5 билет
1. Ұшадағы қарау нүктелерін атаңыз.
Ірі қара, жылқы, түйе жылжымасында 4 нүкте бар:
* Басты зерттеу.
* Ішкі мүшелерді зерттеу.
* Ұшаны зерттеу.
* Соңғы нүкте.
Шошқа сойыс өнімдерін өңдеу жылжымасында 5 тексеру орны бар:
* Жақ асты (шықшыт) бездерін топалаңға зерттеу.
* Басты жалпылама тексеру.
* Ішкі ағзаларды зерттеу.
* Ұшаны тексеру.
* Соңғы, қорытынды орын.
Қой мен ешкіні өңдеу жылжымасында 3 тексеру орны бар:
* Ішкі ағзаларды зерттеу.
* Ұшаны тексеру.
* Соңғы нүкте, қортынды орын.
2. Қой лимфа түйіндерінің ерекшеліктері.
Қойлардың лимфа түйіндерінің топографиясы ірі қара лимфа түйіндеріне ұқсас. Лимфа түйіндерінің көпшілігі бір бірден кездесіп, бұршақ пішіндес, бірақ кейбіреулері 2-3 және одан да көп үлкен емес түйіндерден тұратын шоғыр ретінде болады. Ерекшеліктері: қойларда зерттеуге болатын түйіндерінің саны 130-дан көп емес. Бас және мойын аймағында аса маңызды және ірі болып ортаңғы жұтқыншақ лимфа түйіндері (3 см-ге дейін) және беткі мойын лимфа түйіндері (4,5см-ге дейін) табылады. Тереңдіктегі мойын лимфа түйіндерінен тек каудальды түйін ғана тұрақты. Перде аралық түйіндерден зерттеу барысында вентралды, ортаңғы және дорсалды түйіндер табылмайды, ал каудальды түйіннің (6,0-9,0см) зерттеу кезінде маңызы бар. Қойларда шажырқай лимфа түйіндерінің шоғырларының саны көп.
Достарыңызбен бөлісу: |