255
1.Әңгіме – дебат
2.Кумулятивтік әңгіме
3. Зерттеушілік әңгіме
Олардың
бір-бірінен
айырмашылығы
мен
ұқсастықтары бар.
•Әңгіме- дебат
-Ой-пікірлерде алшақтық болады және әрқайсысы өз
шешімдерінде қалады
-Ресурстарды біріктіруге бағытталған талпыныс жа-
салады:
-Қарым-қатынас көбіне “иә, бұл солай”, “жоқ, олай
емес” бағытта жүреді.
-Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке
бағытталады.
•Кумулятивтік әңгіме
-Айтылған пікірлермен тыңдаушылардың мех.түрде
келісе береді
-Әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен,
өзгелер ұсынған идеяларды төзімділікпен тыңдайды
-
Идея қайталанады, айқындалады, бірақ мұқият
бағалана бермейді.
•Зерттеушілік әңгіме
- Әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады
- Әркімнің идеясы пайдалы, бағаланады
- Қатысушылар сұрақ қояды, айтқандарын
дәлелдейді
- Топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады
(олар келісімге келуі де келмеуі мүмкін, ең бастысы –
келісімге ұмтылу)
Жаңартылған білім бағдарламасы аясында диалогтің
оқытуды қолдану, әсіресе, орта мектепте қазақ тілі
мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың тілдік-
комуникативтік құзыреттеліктерін қалыптастыруда
маңызды
рөл
атқарады.
Диалогтік
оқыту
оқышулырадың тек тілін дамытып, сөйлеу мәнерін
қалыптастырып
қана қоймайды, сонымен қатар
тілдік тұлға ретінде бірқатар құзыреттіліктері мен
дағдыларын қалыптастарады. Оны төмендегі кестеден
көруге болады:
Диалогтік оқыту барысында мұғалім әдістемелік
және дидактикалық жағынан даяр болуы қажет.
Диалогтік оқыту үшін бейнероликтер, әңгімеден
үзінді, әр түрлі мәтіндер (ғылыми, әдеби, әлеуметтік)
қолдануға болады.
Ал диалогтік оқыту әдістеріне келер болсақ, топпен,
жұппен, макро ортамен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау
әдістері, дарынды балалармен жұмыс, интербелсенді
әдістер т.б. қолдануға болады.
Диалогтік оқыту оқушылардың сын тұрғысынан
оқыту, дарынды балалармен жұмыс, топтық жұмысты
ұйымдастыру сынды басқа да оқытудың заманауи
әдіс-тәсілдерімен үйлестіре қолданылатын ерекше
әдіс десе де болады. Себебі, диалогтік оқыту бары-
сында оқушылардың сыни ойлауын дамытуға, түрлі
тапсырмаларды орындау кезінде дарынды балаларды
тануға, топтық жұмыстарды
ұтымды ұйымдастыруға
ықпал етеді.
Оқушылар ақпаратты шағын бөліктерге бөліп, оның
құрылысын анықтау тапсырылады. Оқушылар түрлі
көзқарастарды талқылап, «неге?» деген сұраққа жа-
уап іздеп, мотивацияны, себептерді анықтап, алған
фактілер бойынша қорытынды жасауға бейімделеді.
Оқушылар мектепте оқып жатқан материал мен
шынайы өмір арасындағы байланысты көреді, бұл
дегеніңіз оқыту үрдісіне олардың көзқарасын өзгертуі
мүмкін.
Әсіресе, диалогты оқытуда қолданылатын әңгіме
- дебат, зерттеушілік әңгіме студенттердің ішкі по-
тенциалын ашып, ғылыми ізденістерін арттыруға
мүмкіндік береді. Диалогтік оқытуда сұрақ қою
маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі
сұрақ дұрыс қойылған
жағдайда ғана студент
ауқымды, сыни ойлай алады. Сондықтан сұрақ қою
кезінде оқытушы студенттің жаттанды жауап бермей,
ойланып, өз ойын нақты деректер келтіре отырып жау-
ап беруіне мүмкіндік жасауы керек.
Оқушының тақырыпты түсінуіне қол жеткізу
үшін оқытушы қолданылатын сұрақтардың екі түрі:
«төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар
кең қолданылады деген пікір бар. Төменгі дәрежелі
сұрақтар арқылы студенттердің материалмен та-
ныс екенін ғана аңғарсақ, жоғары дәрежелі сұрақтар
қойылғанда, студенттер ақпаратты белгілі бір жол-
дармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік
көзқарастарын білдіріп,
бағалауға және талдауға
үйренеді. Дилогты оқытуда сұрақ қою маңызды
дағдылардың бірі болып саналады. Сабақ барысында
сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана сабақ танымның
тиімді құралына айналады және де студенттің ізденуіне
қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін
жақсартады, білім, ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейте
түседі. Жоғары дәрежелі сұрақтар арқылы студент-
тер ақпаратты белгілі дәрежеде қолдануды, қайта
ұйымдастыруды, дамытуды, бағалауды, талдауды
меңгеретіні белгілі [3,97]
Диалогтік оқыту кезінде көптеген ойын әдістерін
қолдануға болады. Атап айтар болсақ:
тте орналастырып, арандататын сұрақты
талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға
жазуға 10 минут беріңіз.
Уақыт аяқталғанда топ
басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын
жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып
тұрады, әр топ барлық позицияларда болып шыққанға
және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға
дейін жалғаса береді.
«Аквариум әдісі» - балаларға мәселені «қоғам
алдында» талқылауға ұсынғандағы диалог форма-
сы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті
жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды.
Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін.
Қалған барлық оқушылар көрермен рөлін атқарады.
Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.
Барлық сынып алда өз пікірін білдіргені
болмаса, ыстық орындық сияқты. Олар алтын балыққа
арналған аквариумда, басқалары оларға сұрақ қойып
түсініктемелер сұрай алады және т.б.
Ақындар мен жазушылар - топтағы оқушылар 3-4
минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын
жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші
айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап
отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп
қалса, солар жеңімпаз.
256
Алдын-ала берілген атаулар - мұғалім сабақ басын-
да жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (тер-
миндер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың
мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен бай-
ланысы туралы ойлануын сұрайды.
Бұл жұмысты
оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде
ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы
ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының
ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады. Ол
үшін алдын-ала берілген атаулардың ішіне сабақ
тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға бо-
лады. Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез,
жасуша, хлорофилл, терезе» сөздерін келтіруге бо-
лады. Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ
тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар
олардың өзара қатысы мен байланысы туралы өз ойла-
рын келтіруі керек.
Ара ұясы - мұғалім жұптағы оқушыларға не
білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан
дайындауын тапсырады.Содан кейін әрбір жұп
кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім
немесе басқа оқушылар береді. Сонымен берілген
осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері
қорытындыланылады, өңделеді [4, 67]
Достарыңызбен бөлісу: