1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен



бет11/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

Ләшкәр – Қоқан даруғасы
Ол дәл осы сәтте Есенгелді мен Саржан өлімін Мәделіханға жауып, өзін Қасым төре алдында айыпсыз етіп көрсете алатынына сенді. Бірақ бұл қанды оқиға осы түнмен ғана бітпеді. Ләшкәр мен Бегдербек құшбегі: «Сенің балаларыңның ажалына біз айыпты емеспіз, Мәделіхан айыпты, кел өзара келісейік» деп Қасым төрені алдап шақырды. Созақтағы Телікөл жағасында Ләшкәр өз қолымен басын кесіп Ташкентке алып келді. Бұл қантөгіс бір жылдан кейін болды. Ал қазір... Мәделіхан мен Қасым төренің балаларының бірдей қақпанына іліккелі тұрғанына құшбегі мейлінше шаттанды.
Ешік – аға
әкесі өлген жылы қыс қатты болды. 4 баламен қалған Дәметкеннің бар күн көрері сүті бұлақтай боталы інген. Бір күні, үскірік соғып тұрғанда, ол кездегі Қарқаралы аға сұлтаны Тәуке ұлы Жамантайдың шабармандары келіп, Олжабай 3 жылдан бері ақ патшаға шаңырақ салығын төлемепті деп жалғыз інгенді ботасынан айырып тал түсте алып кетті. Қылыш асынған кілең қаныпезерлерге жесір әйелмен төрт жетім бала не істей алады, жылай-сықтай қала берген.Өмірде Ағыбайға деген ең ауыр сын содан басталған. Енесінен айырылған жас бота боздаса, ең үлкені сегізге келген Манабай, Танабай, Мыңбай үшеуі бота жанына барып қоса боздайды.
Ержан мен Ағыбай жылқы жаққа бұрылғанда 8 жендет қамауындағы Есенгелді мен Саржан қонақ қабылдайтын бөлмеге кіре берді. Төрде тәспі тартып тұрған құшбегіне бастарын ие сәлем берді. Дәл осы сәтте сұлтандардың екі жағында тұрған екі жендеттің жалаңаш өткір қылыштары жарқ етіп жоғары көтерілді де, сыр етіп төмен ақты. Төмен иілген екі бас көтерілместен домалап жерге түсті. Бастарынан айырылған екі дене екі-үш аттап барып сылқ құлады. Екі үш аттап барып, аунақшып барып тынды.
Топ жендет әр бөлмеде 6 адамнан жатқан 3 бөлменің бірінен соң біріне кіріп 18 жігітті қойша бауыздады. Тек Ағыбай мен Ержан аман қалды. Бағына жендеттер ат қора жағына бармады. Ешік-аға сыртқы есікті күзетіп тұрған мосқалдау келген жасауылды шақырып алып:— Сен барып әлгі екеуіне «сұлтандар келді» деп хабар бер деді. Өздері есік алдында күтіп қалды. Қарулы Ағыбаймен кең аулада кездесуге жүрексінді. Мосқал адам ерте кезде қазақ арасынан Қоқан хандығына сатылып келген құл болатын. Ағыбайды бауыр тартып, жасырын бір-екі рет тілдесіп те қалған. Ол көрші аулаға барысымен Ағыбайға болған уақиғаның бәрін айтты. «Алысқанмен құр қаза боласыңдар, тез аттарыңа мініп қашыңдар» деді. Ендігі айқастың орынсыз екенін түсінген батыр жендеттермен ұрыспақ боп қылышын суырып алып жұлқынған Ержанды еркіне қоймай соңынан ертіп, аттарға жайдақ міне сап ауладан шыға берді. Ұйқысынан шошып оянып, шылбырына жабысқан күзетші жігітті, томардай аяғымен теуіп жеберіп, шалқасынан түсірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет