1-билет Кіріспе, «Ветеринариядағы менеджмент» пәні және оның мақсаты мен міндеттері


Өндірістік мал шаруашылығындағы ветеринариялық менеджмент



бет5/9
Дата24.10.2019
өлшемі118,41 Kb.
#50584
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
menedzhment bilet zhauaptary-1 (1)


3.Өндірістік мал шаруашылығындағы ветеринариялық менеджмент. Мал шаруашылығымен шұғылданатын кәсіпорындарға өндірістік жұмысын атқару үшін қызметкерлер штатын тағайындау құқы берілген. Соған байланысты шаруашылықта малдарға ветеринариялық қызмет көрсететін мамандар тобын қабылдайды. Оны шаруашылықтың вет қызметі деп атайды. Ол шаруашылық шеңберінде ғана құзыры жүретін ведомстволық қызмет. Аудандық ветеринариялық қызметтің бір тармағы ретінде шаруашылық ветеринарлық қызметі өз құзыры жүретін аумақта мал шаруашылығының вет-сан сәттілігін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық әкімшілігі мен вет қызметі бірігіп атқарады:

Мал басын көбейту; Өнімдерін молайту; Сапасын жақсарту; Шаруашылық ветеринарлық қызметінің негізгі мақсаттары: Малдардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алу және жою; Мал шаруашылығын ойдағыдай дамытуға бағытталған вет шаралар жүргізу; Халық денсаулығын адам мен малға ортақ аурулардан қорғау;

Мал шаруашылығында және онымен байланысы бар басқа да обьектілерде вет қадағалау жүргізу.

Шаруашылықтағы вет шаралар кәсіпорын қаржысы есебінен жүргізіледі. Сол үшін кәсіпорын басшысы ветеринарлық қызметке материалдар және қаражат бөлуге, дәрігерлер мен фельдшерлерге тиісті тұрмыстық және өндірістік жұмыс жағдайын туғызуға міндетті.

Ветеринарлық шараларға бөлінетін қаржы кәсіпорынның өндірістік-финанстық жоспарында жеке бап ретінде тіркеледі. Қажетті қаржы мөлшерін экономист маман мен вет дәрігері бірлесе отырып атқарады.

Жекеменшік малдарын вет қызметпен қамту мемлекеттік ветеринария мекемелеріне жүктеледі. Егер шаруашылық жерінде ондай мекеме жоқ болса, меншік малға ветеринарлық көмекті шаруашылық мамандары және жекеменшік кәсіпкерлікпен шұғылданушы вет мамандары, сондай-ақ вет кооперативтер, бірлестіктер, серіктестіктер, кіші кәсіпорындар жүргізеді.

Ауыл шаруашылық кәсіпорынның вет қызметін құру үшін жыл бойында атқарылатын жұмысты нормалау арқылы мамандардың қажетті мөлшерін анықтап, штат кестесін бекітеді.



Жұмысты нормалаудың 2 тәсілі бар:

1 тәсіл – қолда бар мал санының жыл бойындағы орта көрсеткішін түлік түріне, жыныстық-жастық тобына, өндірістік құндылығына қарай анықтайды да, тиісті коэффициенттерге көбейтіп, шартты мал басына айналдырады.

2 тәсіл – шаралардың жылдық көлемі мен жұмыстың әрбір түріне жұмсалатын уақыт нормаларын пайдалануға негізделген.

Ауылшаруашылық кәсіпорынның ветеринарлық қызметін бас дәрігерінің келісімімен тағайындайды. Сондықтан, кәсіпорын бас дәрігері өндірістік мәселелер бойынша кәсіпорын төрағасына бағынады, ал вет мәселелерде аудан бас дәрігеріне және одан лауазымы жоғары мемлекетік ветеринарияның басқа да қызметкерлеріне бағынады. Бас дәрігер шаруашылықтағы вет қызмет жұмысын басқару, ұйымдастыру, жоспарлау және материалдық – техникалық жағынан қамтамасыз етумен шұғылданады. Жоспардағы жұмыс көлеміне байланысты дәрі-дәрмектер, биопрепараттар, вет және лабораториялық құрал-жабдықтар, зарарсыздандырғыш заттар және т.б бұйымдардың қажетті мөлшерін анықтап, оларды сатып алуға тиісті қаржы бөлдіреді және сұраныс береді, шаралардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындардағы ветеринарлық қызметтің ролі жұқпалы аурулар туғанда ерекше арта түседі. Мұндай жағдайда дереу кәсіпорын басшысына, аудан бас дәрігеріне жедел хабар беріледі және ауру одан әрі таралып кетпеуі үшін тиісті күрес шаралары қолданылады.
16 билет

1.Ветеринариядағы жеке кәсіпкерлік қызметті лицензиялау реті

Әрбір жекеменшік кәсіпкер ветеринария маманы малға ветеринариялық көмек көрсету, лабораториялық – диагностикалық зерттеулер жүргізу, ветеринариялық препараттарды сату және т.б. жұмыстар жасау үшін тиісті кәсіби талаптарға сай болуы керек. Соны айқындау үшін лицензиялық алқа құрылып, лицензияны беру тәртібі бекітіледі.

Емдеу, ауруладың алдын алу жұмыстарымен шұғылдану үшін лицензия алушының қабылдау ғимараттары, емдеу кабинеті, жабдығы, су, жылу, ауа алмастыру, құбыр жүйесі, дизинфектанттар, бактерицидтік шамдар, т.б. ветеринарлық ережелер мен талаптар және мемлекеттік ветеринарлық органдардың нұсқауларын орындау жөнінде талаптар қойылады.

Лицензия иесі ретінде ветеринарлық қызмет көрсетуге ықылас берілген заңды және жеке тұлғалар саналады. Лицензия алу үшін ізденуші субьект мемлекеттік ветеринария органына тиісті құжаттарын тапсырады. Оларға жататындар: өтініш және тиісті үлгі бойынша лецензияланытын жұмыстардың тізімі, тіркеу куәлігі мен жарға көшірмесі, патент немесе лицензия ақысын төлеген туралы түбіршек, ветеринариялық қызмет көрсету үшін қолданылатын жұмыс орнының, обьетілердің санитарлық – экологиялық талаптарға сәйкестігін көрсететін анықтама және т.б. құжаттар. Лицензия беру туралы және оның мерзімі туралы шешім лицензиялық алқаның қорытындысына байланысты қабылданады. Лицензия тұрақты немесе уақытша берілуі мүмкін.



2.Ветеринариялық профилактикалық (алдын алу) шараларын ұйымдастыру менеджмент функциясы

