1. Балалар әдебитенің қалыптасуы мен даму жолдарын жазыңыз



бет19/24
Дата20.07.2023
өлшемі180,21 Kb.
#179526
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
бал адеб сессия (копия)

«Көксерек», жазушының повесі. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма. Автор шағын көлемге мол мағына сыйдырған. Бейнелеп отырған болмыстың қырсырын бажайлай таныған суреткер зады ежіктеуден, тамшы арқылы көл суретін, тас арқылы тау кескінін елестетуді эстетикалық мұрат тұтқан. Бұл образ табиғатына сандық белгіден гөрі сапалық ерекшелік хас екендігін айқындап, әсемдіктің гармонияға, симметрияға, тұтастыққа кіндіктестігін тағы да тиянақтай түседі. Повесть шағын-шағын сегіз тармаққа бөлінген. Бұлар дөңгеленіп, аяқталған сом сурет, өз алдына жеке картина іспетті, әрқайсысында әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдері қолданылған. Адам — бөлтірік — орта. Бұл үшеуін автор диапектикалық байланыста бейнелеу үшін, қажетіне қарай баяндау әдісін құбылтып, өзгертіп отырады. Кісі қолында өскен қасқыр күшігінің қалыптасуында қоршаған орта ықпалы бірінші қатарға шығарылады.

Бұл хайуанаттар туралы шығармаларда әжептәуір тиянақталған мотивті Әуезов қазақ топырағына, көшпелі сахара шындығына сәйкес әуенде шертеді. Бөлтіріктің өсуін бейнелегенде, автор натуралистік, зоологиялық өзгерістерді жіпке тізіп жатпай, мінез ерекшеліктеріне, сыртқы ықпал әсерінен болған жәйттерге назар аударады. Көксеректің үлкен иттерден, қатын-қалаштан көрген жәбір-жаласы ішіне шемен болып қатып, жалғыз Құрмаш қамқорлығы жүректегі мұзды жібіте алмаған. Повесть сюжеті Құрмаш өлімімен тиянақталып тұр. Шығарманы осымен бітіруге болатын еді, бірақ өйткен күнде, жазушы позициясы, авторлық мұрат көмескі тартып кетері сөзсіз. Зұлымдыққа, озбырлыққа қарсы тұрар, оны жеңер күш бар деген сарынды Әуезов әдіптей түседі. Рас, Аққасқырдың әрекет, кимылы көзге елестердей жанды кейіпте емес. Сырт пошымы да жақсы есте қалмайды. Мұның есесіне соңғы бөлімде Көксерек ізіне түсуі әсерлі баяндалған. Талай иттің мойнын бұрап, мал атаулыға қырғидай тиген Көксерек әлі де осал еместігін көрсетеді. «Ауылға әкелгенде Құрмаштың әжесі боздап келіп: — Қуарған-ай, неңді алып ем?.. Не жазып едім? Бауырына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным? — деп елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа тепті». Ана кесімі — Көксеректі басқа тебуі. Жазушының гуманистік идеалын да осы орайдан іздеуіміз керек. Адам қолында өскен, бірақ адамға қиянат еткен, оның ет-бауырын езіп, жара сапған көкжал сол адам қолынан өлім тапты. Образды ой символдық ойға, әуенді сарын үлкен идеяға ұласып, сахара топырағындағы шындықты қанық бояу, айқын колоритпен бейнелеген «Көксерек» бір әдебиет шеңберінен биіктеп көтеріліп, әлемдік жауһарлар қатарына қосылған. «Көксерек» тұңғыш рет «Жаңа әдебиет» журналында жарияланды (1929, №2-3). Әуезовтің «Қараш-Қараш» (1960), «Қилы заман» кітаптарында, 12, 20 томдық шығармалар жинақтарында шықты. Бірнеше рет жеке басылды, А. Пантиелев аудармасымен «Новый мир» (1960, №9) журналында жарық көрді. Көптеген шетел тіддеріне аударылды. 1977 ж. қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жеке кітап болып шықты. Шығарма бойынша «Көксерек» фильмі түсірілді, қазақ, неміс, орыс тілдерінде спектакльдер қойылды.
37.С.Көбеевтің ұстаздық қызметі мен әдеби мұрасы
1 қазанда қазіргі Қостанай облысы, Мендіқара ауданы, Ақсуат ауылында туған. Ы.Алтынсарин ұйымдастыран Қарағайлыкөл ауыл мектебінде (1892-1895) , Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте (1895-1897), педкурста (1898-1901) оқыған. Бүкіл өмірін ауыл мектебінде ұстаздық етуге арнаған.Оқу, тәрбие салаларныдағы ісіне орыс әдебиеті шығармаларының тәлімдік жағын пайдаланыды.
Спандияр Көбеевтің Крыловтан аударған «Үлгілі тәржіме» жинағында басылған мысал өлеңдері мыналар еді: «Күйеу таңдаған сұлу қыз» , «Өтірікші» , « Аң ауласқан қоян», «Емен мен тал шыбық» , «Шал мен өлім» , «Қасқыр мен тырна» , « Маймыл мен тырна» , «Қасқыр мен мысық» , «Шымшық пен көгершін», « Маймыл мен көзілдірік» , «Аққу, шортан һәм шаян» , «Көл бақа мен өгіз» , « Қарға мен түлкі» , « Аңға шыққан арыстан» , «Маймылдар» , «Аю мен мүсәпір шал» , «Қасқыр мен қазы» , « Құмырсқа мен шегертке» , « Түлкі мен жүзім жемісі» , « Екі көгершін» , « Әтеш пен меруерт тас» , «Арыстан мен сары масалар» , « Арыстан мен кісі» , « Есек пен сандуғаш» , « Ағаштың тамырлары мен жапырақтары» , « Пәлеге ұшыраған қарашекпен» , « Қасқыр мен кісі», «Арыстан мен тышқан» , « Екі төбет» , « Ұқыпты достар» , «Хакім тілеген көлбақалар», «Көлбақалар» , « Қомағай ит» , « Етікші мен бір бай кісі» , тағы басқалар.
И. Крылов өзінің мысалдарын нағыз орыс тілінің көркемдік байлығын сұрыптап пайдаланып , аса шеберлікпен көркем етіп жазды. И. Крылов мысалдарын Спандияр да қазақ тіліне өлеңмен аударды.
Спандияр Крылов мысалдарын ақындығы ұстап , ақындық өнер , өлеңнің үлгісін көрсетейін деген мақсатпен аударған жоқ . Бұл шығармалардағы ой мен идея жазушының бойын да , ойын да билеп , аудармасқа амалы болмағандықтан аударды: халыққа орыс әдебиетінің үлгілерін насихаттау , олар арқылы қазақ оқушыларына игі ой салу мақсатыменаударды. Мысал өлеңдерінде И . А. Крылов аңдар, құстар , өсімдіктер жайын кеңес етеді. Сырттай қарағанда оның мысалдары май ғана аңдар , құстар , өсімдіктер жөніндегі жеңіл күлдіргі ертек , әңгіме сияқты көрінеді. Ал, анықтап , мағынасына үңілсек , Крыловтан мысалдары адам жөніндегі , адам қоғамы жөніндегі күлдіргі , өткір сықақ болып шығады. Мысалы , Крылов « Бүркіт пен көр тышқан» деген өлеңінде патша мен бұқараны мысал етеді. Патшаға уәзірлеріңді тыңдама, бұқара халықтың үнін тыңда дейді. « Аққу шортан һәм шаян» деген мысалында патшаның мына түрлерін әжуа етеді .
С.Көбеев өзінің « Үлгілі бала» деген оқу кітабын Л.Н. Толстойдың «Новая азбука» , « Русская книга для чтения» , К. Д. Ушинскийдің « Детский мир» , Ы. Алтынсариннің « Мактубат» , « Қырғыз хрестоматиясы» деген кітаптарында үлгілі бойынша жасады: негізгі материалдарды солардан алды . « Мектепте һәм үйде оқу үшін әр тілдердегі тәуір оқу кітаптарынан алынып, қазақша жазылды» -деп жазды автордың өзі кітаптың басында .
Кітап балаларға мектеп , оқытушы, балалардың өздері, адам тіршілігі , адам баласы қоғамның тұрмысы жөнінде түсінік беретін қысқа әңгіме, өлеңдерден басталады.
Кітаптың бұдан кейінгі бөлімдері көбінше табиғат және оның құбылыстары , балалардың ұғымына лайықты , қызықты қысқа әңгімелер ертек- аңыздар , мысал өлеңдер. Мысалы, « Қайырымды бал» , « Біздің көрші» , « Ит пен қайыршы» , «Түскі тамақ пен кешкі тамақ» , « Анасы мен немересі» , « Әкесі мен баласы» , «Құстың ұясы» , «Өрмекші мен құрт» , « Сауысқан мен қарға» , «Құмырсқа мен көгершін» . Үй хайанаттары , «ар» , « Есек» , «Сиыр» , « Екі шыбын» , « Түйе» , « Қойлар» , « Кесірткелер» .
«Қалың мал» романы (1913)- қазақ әдебиетіндегі прозалық шығармаларының алғашқы үлгілерінің бірі. Жазушы –педогог ұстаздық қызметін жалғастыра отырып, Түбек, Бурабай, Ақсуат мектептерін ұйымдастыруға белсене қатысты. Өз өмірі мен ұстаздық, жазушылық жолы оның “Орындалмаған арман” атты мемуарлық кітабында баяндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет