1-билет. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи қалыптастырудағы орны


Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық жылдарындағы» Қазақстандағы қоғамдық өзгерістер



бет39/105
Дата28.04.2022
өлшемі260,21 Kb.
#141189
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105
Байланысты:
тарих сессия жауаптары-1
111 Ісіктер, Саясаттану п ні бойынша тест с ра тары. Барлы ында а жауабы д ры-1
38. Жеке басқа табынудың «шарықтауы» және «жылымық жылдарындағы» Қазақстандағы қоғамдық өзгерістер. Жеке басқа табыну — саяси немесе діни билік иерархиясындағы жоғары мәртебелі (лауазымды) адамды асыра дәріптеу, оның атқаратын рөлі мен міндетті қызметін шектен тыс жоғары бағалау. Саяси кайраткерге тәнірдей табынып, шектен тыс ұлықтау. Жеке басқа табыну, көбінесе, авторитарлық және тоталитарлық жүйедегі мемлекеттерге тән, әйтсе де аракідік демократиялық мемлекеттерде де кездеседі (мысалы, Шарль де Голь басқарған шақтағы Франция). Авторитарлық және тоталитарлық мемлекеттерде жеке басқа табыну жалпыға бірдей ортақ, “бірден-бір ақиқат” идеология арқылы жүзеге асырылады. Мұндай идеологияның көсемдеріне пайғамбарлар мен көріпкелдерге тән қасиеттер таңылады. Жеке адамдардың азаматтық құқықтары аяққа тапталып, халықтың өзін-өзі басқару мүмкіндігі ескерусіз қалады. Мысалы, бұрынғы КСРО -да осындай жағдай қалыптасты. Жеке басқа табынудың соңы әр түрлі ауыр зардаптар әкелетіндігіне қарамастан, оның белгілері кейбір дамушы мемлекеттерде (Ирак, Солтүстік Корея, Куба т.б.) әлі күнге дейін сақталып отыр. Республикада И. В. Сталиннің жеке басына табынушылық жағдай қалыптасты. Қандай да бір қол жеткізілген табыстар оның кемеңгерлік басшылық жасай білуімен байланыстырылып, өрескел кемшіліктер мен сәтсіздіктер жөнінде сөз болмады. Осының бәрі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуына қолайсыз ықпал етіп, ауыр зардаптарға ұрындырды. Аты шулы ұрандарды саяси мақсаттарға пайдаланумен заңдылықтың бұзылуы, өкімет билігін асыра пайдалану жалғаса берді. «Жеке басқа табыну» деген сөз тіркесінің өзі соңғы ғасырда өмірге келді. Бірақ, құбылыс ретінде ол ғасырлар қойнауынан келе жатыр. Алғашқы қауымдық құрылыстан кейінгі өркениетті қоғамға өте бастаған кездің өзінде-ақ жеке басқа табынудың алғашқы белгілері байқалды. Адамдар тастан жасалған пұттарға, жануарларға, табиғат құбылыстарына табына бастады. Құдайларды ойлап тауып, оларға ат берді. Осылайша дін өмірге келді. Кезінде сталиндік конституция деген КСРО-ның Ата Заңы болған. Ол халықаралық құқықтық сараптаманың бәрінен мүдірмей өткен. Бірақ сол конституция тұсында 2 млн 700 мың қазақ қырылды. Голощекин 130 мыңнан астам қазақ зиялысын абақтыға жаптырып, 25 мыңын атқызып тастады. Абақтыға қамалған 130 мыңның 30 мыңдайы ғана тірі аруақ болып елге әрең жеткен. “Хрущев жылымығы”. Бұл кезеңді “жылымық” деп атау КСРО-ның қоғамдық-саяси өміріндегі демократияландыру, кешірім, ақтаулармен (реабилитация) байланысты. Жылымық ішкі саясатта қуғын-сүргінді біршама тежеуден, әміршіл-әкімшіл қатаң басқару әдістерінің аздап жұмсаруынан байқалады. Н.Хрущев басшылық жүргізген жылдары мемлекеттің тұрғын үй мәселесіне алғаш бет бұрып, көпшілікке арналған тұрғын үй құрылысы салыстырмалы түрде арзан типтік жоба бойынша жүзеге асырылды. Ол кезде жаппай тез бой көтерген осы тұрғын үй құрылысы арқасында әрбір отбасы сыз жертөлелер мен коммуналкалардан құтылып, жеке пәтерге ие болу бақытына қол жеткізді. Осы кезеңде халықтың тұтынатын бұйымдарды өндіруі біршама кеңінен қолға алынды, жиһаз түрлері, тұрмыстық электротехника түрлері шыға бастады. Сталиннің орнына 1953ж қыркүйек пленумында КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.С.Хрущев сайланды. 1956ж 14 ақпандағы КОКП-ның ХХ съезіне (Мәскеу) 55 «бауырлас партиялардан» 1436 делегат қатысты. Съезде Хрущевтің атақты «құпия баяндамасы» тыңдалды. Баяндама жабық есік жағдайында тек кеңестік делегаттар алдында жасалып, И.Сталиннің жеке басына табынушылықты жою туралы өзекті мәселені қарауға ұласты. КОКП Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы И.В.Сталиннің жеке басына табынушылықтың шығу себептеріне, мәні мен көріністеріне және оның салдарына талдау жасауға тырысты. 1956ж 30 маусымында КОКП Орталық Комитетінің «Жеке адамға табынушылықты және оның зардаптарын жою туралы» қаулы қабылдады. Хрущевтің билік құрған 1953-1964ж Қазақстан тарихына да өзіндік өзгерістер әкелді. Н.С.Хрущев билік басына келісімен Қазқастандық партия белсенділерін шақырып ауыл шаруашылығы мәселелері төңірегінде кеңесті. Ол ең алдымен республикада тың және тыңайған жерлерді игеру, ауыл шаруашылығын онан әрі өрістету жөнінде шаралар белгілеуді және КОКП Орталық Комитетіне тапсыруда ұсынды. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Н.С.Хрущев ұсынған бағдарламаны талқылады. Н.Хрущев 1961ж наурызда Қазақстанда екі апта болды. Осы сапарда ол Ақмола қаласының тарихи атауын «Целиноград» деп өзгертті. Шын мәнінде Н.Хрущев Кеңестер Одағында орнаған тоталитарлық жүйеден түпкілікті бас тартуды мақсат еткен емес. Қазақ ауылдарының құлдырауы, қазақ мектептерінің жабылуы, жердің эрозияға ұшырауы, Семей жерінің ядролық жарылыстар жасайтын сынақ аймағына айналуы және оның халық денсаулығына кері әсері, ұлтаралық қатынастардағы шиеленіс осы жылдары орын алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет