1 Қазақстан тарихы курсының пәні мақсаты мен міндеттері. «Қазақстан тарихы»



бет3/16
Дата04.11.2016
өлшемі2,92 Mb.
#267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.Моңғол тайпалары әлеуметтік–экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.

ХІІ–ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процессі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.



Бар билікті өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделеріненшығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу.

Шыңғыс - хан шапқыншылығы. Моңғолдардыңалғашқыжаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы ЖошыЕнисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да «орман»халықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкілиелігіненіс жүзінде айырылды.

17 )Қазақстандағы  ислам

Қазақстанның  тарихы мен  мәдениеті  жүздеген жылдар бойы исламмен байланысты. Орталық  Азия аймағына мұсылмандық идеяларының келуі VII-VIII ғасырлардан басталады. Бірінші араб миссионерлері сонау VII ғасырдан бастап аймағымызға келе бастаған. Ислам жеңісінің соңы VIII ғасырда болды. 751 жылы Тараздың  жанындағы Атлах қаласында араб армиясы  қытай әскерлерін жеңіп, қытай әскерлері Жетісуді тастап қашқан. Осы жеңістен кейін  бүкіл Орталық Азияда исламның бекуі мен мұсылман мәдениетінің күшеюі басталды.Қазіргі Қазақстан аумағында исламның дамуы бірнеше жүз жылдарға дейін созылды. Жаңа дін бірінші оңтүстік аудандарда дамыды. Х ғасырда ислам Жетісу мен Сырдария өңірлерінде кең тарады. Алдымен Х ғасырда мұсылмандықты қабылдаған Қарахандықтар әулетінен Сатық, ал оның баласы Боғра  хан  Харун Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.Аймақтың исламдануы  басқа да діндердің болуына қарамастан бейбіт мақсатта жүрді. Ұлы Жібек жолы көптеген дін үйретушілердің даңқты жолы болды, оларға христиандықты, буддизмді, зороастризмді жатқызуға болады. Алқаптағы түркі жұртшылығына кең тараған теңгірлікті де айтуға болады. Жұртшылық  арасында исламның таралуы ешқандай қанаушылықсыз-ақ таратылып жатты.
Ислам мәдениеттің дамуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл дінге бейімделу Таяу және Орта Шығыс елдерімен рухани, ғылыми, мәдени байланысуға септігін тигізді. Әртүрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы білім мен өнер саласының өркендеп, мұсылмандықтың  Ренессанс дәуіріне негіз салды. Жалпы, IХ-ХII ғасырлардағы  араб-ислам әлеміндегі мәдениеттің дамуын осылай атайды

18  )Ұлы Жібек жолы VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің  тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
   Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның  оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда  төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет  қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар». 
     VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі  болғаны туралы жазба деректер аз емес.  Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде  арабтар Фадл-Ибн Сахлдың  басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар  қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған

19) Моңғолдардың Қазақстан территориясын жаулап алуы . Ұлыстардың құрылуы Шынғыс-хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды. Моңғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Жетісуді Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз – ақ басып алды. Моңғолдарға қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моң ғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс-хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгідей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Моңғолдар жаулап алуының зардаптары.Шыңғыс-хан әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшін өзінің зардабы жағынан ең ауыр апат болды, ол көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси әлеуметтік, этникалық дамуын ұзақ уақыт тоқыратты. Орасан зор регионның экономикасы құлдырап кетті.

Моңғолдардың жаулап алуы салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырылды, өркендеп тұрған қалалар жер бетінен ғайып болып, материалдық және мәдени қазыналар жойылып кетті, ондаған мың тамаша шеберлер мен қолөнершілер құлдыққа айналды. Жаулап алған елдерде індеттер таралып, жаппай жоқшылық басталды. Араб тарихшысы Ибн әл – Асыр моңғолдардың жаулап алуы туралы «бұл күн мен түн болып көрмеген, жаратылғанның бәрін жайлаған Орасан кесапат болды... жылнамаларда бұл секілді апаттың болғаны айтылмаған,» - деп жазды.



20) Алтын Орда (1236 – 1242 жж.). Жеті жылдық жорықтан орналған кейін Батый орталығы төменгі Еділде орналасқан 1242 жылы (1243 ж.) тарихи әдебиетте Алтын Орда деген атқа ие болған зор мемлекет құрды. Алтын Орданың астанасы Сарай – Бату (қазіргі Астрахань маңында) болды, кейінірек астанасы Сарай – Беркеге көшірілді.«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес бір жағдайда Алтын Орда деп Батый мен оның Мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Еділ бойы мен Солтүстік Кавказды айтқан, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы айтылады.Батый (1227 – 1255-56 жж.) зор беделге ие болды және моңғол империясын өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен (1251-1259 жж.) бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге оның көптеген ұлдарына ыдырады.Батый хан Шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242 жж.) жорығынан кейін Арал теңізінің Шығыс Солтүстігі жағындағы жерлерді ағасы Орда – Еженге берді. Бұл Ақ Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк Орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт ру ел: қосшы, найман, бұйрат, қарлық тайпалары еді («Әл-Омари «Алтын Орда тарихына қатысты материалдар жинағы», 1т., 235 бет.)Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, гректер, ежелгі хазарлар мен алан ұрпақтары, хорезмдіктер тұрды. Далалық өңірді негізінен мал шаруашылығымен айналысқан түркі тілдес қыпшақ, қаңлы, найман, қоңырат, керей, т.б. тайпалар мекендеді. Дешті – Қыпшақ төңірегі мен Еділ бойында қоңыс аударған моңғолдар аз болған жоқ. Олар жергілікті түркі тілдес халықтармен сіңісіп кетті.Алтын Орда өзін билеген хандары: Батый 1242 – 1256 (1259) жж., Берке 1257-1266 жж., Мөңке-Темір 1266-1280 жж., Туда Мөңке 1280-1287 жж., Төле Бұқа 1287-1291 жж., Тоқты 1291-1312 жж., Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек 1342-1357 жж. тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Батый моңғолдарға ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастаған Алтын Орда хандары өздерін тәуелсіз деп есептеді.Берке хан тұсында Алтын Ордаға ене бастаған ислам діні кейін Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды.Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет болды, ол берік мемлекеттік бірлестік болмады. Оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі –сыртқы қатынастар асқына түсті. 1342-1357 жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін мүлдем әлсіретті. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алады.

Қорытып айтқанда, езілген халықтардың моңғолдарға қарсы үздіксіз күресі, Алтын Ордаға қараған елдердің ішкі экономикалық байланысының болмауы, олардың арасындағы қайшылықтар мен феодалдық тартыстар, хан тағына таласқан күрестер, сыртқы соғыстар салдарынан, Алтын Орда мемлекеті бірте–бірте ыдырап, ақырында құлады.

1235 жы­лы Моңғол им­пе­ри­ясы­ның ас­та­насы Қарақорым­да болған құрыл­тай­ды Ба­тысқа (Еуро­паға) шапқын­шы­лық жо­рық жа­сау ұйғарыл­ды. Бұл жо­рық 1236 жы­лы бас­та­лады. Шыңғыс хан­ның не­мересі, Жо­шы хан­ның ба­ласы Ба­тый басқарған әскер Еділ мен Жайықтан өтіп, Орыс, Ук­ра­ина жер­лерін бағын­ды­рып, Шығыс Еуро­па ел­дерін талқан­дап, Ад­ри­ат теңізіне дейін же­теді. Осы­дан кейін Еділ бойын­да Ба­тый Ал­тын Ор­да мем­ле­кетін құра­ды. Ал­тын Ор­даға Ертістен Днестірге дейінгі жер­лер кіреді. Орыс княз­да­ры Ал­тын Ор­да билігін мойын­дай­ды. Ал­тын Ор­да­ның ас­та­насы Са­рай-Ба­ту, ал кейінірек Са­рай-Бер­ке қала­сы бо­лады. Қоғам­дық-са­яси жағдайы. Ал­тын Ор­да әске­ри мем­ле­кет бол­ды. Ұлан-ғайыр өлке­де ор­на­ласқан мем­ле­кет халқының ба­сым бөлігі түркі тілдес қып­шақтар бол­ды. Мем­ле­кеттің бас­ты са­яси-мәде­ни тілі қып­шақ тілі бол­ды. Құрыл­тай мем­ле­кеттің негізгі ұйымы бо­лып са­нал­ды. Ал­тын Ор­да әскер­лері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мем­ле­кет ба­сын­дағы но­ян­дар мен бек­тердің, басқақтар мен тамғашы­лар­дың қолын­да билік көп бол­ды. Көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы мен оты­рықшы егін ша­ру­ашы­лығы Ал­тын Ор­да ха­лықта­рының бас­ты ша­ру­ашы­лығы бол­ды. Ал­тын Ор­да ха­лықта­ры — мұсыл­мандар. Ал­тын Ор­да мем­ле­кетінің алғашқыда көне ұйғыр жа­зуы негізгі жа­зу бо­лып қалып­тасса, кейіннен ис­лам діні ықпа­лының күшеюіне бай­ла­ныс­ты араб жа­зуы да қатар қол­да­ныла­ды. Ал­тын Ор­да дәуірі ор­тағасыр­лық түрік әде­би­етінің да­мыған ке­зеңі бол­ды. Бұл ке­зеңдегі әде­би шығар­ма­лар: 1233 жы­лы «Қис­са Жүсіп» (Әли), 1303 жы­лы «Ко­декс-Ку­мани­кус», 1303 жы­лы «Қып­шақ тілі сөздігі», 1359 жы­лы «Ма­хаб­батна­ма» (Ах­мет Хо­рез­ми дас­та­ны), 1391 жы­лы «Гүлстан бит-түрки» (қып­шақ ақыны Са­раи), 1409 жы­лы «Жүсіп-Зы­лиқа» (Дүрбек ақын). Осы дәуірде «Қырық ба­тыр» жы­ры дүни­еге ке­леді. Бұл ту­ын­ды­да қырық қып­шақ ба­тыр­ла­рының ерлігі ту­ралы ба­ян­да­лады.

Ал­тын Ор­да­ның ыды­ра­уы. Ыды­рау се­беп­тері:Эт­ни­калық құра­мы әр түрлі ха­лықтар бір мем­ле­кет­те тұра ал­ма­ды; Ша­ру­ашы­лығының өркен­деуі на­шар бол­ды; Билік үшін та­лас күшейді; Езілген ха­лықтың азат­тық күресі күшейді. Ал­тын Ор­да­ның тәуелсіз иеліктер­ге бөлінген кезі – XIV ғасыр­дың екінші жар­ты­сы. Ақ Ор­да, Хо­резм, Еділ бұлғар­ла­ры т. б. Дер­бес мем­ле­кет­тер пай­да бол­ды. Бұлар­дың бар­лығы бұрын Ал­тын Ор­да­ның құра­мын­да, кейіннен Ал­тын Ор­да­ның қазақстан­дық бөлігінде Ақ Ор­да, Моғолс­тан, Әбілқайыр хан­дығы, Ноғай Ор­да­сы сияқты мем­ле­кет­тер билік жүргізген. Алтын Орда көп ұлтты мемлекет. Оның құрамына бір-бірінен коғамдық-экономикалык даму деңгейі жағынан айырмашылығы бар, өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрлері сақталған көптеген ұлттар мен халықтар кірді. Көшпелілер негізінен түркі халықтары — ен көбі кыпшактар, сондай-ақ қаңлылар, наймандар және т. б. болды. Отырыкшылардан бұлғарлар, мордвалар, орыстар, черкестер, хорезмдіктер, т. б. кірді. Мұнда монголдар азшылык болды. XIII ғ. аяғы мен XIV ғасырда монғолдар толығымен түркілсніп, Алтын Орданын халқы «татарлар» деген атау алды.



21) XIII ғасырдың ортасында Моғолстан мен Ақ Орда мемлекеті

Ақ орда

Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде 13 – 15 ғ басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда мемлекет Алтын Орданың құрамында болды. Ақ Орданың негізін қалаушы Орда Ежен (Жошы ханның үлкен баласы). 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғарғы сатысына жетті. Ақ Орданың территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солт. шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Ірі қалалары: Сығанақ, Йассы, Сауран, Жаркент. Астанасы Сығанақ. Халқы өзбек қазақ. Алғашқы ханы: Сасы Бұға ( 1309- 1315). Мұрагері Ерзен хан. 1315 – 1320 жж қала өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды, ислам дінін нығайтып, мешіт медреселер ашты. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIVғ. Екінші ширегінде Ерзен мен Мүбәрәкқожа тұсында басталды.

Мүбәрәкқожа хан (1320-1344) Алтын Ордаға бағынбай, дербес саясат жүргізуді ойлады.

1354-1364 жылдар аралығы билік үшін тартыста он екі хан қаза тапты.Орыс ханның (1364-1375) кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ол 14 ғ 70 ж Астраханьды,(Қажы – Тарханды), 1374 – 1375 жж Сарай – Беркені алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Ақ Ордаға Мәуреннахр билеушісі Әмір Темір қауіп төндірді. Орыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісінің баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жіберді. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір Мәлікті жеңіп, Ақ Орда билеушісі болады. XІVғ. 80жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады. 1395 ж. Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Сарай Беркені қиратты. 14ғ. аяғы 15ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. 1423-1428 жылдар Ақ Орда Орыс ханның немересі Барақ билік етті.

1428 ж. билікке Шайбан ұрпағы Әбілхайыр хан келді.
Моғолстан

ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғасырдың ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстанның негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы.Билеушісі – Тоғылық Темір хан(1348-1362жж). Астанасы- Алмалық(Іле алқабында). Территориясы- Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-рашиди” еңбнгінде жазған:”Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс – Көкше теңіз – Түркістан- Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы”.Орталық аймағы- Жетісу. Моғолстан атауы монгол сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монголдардыосылай атаган. Халқы: дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар- ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь- Шань атегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпалар қырғыз және ұйғыр халықтарын құрады. Билеуші титулы-хан.Дулат тайпасы әмірлерінен ұлысбектер (ханның көмекшілері) тағайындалды.Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты.Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленді.Салықтың бірнеше түрі жиналды.Әскери, көліктік, еңбек ету, байланыс міндеткерліктері болды. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігн нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Соғыс жорықтары:1361 жыл- Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына Моғолстанның билеушісі болды(1362-1365).1365 жыл- Ілияс Қожа Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Сырдария бойында, Ташкент түбінде Темір әскерін жеңеді. Бірақ Самарқанды ала алмай, кейін шегінеді. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: - Дулат әмірі Камар-ад-дин- Жетісуды;- Енге төре – Іле мен Тарбағатайды биледі.

Осыны пайдаланған Әмір Темір Моғолстан мен Ақ Ордаға шабуылдап, оған қарсы екі хандық одақ құрды.Қыдыр қожа хан (1385-1399 жж) Темірді жеңе алмай, өзін оның вассалы деп мойындайды.Мұхаммед хан(1408-1418 жж) Темір Ықпалынан құтылып, Шу-Талас бойын қайтарып алды. ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі.Уайс хан(1418-1429) астананы Ілебалық қаласына көшіріп, ойраттарға батыл қарсылық көрсетті. Оның мүрагерлері арасында талас басталды.Есен-Бұға(Уайстың баласы) хан ХҮ ғасырдың 30 жылдарының ортасында өкімет билігін иеленді(1429-1462)ХҮ ғ. 50ж аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған халық көшіп келді.Моғолстан ханы Есен-Бұға оларға жер берді. Есен-Бұғаның мақсаты:қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану;қарсыласы Әбілхайыр мен Жүніске (інісіне) қарсы қою.Моғолстанның ыдырауының себептері:Феодалдық өзара қырқыстарАқсүйектердің елді үлестік жерге бөлшектеуі Халық наразылығының жиілеуі және қазақ хандығына барып қосылуы.ХҮІ ғ басында Моғолстан хандығы жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты.Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақтың Ұлы жүзін қалыптастырды.Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың жеке халық болып қалыптасу барысына негіз болды.

22 )Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жорықтары. Моғол хандығын осындай саяси бытыраңқылық жайлап жатқанда Мауараннахрдағы билікті өз қолына алып, күшейген Әмір Темір енді Моғолстанды жаулауға кіріседі.    XVI ғасырдың аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375*1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады.

Әмір Темір Моғолстанға 1380-1390 жылдары да бірнеше рет жорық жасаған. Бұл жолғы жорықтың жойқындығы соншалықты, Әмір Темір өзінің балаларының қолындағы әскерлермен қосқанда 120 мың адаммен атанған.

    Әмір Темір 1371-1372 жылдары Моғолстанға әскер аттандырады. Олар Моғолстанның шығыстағфы қалаларының бірі Алмалықтың жанына дейін жетіп, керейіттері талқандап, қайтып оралады. Нақ осы жылы Темірдің өзі де Моғолстанның жері Ыстықкөл өңіріндегі Сегізағашқа дейін барлаушылық жорық жасап, көптеген тұтқын алып, қыруар олжа түсіріп қайтады. Бұл жорық моғол жерінің ішкі аудандарына келешекте жасалатын жорықтардың бағдарламасы болған еді.

    Әмір Темір Моғолстанға 1371 жылдан 1390 жылға дейін он шақты орет жорық жасаған. Оның алғашқылары 1371-1377 жылдары Сайрам, Талас арқылы жүрген. Жетісудің ішкі аудандарына өтіп, Іле өзеніне дейін жеткен. Әмір Темір 1376 жылы көктемде моғолстанның атақты колбасшысы Қамар ад-динді талқандау үшін 30 мың адамдық әскер аттандырады. Оны кыпшақ әмір Сасы-Бұға басқарған. Алайда Сасы-Бұға басқа әмірлермен астыртып келіседі де, Әмір Темірдің Хорезмге кеткенін пайдаланып, оған қарсы бүлік шығарады. Сасы-Бұға Ақ Орданың ханы Ұрұс пен Моғолстанның билеушісі Қамар ад-диннен көмек сұрайды. Бұл хабарды естіген Әмір Темір Мауараннахрға тез оралып, Қамар ад-динді Атбасы маңында (Қырғыз жері) қуып жетіп, талқандайды. Бұдан кейін де моғол әмірінің темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпаған. Ол 1377 жылы қаратау етегінде және Ыстықкөлге баратын жолдағы Бұғым шатқалында екі рет Әмір темір әскерлерінен күйрей жеңілген.

       Моғолстанның ыдырау кезеңі. Моғолстанның Сонымен, Әмір Темір шабуылдары әбден титығына жеткен Моғол хандығы мүлде әлсірейді. Хандық бірнеше иеліктерге бөлініп, саяси жағынан бөлшектенеді. Қызыр-Қожа хан Темірге өзінің тәуелділігін мойындайды. Моғолстан Әмір Темір қаза болғаннан кейін (1405 жылы) ғана Қызыр-Қожаның мұрагері Мұхаммед ханның кезінде (1408-1416) тәуелсіздікке қол жеткізе бастайды. Моғол ханы Темір өлгеннен кейін оның әулетінің ішіндегі талас-тартысты пайдаланып қалады. Мұхаммед хан Темірдің немерелері Ахмед мырза мен Ұлықбектің арасындағы Ферғана үшін таласта ол өзінің әскер күшімен ахмед мырзаға көмектесіп, жеңіске жеткен еді.

23 )Әбілхайыр хандығы мен Ноғай ордасы п.б. тарихы


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет