4.Қоршаған ортаны педагогикаландыру. Ынтымақтастық педагогикасы тәрбие құралы ретінде мектепті басты рөлге қойып отыр. Жеке тұлғаны қалыптастыратын әлеуметтік институтқа мектеп, жанұя және әлеуметтік орта жатады. Нәтижесі тәрбие беретін осы үш бастаудың әрекетімен анықталады. Сондықтан да алдыңғы қатарға құзіретті басқару идеясы, ата-аналармен ынтымақтастық қойылған.
2.Типтік мінез бітістері.
Типтік мінездер – белгілі тарихи қоғамдық жағдайлардың нәтижесі. Типтік мінездерді зерттеу психология ғылымының алдындағы басты міндет. Белгілі қоғам мүшелеріндегі ортақ мінездердің қатарына:
•Отансүйгіштік - әр заман ғұламалары адамның осынау қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді ой түйіндерін арнаған. Мәселен, М.Әуезов: «Отан анам, Отаным сенен аяр жаным жоқ,сенен іскер күшім жоқ » десе, В.А Сухомлинский: « Отан - өз бесігің,өз үйің, өз бесігіңді ұмыта көрме » дейді. «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүіспеншілік туғызған » дейді Ж.Ж. Руссо.
•Мақсаткерлік – бұл адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстанған бағыт-бағдарына танымы мен сеніміне, асыл арманына бағындыра алуы. «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» депті орыс жазушысы И.С.Тургенев.
•Борыш пен жауапкершілік – бұл адамның әке-шеше, үй-іші, тума- туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.
•Мейірімділік пен ізгілік – егіз қозыдай осы екі қасиет басқаларға (әке-шеше, ағайын-туыс, танысқа көңіл бөлу ) олардың сеніміне ие болуды айналадағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау,адамға эмоциялық жағынан тиімді, кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін маңызды.
•Адалдық пен шыншылдық – адал адам шынайы да, шыншыл адам. Адалдық сөздің таным мен сенімге ұштасуы,оның іс-әрекетке қайшы келмеуі. Адал да шыншыл, әділетті болу- еңбекпен білім алуға, жалпы іс-әрекетке дұрыс көзбен қарау, инабатты, тіршілікке тиянақты болу деген сөз. Адалдық пен шыншылдық бар жерде әділет, кішіпейілділік, қайырымдылық пен қарапайымдылық та еріп жүреді, бұлар кісінің ат пен абыройына дақ түсірмейді.
•Достық – адамды асқақтатады, ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне көмектеседі.Оның маңызды белгісі – берік әрі терең эмоциялық жақындық.
•Дос іздеу - асқақ арман мен таудай талап, шексіз-шетсіз умітке толы жас дәуреннің ерекше ceзімi.
Достарыңызбен бөлісу: |