1.Етті қайта өңдеу кәсіпорындарында ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Осындай бақылау ұйымдастырудың негізгі принципі: сойыс малдарының, мал ұшаларының ешқайсысын ветеринарлық байқаудан, сараптаудан тыс қалдырмау.
ҚР “Ветеринария туралы” заңында және “Мемлекеттік ветеринарлық қадағалау туралы арнайы ережелерге сәйкес барлық занды және жеке тұлғалар, егер іс-әрекеті мал өнімдері мен шикізаттарын қабылдау-дайындау, сақтау, өңдеу, сатуғабайланысты болса олар иелігіндегі өнімдер мен шикізаттарын карсылықсыз ветсансараптан өткізуге, барлық технологиялық, гигиеналық, вет-сан талаптарды орындауға, мамандардың жұмыс атқаруына жағдай туғызуға міндетті.
Шар-дың мал сою нүктелерінде сойыс малдарына вет бақылау және ұшалар мен ағзаларға ветсансарап жасау өз штатындағы мамандарға жүктеледі. Ет өңдеуші кәсіпорында бұл жұмыста анайы бөлім- өндірістік вет-сан бақылау бөлімінің (ӨВСББ) мамандары жүргізеді.Бөлім жұмысы республикалық Ветеринария комитеті бекіткен арнайы ережелерге сәйкес атқарылуға тиіс. Бөлім кұрамында бастығы, дәрігерлер, фельдшерлер,санитарлар, дезинфекторлар, лаборанттар, химиктер болады. Бөлім бастығы кәсіпорын төрағасына бағынады және мемлекеттік вегеринарияның жергілікті органының бақылауында болады. Бұл бөлім ведомстволық бақылау жүргізеді, кәсіпорын есебінен қаржыландырылады. Егер кәсіпорында мұндай қызмет болмаса, бақылауды мемлекеттік ветеринарияның жергілікті мекемелері жүргізеді.
ӨВСББ мал қабылдаудан бастап, одан дайын өнім алғанша технологиялық және ветеринарлық-санитарлық талаптардың сақталуын бақылауға міндетті. Яғни, бақылау малды қабылдау, сояр алдында ұстау базарында, сою цехында, ішек тазалау, шүжық және консервілеу цехтарында, лабораторияда, тұтынушыларға тасымалдаубарысында жүргізіледі. Бақылау “Сойыс малдарын ветеринарлық байқаудан және ет пен ет өнімдерін ветсансараптан өткізу ережелеріне сөйкес болуға тиісті. Ауырған малды союға рұқсат берілмейді, ағзалар утильдеуге, күдіктілері залалсыздандыруға жіберіледі.
ұшаларға арнаулы вет таңбалар соғылады, олардың түсі, формасы ет сортына байланысты болады. Таңба соғылмаған етті сатуға, пайдалануға рұқсат берілмейді.
2.Ветеринариялық шараларды қаржыландыру менеджмент функциясы
ҚР-ның “Ветеринария туралы” заңында ветеринарлық істі қаражаыландыру көздері көрсетілген. Оларға республикалық және жергілікті қорлар, заңды және жеке тұлғалардан келісім-шарт бойынша алынатын төлемақылардан жиналатын қор, басқа да заң жүзінде тыйым салынбаған қаражат көздері жатады.
Бөлінген қаражыны мемлекеттік ветеринарияның органдары мен мекемелерін ұстауға пайдаланылады. Соның ішінде еңбекақы, іс сапарларына төлемақы, шаруашылық және кеңсе шығындары, ветеринарлық дәрі-дәрмек, препараттар, дүние-мүлік сатьш алуға, ветеринарлық ғимараттарды жөндеуге немесе жаңа құрылыс салуға, көлік және т.б. арнайы техникалық жарақтар сатып алуға жұмсалады.
Сонымен қатар, мемлекет, ветеринарлық ғылымдарды дамыту мамандар дайындау және олардың біліктілігін жетілдіру мақсаттарына да қаржы бөледі.
Республика бюджетгінен тікелей қаржы бөлінетін бапқа ерекше қауіпті, тез таралатын мал ауруларынан сақтандыру, солармен төтенше күрес, сауықтыру шаралары үшін бөлінетін қаржылар жатады. Мұндай аурулардың тізімін Республика Үкіметі бекітеді. Олармен күреске жұмсалатын қаражатты эпизоотиялармен күрес қаржылары деп айтады. Бұл қаржыны негізінен осы аурулардан жалпы және арнайы сақтандыру шараларын жүргізуге, эпизоотия ошақтарын сауықтыруға, сол үшін автокөлік, т.б. техника мен жабдықтар пайдалануға жұмсайды.
Көптеген жұқпалы аурулармен күрес жергілікті бюджет және шаруашылықтар мен кәсіпорындардың өз есебінен қаражыландырылады.
Қазіргі қалыптасқан жағдай бойынша мемлекеттік ветеринария органдары мен мекемелерін қаржыандыру бірнеше саты бойынша, яғни республикалық, облыстық, қалалық, аудандық бюджеттен жүргізіледі.
Республикалық бюджеттен мемлекеттік Ветеринария комитеті, көліктегі мемлекеттік ветеринария басқармасы және оларға бағынышты мемлекеттік ветеринарияның республикалық деңгейдегі мекемелері, ветеринарлық ғылыми-зерттеу мекемелері мен жоғары оқу орындары, ішкі істер министрлігінін ветеринарлық бөлімі қаржыландырылады.
Облыстық бюджеттен мемлекеттік ветеринарияның облыстык басқару органы, мемлекеттік ветеринарияның облыстық мекемелері қаржыландырылады.
Қалалық бюджеттен мемлекеттік ветеринарияның қалалық басқару органы, оған бағынышты мемлекеттік ветеринарияның мекемелері (қалалық ветеринарлық станция, емханалар, ветсансарап лабораториялары) қаржыландырылады.
Аудандық бюджеттен мемлекеттік ветеринарияны басқарушы аудандық орган және соған бағынышты мемлекеттік ветеринария мекемелері каржылаедырылады.
Шаруашылық есебінен жүргізілетін шаралар:
мал қораларына, аумағына дезинфекция, дезинсекиия, дератизация жасау;
мал емдеу, витамин препараттарын, микро және макро элементтер қолдану;
шаруашылықты ағымы созылмалы инфекциялық аурулардан (бруцеллез, туберкулез, лейкоз және т.б.) сауықтыру мақсатында шаруашылық үйымдастыру шараларын жүргізу;
- ветеринарлық оқшаулағыш (изолятор), ветеринарлық- санитариялық бөгет нүктесі, дәріхана және амбулатория (емхана, нүкте) және т.б. объектілер құрылысын салу.
3.ТМД елдеріндегі ветеринариялық қызмет
1991 ж. желтоқсаннның 20-ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан басшылары Алматыда 21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды.
Ресей Федерациясы “Ветеринария туралы” заңын 14.05.1993 ж. қабылдады. Заңда федералдық деңгейде ветеринарияны мемлекет тарапынан басқарушы орган- АШМ-нің Вет.департаменті деп көрсетілген, ал автономиялы облыстар, округтер, өлкелер мен облыстарда, Москва және Санкт-Петербург қалаларнда, аудандарда, қалаларда вет басқармалары екендігі айқындалған. Ветеринария департаментінің басшысын қызметке тағайындау не босату мәселесін АШМ-нің ұсынысымен Ресей Үкіметі шешеді. Ветеринарияның одан төменгі буындары басшыларын тағайындау, босату жергілікті әкімшіліктің билігінде, бірақ оған мемлекеттік ветеринарияның бір саты жоғарғы органының алдын ала келісімі болуы керек.
Украинада “Ветеринарлық медидина туралы” заң 25.06.1992 ж. шығарылды, соған сейкес басқарушы орган болып Ветеринарлық медицинаның Бас басқармасы мен Мемлекеттік инспекциясы тағайындалды. Бұл орган Украинаның Ауыл шаруашылық және азық-түлік министрлігінде, ол тікелей министрдің өзіне бағынады. Бас басқарманы Украинаның мемлекеттік ветеринарлық бас инспекторы басқарады.
Аудандар мен қалаларда ветеринарлық медицинаны басқару арнаулы ветеринарлық кәсіпорындарға жүктелген.
Өзбекстанда “Ветеринария туралы” заң 03.09.1996 ж. бекітілді. Занда мемлекеттік ветеринариялық қызметті басқару Республика Министрлер Кабинеті қасындағы ветеринарияның мемлекеттік Бас басқармасына жүктелетіні көрсетілді. Ветеринарияның жергілікті органдар мен мекемелер жүйесіне облыстардағы және Ташкент қаласындағы ветеринария басқармалары, аудандардағы, қалалардағы мемлекеттік ветеринария бөлімдері, аудандық ветеринариялық станциялар, диагностикалық орталықтар, емханалар, ветсансарап лабораториялары, мал ауруларымен күресуші экспедициялар мен жасақтар жатады.
Қырғызстан Республикасында “Ветеринария туралы заң» 06.031992 ж. қабылданды. Ветеринарияның басқарушы органы-АШМ-нің Ветеринариялық басқармасы екендігі көрсетлген. Осы баскарма және облыстык, калалық, аудандык, бөлімшелік (учаскелік) ветеринария органдары мен мекемелері сонымен қатар шекара және көліктегі ветеринарлық қызмет бір жүйеге біріктірілген. Ветеринарияның Республикалық басқармасының бастығы мемлекеттік ветеринарлық бас инспектор қызметін бірге атқарады.
Литва Республикасының “Ветеринария туралы” заңы 17.12.1991 ж. қабылданған. Заң республикадағы ветеринарлық қызмет мемлекеттік және жекеменшік көсіпкерлік түрінде болатыны жарияланған. Мемлекеттік ветеринарияның құрамын және оның еркіне берілетінін Литва Үкіметі бекітеді. Ветеринарлық қызметгі іс жүзінде ұйымдастыру және оны басқару жүмысын ветеринарияның мемлекеттік департаменті жүргізеді.
30 билет
1.Жүн, тері кәсіпорындарында ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Қадағалау тері,жүн, қыл, мамық, сүйек, мүйіз және т.б. мал текті шикізаттың барлық түріні жүргізілуге тиісті. шикізат жинау-қабылдау жұқпалы аурулардан таза шаруашылықтарда жүргізіледі. Шикізат дайындау мемлекеттік ветеринарияның аудандық органы (бас дәрігерінің) рұқсатымен жүргізіледі.
Шикізат қабылдау нүктелері мен қоймалары үнемі бақылауда болады. Шикізаттарды тексеруге ветеринарияның мемлекеттік мекемелерінің мамандары бөлінеді немесе арнаулы маман алынады.
Бұл мамандар, қоймаға қабылданған шикізатты сорттауды, сактауды қадағалайды және ветеринарлық құжаттарын тексеріп, тиісті зерттеулер жүргізеді, ветеринарлық-санитарлық шаралар ұйымдастырады.
Импорттан түскен, жиналған тері преципитация реакциясымен топалаң қоздырушысына тексеріледі. Егер оң реакция болса, ауданның бас мал дәрігеріне хабар беріледі және терінің шыққан тегі анықталады. Сапасы нашар теріні және оған жанасқандарын өртеп жояды. Осы үйіндідегі басқа теріні дезинфекциялайды және “Оқшауланған тері шикізатын тіркеу кітабына" жазады. Топалаңға зерттелген шикізатқа арнайы таңба басылады.
Жүн, қыл, сүйек, мүйіз, тұяқ шыққан тегінің жұқпалы аурудан тазалығына тексеріледі. Тері, жүн өңдеуші кәсіпорындарда ветеринарлық- санитарлық бақылау жүргізетін маман қабылданады, егер ондай маман жоқ болса, келісім-шарт бойынша оның қызметін мемлекеттік ветеринария мекемесінің маманы атқарады.
2.Ветеринариялық қызметті жабдықтау
Ветеринарлык қызмет өз міндетін атқару үшін қажетті керек жарақпен қамтамасыз етуді, яғни жабдықтауды талап етеді. Бұл АШМ-нің негізгі қызметтерінің бірі болып саналады. ветеринарияны жабдықтауды ұйымдастыру басқару және бақылау үшін арнайы орган және мекемелер жүйесі құрылан, оны Қаззооветжабдықтау жүйесі деп атайды..бұл орган барлық облыстарда қоймалар мен бөлімдер, ал аудандарда дәріханалар ашқан. Бұл жүйенің жұмысына тікелей бақылауды мемлекеттік ветеринарияның басқарушы органдары жүргізеді, бірақ қаржылық іс-әрекеті бойынша ол ветеринарияға бағынышты болмайды. Негізінде “Зооветжабдықтау” мекемелері вет-лық тауарларды жеткізуде тұтынушы мен өндіруші арасында делдалдык қызмет атқарады, сол арқылы табыс тауып күнелтеді, яғни “Зооветжабдықтау” - шаруашылык есеппен жұмыс істеп, өзін-өзі қаржыландыратын жүйе.
Жабдықтау көлемі аудандарда, облыстарда және бүкіл республика бойынша жоспарланған ветеринарлық шаралар көлеміне байланысты болады. Жабдықтау бұйымдарының қажетті мөлшерін, тасымалдау мерзімін ветеринария органдары мен мекемелері анықтайды. Ол үшін жыл сайын бес түрлі үлгі бойьшша ветеринарлық қызмет өзінің мұқтаждығын көрсетіп,сұраныс жасап, оны зооветжабдықтау жүйесіне тапсырады. Сұраныс үлесінде тауарлардың атауы, болжаммен алынған босату бағасы беріледі.
Негізгі жабдықтау бұйымдарына: биологиялық препараттар, дәрі-дәрмектер, залалсыздандырушы заттар, лабораториялык жабдық пен реактивтер, түрлі аспаптар, таңғыш заттар мен құрал- саймандар, арнайы сырт және аяқ киімдер т.б. жатады.
Ветеринария мекемелеріне келіп түскен барлық ветеринарлық тауарлар есепке алынып, материалдық бөлімге жауапты амага тапсырылады. Дәрі-дәрмектердің кірісі мен шығысы арнайы тіркеу кітабында белгіленіп отырады. Улы және әсері күшті дәрілерді тіркеу, босату, сақтау ерекше талаптарға сәйкес жүргізіледі. Мұндай заттардың “А” тобына жатататындарын тек “Зоовегжабдық” жүйесінде, ветеринарлық станцияларда, лабораторияларда, ғылыми-зерттеу және оқу орындарында ғана (егер шартты жағдай туғызылған болса) сақтауға рұқсат беріледі. Басқа мекемелер мен ұйымдарда бұл заттар тек дайын түрінде ғана (ерітінді, май) сақталады.
Ветеринарлық мүлікті дұрыс пайдалану мақсатында жыл сайын оның жай-күйін, барын-жоғын анықтап, түгендеу актісін жасайды. Жарамсыз болған мүлікті есептен шығарады. Дәріханада бір тоқсан бойы жеткілікті болатын дәрі-дәрмек биопрепараттар және т.б. бұйымдарды жинақтап отыру қалыпты жағдай деп есептеледі. Бұл күнделікті мұқтаждықты өтеуге арналған арнайы қор болып саналады.
3.Халықаралық ветеринариялық қарым қатынастар
Қазіргі кезде жер жүзіндегі мемлекеттер арасында саяси экономикалық байланыстар жете дамыған. Соған байланысты ветеринария қызметі көлемінде де жан жақты қарым қатынастар жасалады. Бұл байланыстардың негізгі мақсаты – ветеринариялық қызметтің ойдағыдай болуы, адамдардың денсаулығын сақтау, мемлекетаралық шекаралар арқылы қауіпті аурулардың таралуына жол бермеу болып табылады. Осындай мақсаттарға жету үшін және де мемлекеттер арасында жұқпалы аурулармен күресудің үздік тәжірибесімен алмасу, ветеринариялық қызметті ұйымдастырудың кемелді үлгілерін насихаттау да жатады.
Сондықтан, біздің еліміздің де дүниежүзілік немесе халықаралық ветеринариялық бірлестіктер мен ұйымдарға енуінің зор маңызы бар. Оларға жататындар: Дүниежүзілік ветеринариялық бірлестік, Жануарлар денсаулығын сақтаудың халықаралық бюросы (OIE), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ-ның азық түлік және ауылшаруашылығы ұйымы және т.б. халықаралық ұйымдар мен бірлестіктер.
Достарыңызбен бөлісу: |