1 бөлім Көштің басшысы Қаржастан шыққан Азнабайұлы Сейтен



бет12/37
Дата05.11.2022
өлшемі160,84 Kb.
#156688
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
Байланысты:
ҚАҺАР конспект

4 бөлім.
Бұл 2 жыл бұрын ата-мекен Қаратау қойнауына, осы жақта қалған Қоңырат, Қыпшақ рулары мен Бестаңбалы жеріне көшіп келген Қасым төре мен Алты, Тоқа, Алтай, Уақ ауылдары еді. Ортадағы бозаңынан ақшылы басым 50 үй - Қасым төре ауылы. Абылайханның бел баласының бірі болса да, Қасым төре асқан шонжар емес, сондықтан бұл маңда өрген мал қарасы оңай-ақ көзге түседі. Уақ, Тоқа, Алты да Арғынның өзге руларына қарағанда шағын ауқатты рулар. Оның үстіне Арқаның көк шалғынына үйренген мал, Қаратаудың ши мен көкпек араласқан бозаңын жерсінбей, бәлендей өрбіп, өсіп кете алмаған.
Бұл Абылайханның немересі, Қасым төренің ортаншы ұлы Кенесары еді. Есіне кешегі Нысанбай жыршының сөзі түсе берді. Нысанбай ақын Қасым төренің алдында Шыңғыс шежіресінің біраз жерін қисса етіп айтып берген.
Ол монғолдармен іргелес Керөлең, Онон өз. бойында көшіп жүрген Керей руының қалайша Шыңғысханның алғашқы жемі болғанын, Бір мезет Орхон, Ом, Ертіс өз. жағасындағы Найман, одан төмен, осы күнгі Сарыарқаның солтүстігі мен батыс өңірін жайлаған Алшын, Қыпшақ руларының Шыңғысханға қалай бағынғанын, Кейін Арғын, Найман, Керей, Қыпшақ, Қоңырат, Алшын сияқты белді рулардың Шыңғысханның үлкен баласы Жошы Ұлысына бағынып, Батуханның Алтын Ордасының негізін қаласқанын, Сарыарқа мен Еділ, Жайық бойын еркін жайлағанын,. Жетісудағы Үйсін, Дулат, Жалайыр руларының Жағатай ұрпақтарының иелігіне қалғанын да жыр етіп өтті.
Енді жыршы Жағатай мен Жошы ұрпақтары нешеме жүз жыл бойы осы ұшы-қиыры жоқ кең даланы билегенін мақтан етті. Алайда бірімен бірі хандыққа таласып рәсуа боп, Алтын Орда ыдыраған соң Жошыдан шыққан Керей, Жәнібек сұлтандар Шу бойында әлімсақтан бері келе жатқан Арғын, Қыпшақ, Үйсін тәрізді, көне тайпаларға бірте-бірте Уақ, Тарақты, Керей, Найман, Қоңырат, Дулат, Жалайыр, Бестаңбалы секілді түркі тілдес руларды қосып қазақ хандығын құрғанын, Кейін Жәнібек баласы Қасым ханның кезінде қазақтың айбынды ел болғанын, Бұл жолы Қасым ханнан соң қазақтар аз уақ тағы да быж-тыж болып келіп, тек Хақназар кезінде қайтадан іргелі ел болғанын, Тәуекел, Есім, әз Тәуке хандардың тұсында тасы өрге домалағанын, Кең байтақ жерде жатқан 3 жүзден құралған елдің ауызбірлігі күшті болғанын дәріптеп: Арғын болсаң Алтай бол, Найман болсаң Матай бол, Алшын болсаң Адай бол, Бұл үшеуі болмасаң, Қайсысы болсаң сонысы бол, Мейлің құдай бол! —деп қазақ елінің ең жауынгер руларын шашпауларын көтере бір шыр-қап, осы бірлестік Тәуке хан өлісімен тағы бұзылғанын, әр тайпа сұлтандары хандыққа таласып елдің шырқын кетіргенін айтып берді.
Кейін іле-шала Қаратау мен Шу, Сарысу мен Сыр бойын жайлаған қалың қазақты қалай Жоңғар ханы Сыбан Раптан шауып, «Ақтабан шұбырынды — алқа көл сұламаға» ұшырағанын, Ұлы жүз бен Кіші жүздің ауылдарының Арал мен Атырау теңізінің жағасына, ал Орта жүздің Есіл, Нұра, Тобыл өзендерінің жоғарғы саласына көшкенін айтып кетті. Алдымен Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың, бір жылдан кейін Орта жүз ханы Сәмекенің Россия патшасына бағынғанын, сонан «Ақтабан шұбырындыдан» 33 жыл өткен соң(1756) Қытай патшасы бір млнға таяу қалмақты қырып Жоңғар хандығын құртқанын бір мәлім етті. Осы шақта Найман, Керей рулары бұрынғы өзінің ата-мекен жері Тарбағатай тауы мен Қара Ертіс бойына көшіп кеткенін мақұм әуеніне сала зарлана қалды.
Осыдан соң әр жүздің әйгілі хандары әбілмәмбет, Барақ, Нұралыларға қысқа-қысқа сөз тастап, үш жүздің басын қосу жолында күрескен, кейін Абылай деген атпен хан болған әбілмансұрға тоқтаған.
Енді Нысанбай домбырасын лақтыра ойнатып, Абылайдың Қоқанға қарсы шыққанын, Сайрам, әзірет, Шымкент, Созақ секілді жеті қаласын алып, Ташкентті қалай бағындырғанын, өзіне сес көрсеткен қырғыздың қалың қолды манаптарын Қызылсу, Шәмсі өзендерінің Шуға құятын сағасында кездесіп, «Жәйіл қырғыны» деп аталатын ұрыста қалай жеңгенін айт-қанда долданып кетті. Әбілмәмбет сұлтанның есігінде жүргеннен торғауытқа көрсеткен ерлігі мен ел басқарар ақылдылығы арқасында Орта жүзге хан атағына ие болғанын жыр етті. Ақын енді 60қа келген Абылайды үш жүзден шыққан өңшең қасқа мен жайсаңдарының шешімі бойынша Телікөлдің жағасында жұрт ақ кигізге көтеріп Үлкен хан сайлағанын толғағанда екі көзі жайнап кетті. Бірақ Россия қатын патшасы қазақ елінің басын біріктірудің қауіпті екенін ойлап тек өлерінен екі жыл бұрын оны Орта жүзге хан етіп указ бергеніне бір тоқтап, сол Абылайдың жетпіске келгенше ыңғайына қарай біресе Россия патшасына, біресе Қытай боғдыханына икем көрсетіп, Түркістаннан бастап Есіл, Нұра бойына дейін көшкен қалың қазақтың еркінділігін жоғалттырмай ел ғып сақтап өткенін тағы да бір алуан жыр ғып шырқатты.
Нысанбай ақын Абылайға Атығай — Қарауыл рулары 6 қызын беріп, оның үстіне Абылай қарақалпақтан бір, қалмақтан бір қыз алып, олардан 31 ұл, 40 қыз көргенін аса бір асқан жыр етіп толғатты. Абылайдың қарақалпақ әйелінен туған Уәлидің Россияға қол шоқпар болып кеткенін, қалмақ қатынынан туған Қасым төренің әке жолын қуып, қазақтың басын қосамын деп бәйек болып жүргенін мадақтап, кенет оқшау отырған Кенесарыға қарай: Абылай жолы ауыр жол: Батыр Кене, біліп қой. Абылайдай берік бол, Алам десең абырой, — деп ұзақ жырын бітірген.
Үйдегі жұрт 70ке жуықтаған Қасым төре бетіне қарап тына қалған. Өйткені мұндай сөз төре бар жерде дәстүр бойынша тек қолбасшыға ғана айтылатын. Ал Қасым төренің соңынан ерген әскер қолбасшысы Саржан сұлтан, Кенесарының ерлігі мен айлакерлігі жұртқа қанша аян болса да, даңқы әзірге тек батыр деген атқа ие. Алдында ағалары болғандықтан өзі де «қолды мен басқарайын» деген ойдан аулақ. Қасым төре жолды әзірге Саржан мен Есенгелдіге бергенмен түбі Абылай жолын алып жүрер ортаншы ұлы Кенесары мен кіші баласы Наурызбай болар деп те үміттенетін. Нысанбай сөзінің өз ойынан шыққанына ол іштей «қателеспеген екем, мен аңғарғанды сыншы ақын да аңғарған екен» деп ойлады, Нысанбайға: — Көп жаса, ақсаңдақ жүйрігім, — деді, — көңілімізді бір көтеріп тастадың ғой.
Нысанбай жаршы қиссасынан таңсық нәрселер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет