2. Дене тәрбиесін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Спорттық құрылғылар
Дене шынықтыру мен спорттың материалдық-техникалық базасына спорттық нысандар, спорттық тауарлар шығаратын кәсіпорындар, сондай-ақ экономикалық, кәсіподақ, дене шынықтыру және басқа ұйымдардың қарамағында немесе жекелеген азаматтардың меншігінде жабдықтар мен басқа спорттық мүліктер жатады.
Дене шынықтыру және спорт құрылғылары - бұл халықтың дене шынықтыру мен спортқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін олардың жиынтығы деп түсінетін желі (жүйе). Заманауи желі 160-тан астам спорт түріне және бос уақытқа арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін қамтиды. Осыған байланысты ол халыққа қызмет көрсету жүйелерінің ішіндегі ең күрделі және әр түрлі болып саналады.
Функционалды мақсаты бойынша спорттық базалардың үш негізгі тобы бар:
- басты (тікелей дене шынықтыру және спорттық жаттығуларға арналған);
- еншілес (тартылған адамдарға қосымша қызмет көрсету, тауарлық-материалдық құндылықтарды, жабдықты сақтау үшін қолданылады);
- көрермендерге арналған (стендтер және т.б.).
Басты дене шынықтыру және спорт нысандары:
· Табиғи ортаға қатысты - ішкі және сыртқы (жазғы және қысқы);
· Көлемді-кеңістікті ұйымдастыру тұрғысынан - жазық (ашық алаңдар) және көлемдік (жабық спорттық ғимараттар);
· Пайдалану сипаты бойынша - әмбебап және мамандандырылған (велотрек).
Еншілес құрылымдар екі топқа жіктеледі:
· Студенттер мен көрермендерге қызмет көрсетуге арналған құралдар (фойе, гардероб, душ және дәретханасы бар киім ауыстыратын бөлмелер, медициналық блок, тамақтану пункттері, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.);
· Әкімшілік мақсаттағы ғимараттар (әкімшілік пен қызметкерлерге арналған қызметтік үй-жайлар, гараждар, жөндеу шеберханалары)
3. Жарысқа қатысушыларды қабылдау. Рұқсат критерийлері. Жарысқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.
Жарысқа қатысушының мынандай құқықтар бар:
Кездесуді өткізуші жетекші төрешінің ұсынған бірнеше добынан бір допты таңдап алуға (доптың және маркасы жарыс қағидасына анықталады);
Жарыс басталар алдында жарыс столында 2 минут бой жазу жаттығуларын жасау;
Ойын партияларының немесе төреші рұқсатымен ойында тоқтату кезінде ақыл-кеңес алуға;
Келесі ойын басталғанша жетекші төрешілерден түсініктеме немесе өтініш айту үшін сөйлесуге;
Егер де жеке жарыстарында жетекші төрешінің түсіндірмесіне қанағаттанбаса бас төрешіге командалық жарыстарда өзінің өкілі немесе команда капитаны арқылы бас төрешіге тілек айтуға;
Өз ойын формасын ретке келітру үшін жетекші төрешіден қысқа мерзімді үзіліс алуға;
Ойын басталған уақыттан әр ұтып алынған 6 ұпайдан соң және жақтардың ауысуынан соң, соңғы жауапты партияның аяқталуынан соң 1 минутқа дейінгі үзіліс алуға, тек ұпай ойнатылған сәтте емес.
Кезегімен өткізілетін бірнеше кездесуден соң 5 минут үзіліс алуға
Кездесу кезінде бұзылып қалған допта немесе ракетканы ауыстырудыан соң бірнеше жаттығу жасау;
Қажет болған жағдайда, доп ойында болғанда, төреші қарауы бойынша – допты ойынға қайтару үшін ойын алаңынан шығуға;
Жарысқа қатысушысының міндеттері:
Қарсыласына, төрешіге, көрермендермен қатынаста ізетті болып, спорттық этика нормасын сақтау;
Ережелерді білу және орындау, жарыс жөніндегі қағиданы білу және орындау, кездесу кестесін білу.
Кесте бойынша ойынның басталуына ертерек дайын болу, (ойыншының ойынға келмеуі, бес минут өткен соң, оғаш жеңіліс есептеледі);
Кесте бойынша қойылған кездесулерді өткізу (себепсіз жарысты жалғастырудан бас тарқан ойыншы бас төрешінің нұсқауымен ойыннан шығарылады).
Жарысқа спорт ұйымдастырушылары берген талапқа сәйкес, фамилиясы немесе номері артқа тұсына жазылған спорттың киімінде шығуы тиіс;
Командалық жарыстарда (жеке контракт бойынша носкиге, ая киіміне және жарнама) ұйым эмблемасына, өздері ойын көрсететін біріңғай киім үлгісінде болуы тиіс.
Ойынды толыққанды жүргізу, кездесуді, партияны немесе жекелей ұпайларды әдейі ұттырмай ойнауы тиіс (ойында ойнағысы келмеген ойыншы бас төреші нұсқауымен бір ойынға, жеке бір бағдарламаға немесе барық жарыстарға қатысуына тиым салады).
Бас төрешіден керек болған жағдайда ойын алаңын тастап кетуге
Ойыннан кету себебіне қарамастан, егер 10 минуттан асып кетсе, кеткен ойыншыға жеңіліс есептеледі (сонымен бірге сол партияда ұтысқа түсетін ұпайлар қарсыласының есебіне 11:0 есеппен жазылады).
Кездесу аяқталған соң қарсыласы және ойынды ұйымдастырушыларды, төрешіні қол алысып құрметтеу қажет;
Егер де ойын басталар алдында командалық сапқа тұру және ойыннан соң құрмет көрсету үшін команда құрамында болуға;
Ойыншыға тиым салынған:
Төрешімен және қарсыласымен сөзге келуге;
Әдейі ойынды ұзарту, созу;
Ұзақ және орынсыз орамалмен сүртіну;
Допты қасақана бүлдіру;
Допты ойын алаңынан тыс ұру;
Допты соғар алдында, столға, полға, қалақшаға ұру;
Үстелге немесе қршауға қолды сүрту;
Партиялар алдындағы үзілістерде (1 минуттан артық), ойындар асында (15 секунд);
Басқа тәсілдермен;
Төрешлерге қандай да бір нәтиже үшін шешім қабылдауға әсер ету (қай жағдайда болсын).
Құралдарға (үстелге, торға, қоршауға) әдейі соққы беру немесе бүлдіру (немен болса да) және спорттық немесе жеке заттына зақым келтіру.
Көрермендерге, қарсыласына немесе ресми өкілге себепсіз дөрекілік көрсетуге (сөзбен немесе қимылымен, қарсыласына қатты сөз айту, ойын туралы айту, қалақшаны лақтыру т.с.с.)
Басқа кездесулерге әдейі бөгет жасау (қандай да болмасын әрекеттермен)
Тиым салынған ережені бұзғаны үшін бұзақыға:
Бірінші ретереже бұзғаны үшін ескерту;
Екінші рет ереже бұзғаны үшін – бір ұпай алынады;
Үшінші рет ереже бұзғаны үшін екі ұпай алынады;
Төртінші рет бас төреші құқық бұзғаны үшін әрекет жасайды (құқық бұзушының ассоциясының ескертуі бойынша жарысқа қатысуға қықығын айыруға дейін);
Жаттығу кешені:
Үстел теннисі бойынша жарыстарда өткізу ережелі жазылған әдебиеттерді оқу;
Төрелік элементтері бар матчталық кездесулерді өткізу.
Құрастырған арнайы пәндер оқытушылары: К.Килыбаев, Е.Данабеков
Талдықорған қаласындағы олимпиадалық резервтің облыстық
мамандандырылған мектеп-интернат колледжі
№16 Билет (Аяулым)
Достарыңызбен бөлісу: |