Жалпы профилактикалық шаралар ветеринариялық шаралар жүйесінің маңызды тізбегі болып табылады, олар жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының алдын алуға бағытталынады.Профилактикалық шараларға жануарларды жеткілікті мөлшерде сапалы азықпен, қалыпты микроклиматы бар қора-жайлармен қамтамасыз ету, ветеринариялық-санитарлық ережелерді ұстана отырып тиісті деңгейде бағып күту, азықтар мен судың сапасын бақылау, қоректік заттардың, витаминдердің, микро- және макроэлементтердің, пестицидтердің, уыттық заттардың, қышқылдылықты т.б. зертханалық зерттеу т.б. жатады. Нормадан кез-келген ауытқулар метаболизм бұзылуына, ауруларға деген төзімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады, ол өз алдына өнімділік төмендеуіне, түрлі этиологиядағы аурулар пайда болуына, жануарлардың өлім-жітімге ұшырауына әкеліп соғады.Сол себептен фермаларда, түрлі меншік иеліктеріндегі шаруашылықтарда, аумақтық мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде жұмыс жасайтын ветеринария мамандары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңын басшылыққа ала отырып жануар иелерінің өз иеліктеріндегі жануарлардың денсаулығын, дамуын және олардан алынатын өнімдердің жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ететін жалпы профилактикалық шаралардың қатаң орындалуын қамтамасыз етіп, қадағалаулары керек.Жануар ауруларын профилактикалаудың маңызды шарты малшаруашылық нысандарының, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды қайта өңдеу, сақтау мекемелерінің ветеринариялық-санитарлық жағдайын жүйелі түрде мониторинглеу болып саналады.Мемлекеттік, ведомствалық, жеке кәсіпкерліктегі ветеринариялық қызметтің барлық деңгейлерінің басты да тұрақты міндеттерінің бірі - өздері қызмет көрсететін шаруашылықтардың, малшаруашылығы нысандарының олармен шектесетін аумақтардың ветеринариялық-санитарлық және эпизоотиялық жағдайын зерттеп білу. Бұл үшін қоршаған ортаның – жайылымдардың, тұрақ орындарының, су көздерінің, қора-жайлардың, ветеринариялық-санитарлық нысандардың т.б. санитарлық жағдайы зерттеледі. Эпизоотиялық ахуал туралы ақпараттарды түрлі ақпарат көздерінен алуға болады. Бұл статистикалық деректерді жинақтау, ветеринария мамандарының хабарланымдары, орын-орындардағы жағдаймен тікелей танысу, шаруашылықтар мен өзге нысандарды зерттеу т.б.Ветеринария мамандары өз аумақтарындағы жануарлардың жұқпалы ауруларының өңірлік эпизоотологиясын, олардың байқалу ерекшеліктерін, эпизоотиялық қауіпін, мерзімділігін, кезеңділігін, табиғи ошақтылығын зерттеулері керек. Жануарларды диспансеризациялау – бұл жануарлардың субклиникалық және клиникалық белгілерін анықтауға, ауру жануарларды профилактикалау мен уақтылы емдеуге бағытталынған жоспарлы түрдегі диагностикалық және емдік-профилактикалық шаралар жүйесі.Барлық меншік иеліктеріндегі жануар иелері ҚР «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес жануар денсаулығын қамтамасыз ететін жағдайларды жасау бойынша ветеринария мамандарының барлық талаптарын орындауға міндеттіЖануарларды ұстаудың зоогигиеналық және ветеринариялық-санитарлық ережелерін ұстану жануарлар денсаулығын сақтаудың және ветеринариялық-санитарлық тұрғыдан алғанда қауіпсіз, сапалы өнім алынуының шарты әрі кепілі болып саналады. Микроклиматты қамтамасыз ету ғимараттарды дұрыс пайдалану, қи шығару, тиісті түрде желдету жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету арқылы өткізіледі. Түрлі ғимараттарда желдетуді ұйымдастыру мен қи шығарудың түрлі жүйелері қолданылады. Сондықтан малшаруашылығы ғимараттарын жобалау және құрылысын жүргізу сатылары кезінде тиісті әкімшілік аумақтық мекемелердің бас ветеринар инспекторлары осы жүйелерді таңдау ісіне белсене ат салысып, құрылысын жүргізу, пайдалануды бақылауларында ұстаулары керек.Малшаруашылығы ғимараттарындағы микроклиматты бақылап отыру үшін әр шаруашылықта, аудандық ветеринариялық бөлімде ауаның газдық құрамын бақылауға, микробтық ластануды анықтауға, салыстырмалы ылғалдылықты, ауа температурасын және өзге көрсеткіштерді анықтауға арналған құрал-жабдық жинақтары болуы керек.Дезинфекциялық жұмысты ДУК, ЛСД, ВДМ, АГ, УД-2 аэрозолдік генераторлары типіндегі стационарлық жылжымалы дезинфекциялық қондырғылардың көмегімен өткізген жөн. «Ветеринария туралы» Заңда жануар иелері болып табылатын заңды және жеке тұлғалардың жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша міндеттері айқындалып көрсетілген. Осындай міндеттердің бірі – ветеринар мамандарының талаптары бойынша қарап зерттеу, диагностикалық зерттеулер өткізу және сақтандыру екпе жұмыстарын жүргізу үшін жануарларын ұсыну.Тиісті ветеринариялық нормативтік құжаттар арқылы жоспарлы және лажсыз аллергиялық, серологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, микроскопиялық, капрологиялық тағы басқа диагностикалық зерттеулерді өткізу қажеттілігі мен өткізу тәртібі айқындалады. Жекелеген жағдайларда бұл зерттеулерді жануарларды термометриялау және клиникалық қарап зерттеу шараларымен қиылыстырып өткізеді.Жануарларды вакцинациялау алдында ветеринар дәрігері поствакциналды реакция асқыну белгілерімен өтуі мүмкін деген жекелеген жануарларға қажетті гипериммундық сарысу немесе тиісті гаммаглобулиндерді дайындап қоюы керек. Вакцинация өткізілген соң жануарларға азықтандыру, ұстау, суарудың жақсы ждағдайларын жасау керек. Бұл жағдайда поствакциналық реакция жеңіл ағымда өтетін болады.
3.Етті қайта өңдеуші кәсіпорындардағы вет. менеджмент. ҚР «Ветеринария туралы» заңына сәйкес және «Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау туралы арнайы ережелерге » сәйкес барлық заңды және жеке тұлғалар , егер іс-әрекеті мал өнімдері мен шикізаттарын қабылдау-дайындау, сақтау. Өңдеу, сатуға байланысты болса, олар иелігіндегі өнімдер мен шикізаттарын ешбір қарсылықсыз ветсараптан өткізуге, барлық технологиялық, гигиеналық, вет-сан. талаптарды орындауға, мамандардың жұмыс атқаруына жағдай туғызуға міндетті.

Шаруашылықтардың мал сою нүктелерінде сойыс малдарына ветеринарлық байқау және ұшалар мен ағзаларға ветсансарап жасау өз штатындағы мамандарға жүктеледі. Ет өңдеуші кәсіпорындарда бұл жұмысты арнайы бөлім- өндірістік вет-сан. бақылау бөлімінің мамандары жүргізеді. Бөлім жұмысы республикалық Ветеринария комитеті бекіткен арнйы ережелерге сәйкес атқарылуға тиіс.Бөлім құрамында бастығы, дәрігерлер, фельдшерлер, санитарлар, дезинфекторлар, лаборанттар, химиктер болады. Бөлім бастығы кәсіпорын төрағасына бағынады және мемлекеттік ветеринарияның жергілікті органының бақылауында болады. Бұл бөлім ведомствалық бақылау жүргізеді, кәсіпорын есебінен қаржыландырылады.Егер кәсіпорында мұндай болмаса, бақылауды мемлекеттік ветеринарияның жергілікті мекемелері жүргізеді. ӨВСББ мал қабылдаудан бастап, одан дайын өнім алғанша технологиялық және вет-сан. талаптардың сақталуын бақылауға міндетті.


17 билет

1.Ветеринариядағы жеке кәсіпкерлік қызметті лицензиялау реті

Әрбір жекеменшік кәсіпкер ветеринария маманы малға ветеринариялық көмек көрсету, лабораториялық – диагностикалық зерттеулер жүргізу, ветеринариялық препараттарды сату және т.б. жұмыстар жасау үшін тиісті кәсіби талаптарға сай болуы керек. Соны айқындау үшін лицензиялық алқа құрылып, лицензияны беру тәртібі бекітіледі.

Емдеу, ауруладың алдын алу жұмыстарымен шұғылдану үшін лицензия алушының қабылдау ғимараттары, емдеу кабинеті, жабдығы, су, жылу, ауа алмастыру, құбыр жүйесі, дизинфектанттар, бактерицидтік шамдар, т.б. ветеринарлық ережелер мен талаптар және мемлекеттік ветеринарлық органдардың нұсқауларын орындау жөнінде талаптар қойылады.

Лицензия иесі ретінде ветеринарлық қызмет көрсетуге ықылас берілген заңды және жеке тұлғалар саналады. Лицензия алу үшін ізденуші субьект мемлекеттік ветеринария органына тиісті құжаттарын тапсырады. Оларға жататындар: өтініш және тиісті үлгі бойынша лецензияланытын жұмыстардың тізімі, тіркеу куәлігі мен жарға көшірмесі, патент немесе лицензия ақысын төлеген туралы түбіршек, ветеринариялық қызмет көрсету үшін қолданылатын жұмыс орнының, обьетілердің санитарлық – экологиялық талаптарға сәйкестігін көрсететін анықтама және т.б. құжаттар. Лицензия беру туралы және оның мерзімі туралы шешім лицензиялық алқаның қорытындысына байланысты қабылданады. Лицензия тұрақты немесе уақытша берілуі мүмкін.



2.Ауруларды жою үшін жүргізілетін ветеринариялық шараларды ұйымдастыру

Жұқпалы аурулар орын алған кезде орын алып пайда болған ауруды шоғырландырып, жою ісіне бағытталынған шараларға аса көп көңіл бөлінуі керек.Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына сәйкес жұқпалы аурумен күресті ұйымдастыру шаралары кезінде меншік иелігіне қарамастан жануар иелері ат салысады. Олар барлық ұйымдастыру-шаруашылық және ветеринар мамандары ұсынып отырған өзге шаралар орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Арнайы шараларды олар өздері өткізеді. Жұқпалы аурулармен күресу ісіне малшаруашылығына қызмет көрсететін ведомстволық және жеке кәсіпкерлік ветқызметтердің ветеринар мамандары, сонымен қатар аумақтық мемлекеттік ветеринариялық мекемелер жұмылдырылады. Бұл жұмыстарды басқару және бақылау ісімен ветеринарияны басқарушы аудандық немесе қалалық орган айналысады.Жануарлардың жұқпалы ауруларының болдырылмауы мен сауықтырылу шараларының кешенді ісіне кіретіндері: диагноз қою; жұқпалы ауру оқиғаларын тіркеу; осы жайлы жергілікті атқару органдарын хабардар ету, ветеринарияның жоғары тұрған мемлекеттік басқару органдарын хабардар ету, көршілес аудандардың ветеринариялық органдарын хабардар ету; инфекциялық ауру қоздырушыларының көздері мен резервуарларын айқындау; көрсеткеіштері бойынша ауру жануарларды емдеу; жануарларды лажсыз сою немесе жою; профилактикалық және лажсыз иммунизация, диагностикалық зерттеулер өткізу; ауру айқындалған елді-мекендердің немесе орындардың сау емес деп танылуы туралы хабарлау; қауіпті аймақ туралы хабарландыру; сау емес шаруашылықтарға, фермаларға, елді мекендерге, аулаларға, аудандарға карантин қою немесе аурулардың эпизоотиялық қатеріне орай шектеулер қою; сау емес және қауіп төндіретін аймақтардағы жануарларды бақылауға алу; ветеринариялық-санитариялық шаралар өткізу; бұқаралық-насихаттау жұмыстарын өткізу.Келтірілген шаралар кешенін нұсқаулықтар, ұсынымдамалар, жергілікті атқарушы билік органдарының шешімдері және ветеринариядағы мемлекеттік басқару органдарының нұсқамаларына сәйкес орындалады (30 сурет).Зооантропоноздарға қарсы сауықтыру шараларын өткізу кезінде ветеринар мамандары санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен қызу бірлесе отырып жасайды. Жұқпалы аурулар туралы барлық оқиғалар тіркеліп отыруы керек.Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңына сәйкес барлық заңды және жеке тұлғалар ветеринариялық қызмет мамандарын кенеттен өлу, бірмезгілде бірнеше жануарлардың ауыруы туралы немесе жануарлардың түсініксіз мінез танытулары туралы бірден ветеринариялық қызмет мамандарына хабарландырулары, ал ветеринария мамандары келгенінше жануарларды оқшаулап ұстау шараларын жасауға міндетті. Ветеринариялық мамандар жануар аурулары туралы хабарландыру алған соң шақыру орындарына барып, ауру себептерін анықтайды, диагнозын айқындап, анықталынған ауру туралы ветеринариялық жергілікті мемлекеттік атқару органын хабардар етеді, ол өз алдына облыстың ветеринариялық басқарушы атқару органына «Ветеринариялық есепке алу және ветеринариялық есеп беру нұсқаулықтарына» сәйкес шұғыл хабарланым түрінде жеткізеді. Шұғыл хабарланымдар аса қауіпті жұқпалы аурулар байқалуы кезінде жөнелтіледі, ондай аурулар қатарына - аусыл, шошқа обасы, ірі қара мал обасы, сібір жарасы, құстардың Ньюкасл ауруы.

3.Ветеринариялық зертханадағы ветеринариялық менеджмент

Ветеринариялық лаборатория (латынша Laboro – работаю, жұмыс істеймін) - әртүрлі объектілерді, олардың қасиеттерін, құрылымын, оларда болатын химиялық және биологиялық процесстерді зерттейтін мекеме.Негізгі құрамы:


• республикалық, обылыстық, қалалық, аудандық және ауданаралық малдәрігерлік лабораториялар;
• ғылыми-зертеу және оқу орындарының құрамдарына кіретін ғылыми-зерттеу мекемелері.
Малдәрігерлік лабораториялардың негізгі міндеттері:
• ауруларды жою және олардың алдын алу үшін малдәрігерлік-санитарлық іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру;
• мал азықтарын, суды, ет-сүт өнімдерін және т.б. азықтық заттарды диагностикалық зерттеулерден өткізу;
• малдәрігерлік мекемелерге, жеке мал мамандарына тиісті көмек көрсету;
• қажетті әдістемелік нұсқаулар дайындап шығару;
• малдәрігерлік объектілерде радиологиялық зерттеулер жүргізу.
Малдәрігерлік лабораториялар өз міндеттерін орындау үшін төмендегідей іс-шараларды іске асырады:
• шаруашылықтардан келіп түскен материалдарды бактериологиялық, биологиялық, серологиялық, токсикологиялық, патолого-анатомиялық, гистологиялық және т.б. зерттеулерден өткізеді;
• шаруашылықтарда және жеке меншіктерде аллергиялық және т.б. қажетті зерттеулерді жүргізеді;
• материал жіберген мекемелер мен жеке адамдарға зерттеу нәтижелерін, қорытындыларын жеткізеді;
• жеке шаруашылықтардың, елді мекендердің ветеринариялық-санитариялық және эпизоотиялық жағдайларын зерттейді;
• малдәрігерлік лаборатория жұмыс істейтін аймақтардағы малдәрігерлік іс-шаралардың тиімділігін талдап, анықтайды;
• өзіне тиісті аймақтарда мал ауруларын жою және олардың алдын алу үшін жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды дайындау және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді;
• малдәрігерлік мекемелерде және жеке мал мамандарына, сондай-ақ шаруашылық және фермерлік қожалықтарда, жеке кәсіп иелеріне мал ауруларымен күресу жөнінде кеңес береді;
• алдыңғы қатардағы малдәрігерлік мекемелердің, шаруашылықтардың, фермерлердің, жеке кәсіпкерлердің тәжірибелерін және ғылым жетістіктерін насихаттап, кеңінен көпшілік арасына таратып отырады.
Ветеринариялық лабораториялардың құрылысы және штаты жергілікті жағдайларға және жүргізілетін зерттеулердің көлеміне байланысты әртүрлі болып келеді. Мәселен, обылыстық ветеринариялық лабораторияларда бактериологиялық, серологиялық, протозоологиялық, химико-токсикологиялық, клинико-диагностикалық, патологоанатомиялық, радиологиялық, мал азықтарын және тамақтарды тексеретін бөлімдер болады. Кейбір лабораторияларда шаруашылық және эпизоотологиялық бөлімдер қарастырылады. Ал ауданаралық және аудандық лабораторияларда міндетті түрде бактериологиялық, серологиялық және химико-токсикологиялық бөлімдер болады.
18 билет

1.Мал шаруашылығымен шұғылданатын кәсіпорындардағы ветеринариялық қызметті ұйымдастыруМал шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың ең негізгі бағыттарының бірі болып саналатыны индустрияландыруды жүйелі енгізу, өндірістік негізде фермалар мен кешендер жасау болып табылады. Мал шаруашылығын өндірістік ортаға көшіру еңбек жағдайының жақсару мен сауықтыруына ықпалын тигізеді және ол мал өсірушілердің денсаулықтарына айтарлықтай әсер етеді. Өндірістік орындар мен кешендердегі мал күтушілердің ауру түрлерінің көрсеткіші, дәстүрлі мал өсірушілерге қарағанда төмен. Дегенмен, олардың еңбек түріне қарай мұндай көрсеткіштер ауылшаруашылық жұмысшыларының кәсіби топтарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғарғы көрсеткішті көрсетеді. Мал шаруашылығымен шұғылданатын кәсіпорындарға өндірістік жұмысын атқару үшін қызметкерлер штатын тағайындау құқы берілген.Соған байланысты шаруашылықта малдарға ветеринарлық қызмет көрсететін мамандар тобын қабылдайды,оны шаруашыықтың ветеринарлық қызметі деп атайды.Ол шаруашылық шеңберінде ғана құзыры жүретін ведомстволық қызмет.Бірақ ,көзделген негізгі мақсаттары,атқаратын жұмыс бағыттары бір болғандықтан ол аудандық ветеринарлық қызмет құрамына енеді. Мал шаруашылық ветеринарлық қызметінің қолына ветеринарлық-санитарлық шараларды фермадағы жұмыстарымен байланыстырып,өндірістік санитарлық мәдениетін жоғарылатуға мүмкіндігі берілген.Сондықтан,ветеринарлық жұмыс дұрыс жолға қойылған уақытта,ол өндірістік-технологиялық үрдістерге қайшы келмейді,керісінше олармен тығыз байланыста болады.Мұның өзі кәсіпорынның емдеу және ветеринарлық шараларды дер кезінде,толық көлемде және сапалы орындауына экономикалық ынтасын тудырады. Өндірістік шаруашылықтағы ветеринарлық шаралар (аса қауіпті жұқпалы аурулармен күрестен басқалары) кәсіпорын қаржысы есебінен жүргізіледі.Сол үшін кәсіпорын басшысы ветеринарлық қызметке материалдар және қаражат бөлуге,дәрігерлер мен фельдшерлерге тиісті тұрмыстық және өндірістік жұмыс жағдайын туғызуға міндетті.Ветеринарлық шараларға бөлінетін қаржы кәсіпорынның өндірістік-финанстық жоспарында жеке бап ретінде тіркеледі.

2.Жануарлардың жұқпалы емес аурулары кезінде ветеринариялық шараларды жоспарлау

Практика көрсеткеніндей жануарлардың жалпы патологияларында жұқпал емес аурулар 93-95% құрайды, себебі республикада жыл сайын республикалық бюджет есебінен инфекциялық ауруларға қарсы жоспарлы диагностикалық және профилактикалық шаралар өткізіліп отырады. Бұдан қорытарымыз малшаруашылығындағы ең үлкен шығындар – жұқпалы аурулардан келтіріледі.Осыған орай жануарлардың жұқпалы емес ауруларына қарсы шараларды ұйымдастыру маңызды жұмыс болып табылады да келесі шаралар кешенінен құралады: жұқпалы емес аурулар оқиғаларын тіркеу; жануарлардың жаппай ауыру және өлім-жітімге ұшырау себептерін айқындау; ауру жануарларды анықтап, емдеу; травматизмді профилактикалау; рациондарды өзгерту; жануарларды ұстауға қатысты кемшіліктерді жою; фермалардың, кешендердің лагерлердің аббаттандырылуы мен ветеринариялық-санитариялық күйі, бұқаралық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу.Жұқпалы емес ауруларға қарсы ветеринариялық шаралар жануар иелерінің есебінен қаржыландырылады, оларды профилактикалау жоспарлары тек аудандардың шаруашылықтары деңгейінде ғана құрылады.Зат алмасуы бұзылуларына, улануларға, жас жануарлардың т.рлі этиологиядағы жапппай фактордағы ауруларына қатысты жұқпалы емес аурулар орын алуын уақытында тіркеп отыру керек. Бұл уақытында зертханалық-клиникалық зерттеу өткізу, жануар ауруларын тудырып отырған себептерді анықтап, жою, уақытында ем тағайындау мүмкіндігін береді. Жұқпалы емес аурулар кезіндегі емдеудің басты принциптері - физиологиялығы, белсенділігі және кешенді болуы, бұларды ұстанғанда жануарлардың жылдам сауығуы, олардың өнімділігі мен ұдайы өндіру функцияларының қалпына келуі қамтамасыз етіліне алады.Қолайсыз болжамдар мен емнің жеткілікті түрде тиімді болмауы кезінде, сонымен қатар экономикалық тұрғыдан алғанда нәтижесіз болуы байқалғанда ауру жануарлар сойыс орындарына жіберіледі.Нарықтық экономика жағдайында емдік жұмыстың ұйымдастырылуының бірқатар ерекшеліктері бар. Олар жануарлардың саулығы мен сақталуына қатысты жауапкершілікті заңды және жануар иелері-жеке тұлғалар тартылатынын білдіреді. Олар бұл жұмысты ұйымдастыруға және материалдық қамтамасыз етуге міндетті. Шаруашылықтарға, фермерлерге,жеке меншік иелеріне қызмет көрсететін ветеринар дәрігерлері кәсіби тұрғыдан келісім-шарт негізінде немесе келісіле отырып өткізілетін емдік-профилактикалық жұмыстардың дұрыстығына жауапты.Емдік көмек фермада, мал иесінің иелігінде, стационарлық жағдайларда өткізіліне алады. Сүт өндіру кешендеріндегі стационарлар жалпы сиыр бастарының 2-3% қамтитындай етіп есептелінеді. Шошқа шаруашылықтары кешендерінде емдік көмек тұрған орындарында немесе санитарлық станоктарда өткізіледі. Қойшаруашылығында емдік-санитариялық бекеттер (ЕСБ) құптау тапқан, олар Қазақстанда алғаш рет ХХ ғасырдың 60-шы жылдары құрылды. ЕСБ барлық ауру қойларды жинақтап, диагнозына қатысты топтастырып, ем тағайындалады, диеталық азықтандыру белгіленеді, сауыққан соң кері қайтарады немесе бордақылап, етке жібереді. ЕСБ жұмысын жұмыс көлемін ескере отырып шаруашылық басшысының бұйрығымен бекітеді, ветеринария мамандары мен қосалқы қызметкерлердің штаттық саны, материалодық-техникалық және қаржылай қамтамасыз етілу мәселелері айқындалады. Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық Министрлігінде бекітілетін ЕСБ жұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсыныстар болады.Емдік жұмыстар мемлекеттік ветеринариялық жүйе мекемелерінде өткізіледі, бұл жерлерде, әдетте манеждер, жануарларды стационарлық емдеуге арналған станоктар болады. Емдік ветеринариялық мекемелерде хирургиялық операциялар өткізілуі, терапиялық және акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету үшін жақсы жағдайлар жасалған.Шаруашылықтар мен ветеринариялық мекемелерде қолданылатын ресми құжаттар ретінде «Ауру жануарларды тіркеу журналы» мен стационарлық ауруларға «ауру тарихын» жүргізу қолданысқа ие, аталған құжаттарға қатысты нормалар «Ветеринариялық есепке алу мен ветеранириялық есеп беру бойынша нұсқамаларда» көрсетілген.Жұқпалы емес ауруларды профилактикалау шаралары кешенінде тиімді де толыққұнды азықтандыруға, азықтандыру және бағып-күту, ұстау гигиенасына көңіл бөлу маңызды рөл бөлінеді. Малшаруашылық нысандарында микроклиматты ұйымдастыру жануарлар денсаулығын сақтаудағы маңызды шара болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет