3.Композициядағы контраст. Ертегі иллюстрация. Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы және олардың бірлігі компазиция деп аталады. Суретшілер сурет салу барысында компазиция көмегі арқылы өздерінің ойлары мен сезімін білдіріп, оларды толғандырып, өмір шындығы мен қиялын көрсете алады. Кез келген суретті салу компазициядан басталады. Компазиция барлық өнер түріне тән.
Танымал суретшілердің теориялық еңбегін композиция заңдылықтарының негіздері деп атауға болады. Компазицияның заңдылықтарының 4 түрі бар екендігі белгілі:
1.Бүтіндік – заңының сақталуының нәтижесінде өнер шығармалары біртұтас қалпында қабылданады.Бүтіндік заңының мәні компазицияның тұтастығын көрсетеді.
2.Үлгі – заңдылығы бейнелеу өнері шығармаларындағы жағдай мен мінез үлгісінің нақтылы берілуін, компазициядағы іс-әрекеттің өрістеуін көрсетеді.
3.Қарама-қарсылық заңдылығы түс қарама-қайшылығын, обьект пішінінің айырмашылығын, көңіл қарама-қайшылығын, бейнелейтін адамдардың психологиялық жағдайының бейнелеуін қарастырады.
4.Композицияның барлық заңдылықтары мен амалдарының негізгі идеялық түпкі ойға бағынуы- суретшінің туындысындағы ұғымның бүтіндігін, шығарманың айқындығын, идеялық мазмұндылығын, ондағы жоғарғы көркем шығарманың шеберлікті байланыстырады.
Композиция — салынатын суреттегі барлық бөліктерді бір-бірімен өзара байланыстырып, орынды құрастыру. Сурет мазмұның ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу. Композиция суретшінің ойына байланысты заттың қозғалыстағы немесе бір қалыпты қозғалыссыз тұрған қалпын көрсетуге жол ашады.
Иллюстратция–ертегі мазмұнына арналып салынған сурет .
Ертегі мазмұнына арнап ,иллюстрацияжасағанда таланттар ескеріледі. 1)Ертегідегі басты кейіпкерлердің бет –бейнесін айқындау және оны жеке парақтарға жобалап іздеу.
2)Ертегі ішіндегі ең қызықты оқиғадан сюжеттер, көріністер жасау.Әр түрлі жағдайларда жобалық суреттер салу.
3) Әр түрлі мазмұнда ізделген ертегі көріністерін бір жүйеге келтіріп,композициялық құрылымын айқындап, барып қағаз бетіне түсіру.
4)Ертегіге арналып салынған иллюстратция ертегінің мазмұнын ашуға ықпал жасау керек.Оның түрлі түсті бояулары ашық жарқын болуы тиіс.Енді өздеріңе ұнайтын ертегілерді, оның мазмұнына сай бейнелеуге көшіңдер бейнелеу барысында жоұарыда көрсетілген, ертегілерді бейнелеу үлгісін естен шығармайық. Ертегі көріністерін бейнелеу үшін оқыған ертегілеріңнің ішіндегі ,өздеріңе ұнаған кейіпкерлер мен көріністерді есте сақтап,сурет салғанда оның тиімді пайдаланған жөн.Сонда ғана жақсы нитижеге жетуге болады.