1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет18/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
Протаргол ерітіндісін дайындау. Протаргол - коллоидты заты. Күміс тотығы - 8%, қалған мөлшері - ЖМҚ қорғанысы. Протаргол қоңырсары немесе қоңыр түсті, иіссіз, әлсіз ащы дәмді жеңіл ұнтақ. Суда жеңіл ериді, 95% спиртте, эфирде, хлороформда ерімейді. Гигроскопиялық зат.
Технологиясы: Кең мойынды қосымша ыдысқа 200 мл тазартылған су құйып, судың бетіне жұқа қабат етіп протарголды себелейді. Толық еруі үшін 10-15 минут тыныштықта қалдырады. Сумен шектелген бөлігінде бөлшектердің біртіндеп ісінуі жүреді. Еріген препарат төменгі қабатқа түседі де, судың препаратқа өтуіне мүмкіндік жасайды. Шайқауға болмайды. Ерітіндіні мақта немесе шыны фильтр арқылы сүзеді. Ескіру процесін болдырмау мақсатында протаргол ерітіндісі ex tempore дайындалады және қоңыр түсті құтыда босатылады, себебі жарықтың әсерінен препарат металдық күміске айналады және ерітінді қарайып кетеді. Ерітіндіні тығындап босатуға безендіреді: негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», «Жарықтан қорғалған жерде сақта».
Колларгол ерітіндісін дайындау. Келесі коллоидты қорғалған препарат колларгол жасылдау немесе көкшіл-қара пластинкалар, металдық жылтыры бар, коллоидты ерітінді түзе суда ериді. Колларголда 70% күміс тотығы және 30% ЖМҚ бар.
Технологиясы: Фарфор келіге колларголды салып, тазартылған судың аз мөлшерін қосады. Содан соң келсаппен араластыра отырып, судың қалған мөлшерін қосады, керек болған жағдайда мақта арқылы қоңыр түсті құтыға сүзеді. Тығындап, безендіреді: негізгі этикетка «Сырт тәнге», ескерту этикеткалары «Балалардан сақта», «Жарықтан қорғалған жерде сақта».
Ихтиол ерітіндісін дайындау.
Ихтиол - қара, тұтқыр сұйықтық, сумен және глицеринмен жеңіл араласады.
Технологиясы: ихтиолды фарфор табақшада келсап көмегімен судың аз мөлшерінде ерітеді, біртіндеп араластыра отырып, суды қосып, ерітіндіні мөлшерін өлшегіш ыдысқа құйып 200 мл жеткізеді. Ерітіндіні дәке арқылы босататын құтыға сүзіп, тығындап, безендіреді.

12. Суспензия мен эмульсияның дәрілік қалып ретінде сипаттамасы. Гидрофильді және гидрофобты заттардан суспензия технологиясы. Эмульсиялар технологиясы. Эмульгаторды таңдау және есептеу. Эмульсиялардың сапасын бағалау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет