1-билет Мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері, педагогикалық қабілеттің түрлері. Педагогикалық мамандықтың ерекшіліктері деп


-билет 1.Озат педагогикалых тәжірибе және инновация



бет70/84
Дата04.02.2023
өлшемі468,87 Kb.
#167409
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   84
Байланысты:
1-áèëåò Ì??àë³ìä³ê ìàìàíäû?òû? åðåêøåë³êòåð³, ïåäàãîãèêàëû? ?àá³

25-билет
1.Озат педагогикалых тәжірибе және инновация.
Озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі.
Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
• иновацияның себептері;
• жаңалықты жобалау;
• жаңалықты жүзеге асыру.
2.Мінез. Мінез бітістері.
Әр адам сыртқы дүниенің саңсыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрлеріне жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша катынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіндеп беки келе сол адамнын үйреншікті әдетше; мінез-кұлқының мәнеpiнe айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрлі қарым-қатынас жасауының нәтижесі болып табылады.
Мінез дегеніміз – әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез – жеке адамның тіршілік жағдайындағы қылығын бейнелейтін тұрақты және мәнді психикалық ерекшеліктерінің үйлесімі. Мінез – адамның негізгі өмірін, бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Мінез – кең мағыналы ұғым, онда адамның әртүрлі қасиеттері мен сапалары тоғысып жатады.
Адам мінезі сан алуан. Бұл іс-әрекетте айқын байқалады: біріншінің қимыл әрекеттері – шапшаң, екіншісінің қимыл әрекеті – баяу, бірақ тыңғылықты, үшінші – іс-әрект барысында белгілі нақты шешімге келеді және т.б. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктерді — мінез бітістері дейміз. Қандай жа бір бітіс — әрекет-қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері мен оның сипатын белгілі қылықтың нақты оқиғаға байланысты болуынан білуге болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты белгісі ретінде танылады. Бірақ, ықтималды болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, адам әдетіндей бірқалыпты, механикалқ қайталана бермейді. Әдет пен мінез бітістерінің арасында өзара байланыс болғанымен олардың табиғаты екі бөлек. Мінез бітістері әдетке қарағанда адам қылығына ықпал ете отырып, сол әрекет-қылық барысында қалыптасады. Сондықтан мінез бітістерінің қалыптасуын әрекет-қылық мотивтерінен бөліп қарауға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет