Қант диабеті дегеніміз не? Этилогиясы. Жіктелуі. Клиникасы.
Қант диабеті ұйқы безі қызыметінің бұзылуы, инсулин гармонының жетіспеушілігінен пайда болады. Қантты диабеттің 2 түрі бар: 1.Инсулинге тәуелді 2. Инсулинге тәуелді емес
Инсулинге тәуелді І түрі – 25 жасқа дейінгі жастарда немесе балаларда кездесетін диабет инсулиннің бездік жеткіліксіздігінен оның толық болмауынан дамиды. Ол сырқат адамның қатты арып азуымен ауыр түрде өтеді және инсулинмен емдемесе тез кетоацидоз дамып, адамның өлуіне әкеледі.
2. Инсулинге тәуелсіз ІІ түрі - ұлғайған адамдарда кездесетін және инсулиннің салыстырмалы жеткіліксіздігінен дамиды (70%). Қанда инсулиннің мөлшері аздап қана төмендеген немесе тіпті қалыпты деңгейде болады. Сырқаттардың арасында дененің толып кетуі жиі байқалады және кетоацидоз дамымайды.
Этиологиясы
Себебі болып тұқым куатын және жүре пайда болған ықпалдар есептеледі. Сонымен қатар қант диабетінің дамуы – акромегалия, Иценко-Кушинг ауруы, феохромоцитома кездерінде соңғы көрініс ретінде байқалады. Бұл кездерде инсулинге қарсы гормондардың артық өндірілуінен, ұйқы безінің бета-жасушаларының тұқым қуалайтын пайдаланылмаған мүмкіншіліктері шектелген адамдарда, инсулиннің жеткіліксіздігі тез дамуы ықтимал.
· Тұқым қуалаушылық-65 пайызға дейін.
· Балалардағы вирусты инфекциялардың асқынулары-қызылша, желшешек, тұмау, мысқыл т.б.
· Тамаққа қанттар мен майларды көп пайдалану.
· Стресстік ситуациялар.
Жіктелуі:
1 ші типті қант диабеті ( инсулиннің абсолютті жетіспеушілігіне әкелетін бэта клеткалардың дистпукциясы)
Аутоимунды
Идиопатиялық
Аутоиммунды ауру – бұл сіздің иммундық жүйеңіз қателесіп денеңізге шабуыл жасайтын жағдай.
Идиопатия термині белгілі бір себеп жоқ дегенді білдіреді
2 типті қант диабеті (инсулинге резистенттілікпен байланысты)
III. Басқа да арнайы түрлері:
А) бетта клеткалардың генетикалық ақауы
Б) инсулин алмасуындағы генетикалық ақауы
С) ұйқы безінің эндокриндік бөлігінің ақауы
Д) эндокринопатия
Е) дәрі дәрмектер, химикаттармен индуцирленген қант диабеті
Ғ) инфекциялар
Клиникасы
Аурудың негізгі клиникалық белгілері:
•Зәр шығару, әсіресе түнде.Бұл несепте глюкозаның шамадан тыс болуына байланысты.
•Сұйықтықтың көп мөлшерде жоғалуымен сондай ақ қан қысымының жоғарылауымен туындаған үздіксіз шөлдеу сезімі.
•Метоболикалық бұзылыстардың нәтидесінде пайда болатын тойымсыз аштық.
Жалпы және бұлшықеттік әлсіздік
Полидипсия-шөл
Аузының құрғауы
Полиурия -зәрдің көп мөлшерде болуы
Арықтау, толығу
Полибулия-тәбетінің жоғарылауы
Терінің қышуы
Достарыңызбен бөлісу: |