1 Билет.(Махерам) Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі


Тоқсанға арналған жұмыс (тақырыптық) жоспарын әзірлеу технологиясы



бет4/15
Дата15.05.2023
өлшемі47,3 Kb.
#176758
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
БИЛЕТ жауаптар ҚАЙСАР

2. Тоқсанға арналған жұмыс (тақырыптық) жоспарын әзірлеу технологиясы.
Дене тәрбиесі сабағының жоспарлары.
Мектептегі дене тәрбиесі сабағының жоспарлары төрт түрге бөлінеді:
1. Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар-кестесі.
2. Тоқсандық жоспар-кестесі.
3. Әр сабақтың жоспары.
4. Жоспар-конспект.
Дене тәрбиесі сабақтарының жылдық жоспар кестесі Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламаға, ауданның ауа райы және климаттық жағдайына, мектептің спорттық материалдық базасы мен құрал-жабдықтарына байланысты құрастырылады. Жоспар-кестеде жылдық 102 сағаттың тоқсандық сабақ сандарына, спорт түрлерінің сағаттарына бөлінуі көрсетіледі. Келесі бетте үлгі ретінде жылдық жоспар-кесте қалай құрастырылатыны көрсетілген.
Келесі беттерде дене тәрбиесі сабақтарының 1,5,11, сыныптарына арналған тоқсандық жоспар-кестелері берілген. Тоқсандық жоспар кестелерін үлгі ретінде бір-бірден бастауыш, орта, жоғары сыныптарға арнап құрастырдық. Әр түрлі спорт түрлері кіргізілген жоспарлар болсын деп, сыныптардағы әр тоқсандарды алдық. Бұл тоқсандық жоспар-кестелер мектеп базаларына, мектеп бағдарламасы мен құрал-жабдықтар мүмкіншілігіне сай құрастырылған.
Егер бұл тоқсандық жоспарлар кейбір аудандардың климаттық жағдайына, мектептің материалдық мүкіншілігіне, қолда бар құрал-жабдықтарға сай келмей жатса сағат сандарына, спорт түрлеріне өзгерістер енгізуге болады.
Әр сабақтың жоспар материалдары сыныптардың тоқсандық жоспарларынан алынады. Біз әр сабақ жоспарының екі түрлі нұсқасын беріп отырмыз. Дене тәрбиесі мұғалімдері өздеріне қолайлы түрлерін таңдап алып өз жұмыстарында қолдануларына болады.
Дене тәрбиесі сабақтарының ... оқу жылына ... тоқсанға арналған әр сабақ жоспары.
Әр сабақ жоспарын екі нұсқада құрастыруға болады. Бірінші нұсқасы кесте түрінде құрастырылады (кестеде):


3 Қарқын, ырғақ, амплитуда, қадам (прокат).
Қарқын (Темп) — тапсырманың орындалуының немесе операцияның, құбылыстың қарқындык дамуының шапшандыгы (кейде тазалығы). Әскери істе Қарқынның мынадай түрлері болады: лап қою қарқынны; шабуыл қарқынны; десант түсіру қарқынны; теңіз десантын түсіру қарқынны, атыс қарқынны т.б.
Ырғақ, ритм (грек. rhythmus – үйлесімділік, réo – ағу) – музыкалық дыбыстардың зандылық өлшемде алмасуы. Ы. - музыка, поэзия, бейнелеу өнері мен архитектурада негізгі мәнерлеу және түр тудыру құралдарының бірі. Музыкада музыкалық мелодияның ырғақтық құрылысы музыкалық заңдылықтармен айқындалады. Ырғақтың өлшем үлестерінің тегеурінді (әлді) және тегеурінсіз (әлсіз) түрлері болады; олардың ауысып келіп отыруы метр өлшемін түзеді. Дыбыстардың бір ырғаққа құрылуы музыкалық шығармалардың жақын немесе алшақ жаткан бөліктерінде кездесе береді. Осыған орай музыкалық формалардың музыкалық фразаларын, сөйлемдерін, кезеңдерін және одан да ірі бөлімдерін кұру заңдылықтары туады. Әрбір музыкалық жанрларға және ұлт музыкасына тән ырғақтық формалар мен қайырмалар болады. Кейбір музыкалық жанрларының өзіндік ырғақ ерекшелігі болады. Мысалы, мазурка, полька, лезгинка, т.б. Сондай-ақ, ырғақтың көркемдік құрал ретінде музыкалық образдарды айқындаудағы маңызы бар. Ырғақтың архитектурада, әсіресе архитектура ансамбльдер салу ісінде үйлесім тауып, жалпы көрінісінің үнасымды болуына ырғақ елеулі әсер етеді. Ырғақ сән және қолданбалы өнерде, әсіресе ою-өрнекте кеңінен қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет