1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет15/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
Тамшылардың жеке технологиясы
Ішуге арналған тамшылар көбінесе дәрілік заттардың судағы, тұндырмадағы, сұйық экстрактыдағы және басқа сұйықтықтардағы ерітінділері болып келеді.
Сыртқа қолдануға арналған тамшылар. Сыртқа қолдануға арналған тамшылар көбінесе, құлақ және мұрын ауруларын емдеу үшін жазылады. Рецептіде сыртқа қолдануға арналған тамшы берілген. Дәрілік түр «қос цилиндр» әдісімен дайындалады. Дикаин улы зат, дәрілік түр сырт тәнге қолданылатын болғандықтан, дозасы тексерілмейді
1. Бірінші кезекте рецептінің дұрыс жазылғаны тексеріледі: Бланктың түсі қызғылт, дәрігер қолы, жеке мөрі, ЕПМ бас дәрігерінің қолы және мөрі болуы керек.
2. Дозасы тексеріледі. Егер құрамында улы және күшті әсер ететін заттар болса:
а) Сулы ерітіндінің жалпы көлеміндегі тамшы саны анықталады;
б) Қабылдау саны анықталады.
в) Бір реттік дозасын есептеу.
Рецептіде еріткіш көрсетілмесе, «Сұйық дәрілік түрлерді» салмақтық-көлемдік әдіспен дайындау ережелеріне сәйкес еріткіш ретінде тазартылған су алынады
3. Еріту
4. Фильтрлеу
Ерітіп болған соң, ерітіндіні алдын-ала тазартылған сумен жуылған фильтр арқылы сыйымдылығы 10 мл қоңыр түсті босататын құтыға сүзеді. Сол фильтр арқылы судың қалған мөлшерін (5 мл) сүзеді.
5. Тығындап, күлгін түсті гофрирленген қағазбен жауып, жіппен байлап, сүргілейді.
6. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», «Абайлап қолдан». Рецепті дәріханада қалдырылады, науқасқа рецептінің көшірмесі (сигнатура) беріледі. Жазылымда 0,05 г-нан аз мөлшерде жазылған улы, күшті әсер ететін заттар белгіленген кезде.


11. Жоғары молекулалық заттар мен олардың ерітінділерінің сипаттамасы, қасиеттері, жіктелуі, қолданылуы. Молекулалардың құрылымына байланысты ЖМҚ еріту ерекшеліктері. Коллоидты ерітінділердің сипаттамасы. Колларгол, протаргол, ихтиол ерітінділері технологиясының ерекшеліктері.


Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) - молекулалық салмағы бірнеше мыңнан миллионға дейін және одан да жоғары болатын заттар. ЖМҚ молекуласының құрылысы сфералы және тізбекті жіп тәрізді болып келеді. Молекула ұзындығы, мысалы целлюлоза молекуласының 500 нм дейін, ал көлденеңінен 0,5 нм дейін болуы мүмкін. ЖМҚ:

  • молекулалық салмағы үлкен болғандықтан, ұшқыш емес;

  • белгілі балқу температурасы жоқ;

  • сыртқы факторларға сезімтал;

  • қасиеті тек мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар молекула түріне де байланысты болады;

  • су буымен айдалмайды,

  • тұтқырлығы өте жоғары,

Қөптеген ЖМҚ тән ерекшелік – олардың молекулаларында көп рет қайталанатын буындарының болуы. Ол полимеризация дәрежесіне байланысты болады. Осыдан олардың екінші – полимерлер деген атауы бар.
Қазіргі кезде медицинада және фармацияда 3000 астам жоғары молекулалы қосылыстар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет