрде ұйымдастыра білуге ,та-
быс пен пайданы анықтай алуға үйретеді.Оқушыларға
тапқан табысты кәдеге жаратуды,қоғамдық тұтыну
қорларын пайдалануды үйрету керек.Сондай-ақ
оқушыларға өмір сүру үшін табыстың қайдан келетінін
түсіндіру шарт.
Мектептегі бейнелеу өнері, еңбекке баулу, техно-
логия пәндері оқушының өнер жолындағы талпыны-
сына, ізденісіне жол көрсетеді,өмірден әсемдікті таба
білуге, көзбен көргенді есте сақтауға және қиялдану
қабілетінің дамуына, шығармашылықпен жұмыс жасау
жолына, қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайларға
бейімдеп, кәсіптік бағдар береді.
Достарыңызбен бөлісу: