Ф.Достоевскийдің Шоқанға жазған хатынан.
1... Досым, аяулы Шоқан, сізге жұмбақтап кеттім бе? Оны шешем деп әуре болмай-ақ қойыңыз. Бірақ маған табыс тілеңіз! Бәлкім, таяу күндерде бәрін менің өзімнен-ақ біле жатарсыз. Мүмкіндігінше бізге тезірек келіңіз. Ал сәуірде міндетті түрде жететін болыңыз! Баяғы беттен қайтпаңыз! Сізді керемет көргім келелі. Сіз Омбыда көңілсіз деп жазыпсыз. Енді ше! Сіз қызметімді не істесем екен деп кеңес сұрапсыз. Меніңше, істі доғармаңыз. Сізде материал көп: дала туралы мақала жазыңыз. Оны бастырады. Есіңізде ме, біз ол туралы айтып едік қой! Ең дұрысы, өзіңіздің бұрынғы далалық тұрмыс туралы жазбаларыңыздай дүниелер жазсаңыз тамаша болар еді. Бұл әркімді елең еткізетін жаңалық болар еді.
Сізге Омбыда да, Петерборда да жұрттың назары ауды. Сіздің қолыңыздағы материалдар Географиялық қоғамды да қызықтырар еді. Егер алдағы жазда далада болуды ұйғарсаңыз, көп күтіп қалуға тура келетін шығар. Алайда алдағы жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап Ресейге бір жылдық демалысқа сұрансаңыз жөн болар еді. Бір жылдай сонда болсаңыз, не істеу керек
164
екенін біле түсер едіңіз. Бір жылға қаражат табылатын шығар. Шындығын айтқанда, ақшаның көп қажеті де жоқ, Ең бастысы, қолға алатын іске байсалды көзқараспен қарай білу керек... Сіз өзіңіздің еуропаша толыққанды білім алған түңғыш қазақ екеніңізді естен шығармаңыз. Оған қосымша - тағдырыңыз сізге ерекше жан мен жүрек сыйлап, таңғажайып адам еткен. Кейін шегінуге болмайды, табандылықпен алға ұмтылыңыз, тіпті керек болса, қулықа да барыңыз.
Сізге Демчинский сәлем айтып жатыр. Бұл хатты соның үйіндегі әдеттегі өзіміздің шай ішетін үстелде жазып отырмын. Қарсы алдымда Цуриков те сізге хат жазып отырмын.
Сау болыңыз, достым! Хатты жиі жазыңыз. Ал мен әрдайым жауап жолдайтын боламын. Мүмкін, келесі бір жолдары өзімнің мақсаттарым туралы да жазып жіберермін.
Сізге С. ханым да сәлем айтады. Екеулеріңіздің Омбыдда қалай жүргендеріңізді әңгімелеп берген маған. Ол сізді ұмытқысы келмейді және сіздің жағдайыңызды біліп тұрғысы келетін сияқты.
14 желтоқсан, 1856 жыл. Семей.
7. Хат соңында досының Шоқанға өтініші 8. Мәтін қандай стильде жазылған?
A. Ақша салу A. Ғылыми
B. Демалысқа шақыру B. Публицистикалық
C. Мақсатын анықтау C. Ауызекі сейлеу
D. Тезірек келу D. Техникалық
E. жиі хат жазу E. Көркем адебиет
9.Қандай пікір 2-бөлімдегі оймен ұштасып тұр?
Шоқан Петербор қаласының Географиялық қоғамына муше болды.
Омбыда Федор Достоевский жүретіне жақын дос тауып алды.
Шоқан орыстың басқа ақын-жазушыларымен де хат алысты.
Омбыда достарынсыз Шоқанға көңілсіз.
Мақсатқа жету үшін табандылық пен қаражат керек болады.
10. Ф.Достоевский хатының басында
|
11. Шоқанның көпшілікке танылып
|
Шоқанға кандай кеңес береді?
|
қалған
|
A. Жиі хат алысып тұруға
|
тұлға екенін дәлелдейтін пікір қай
|
B. Қаражат табу үшін жұмыс жасауға
|
бөлімде?
|
C. Алған беттен қайтпауға
|
A. 2,3
|
D. Ресейге келіп білім алуға
|
B. 1
|
E. Қала туралы мақала жазуға
|
C. 1,3
|
|
D. 2
|
|
E. 3
|
Достарыңызбен бөлісу: |