1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет21/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
Дайындау әдісіне және бастапқы шикізаттарға байланысты эмульсиялар екі түрге бөлінеді:

Дәнді эмульсиялар майдаланған тұқымдардан ондағы суда еритін компоненттерді және майларды сығындылау арқылы дайындалады. Егер жазылымда тұқымдардың мөлшері көрсетілмесе, онда 100,0 г эмульсия дайындау үшін 10,0 г дән (1:10) алынады.
Эмульсияны дайындаған кезде тазартылған дәндерді фарфор келіге салып, алынған шикізаттың салмағының 1/10 бөлігіндей сумен біртекті ботқа тәрізді масса түзілгенше ысқылайды, содан соң біртіндеп судың қалған мөлшерін қосады. Құтыны алдын-ала тарирлеп, эмульсияны екі қабат дәке арқылы сүзеді (эмульсия салмақпен дозаланады). Эмульсия дайындаған кезде дәндерден өсімдік майлары, стеариндер, әртүрлі суда еритін компоненттер сығындалады. Осы сығындылар тұрақтандырғаш рөлін атқарады. Сондықтан дәндерден дайындалған эмульсияларға тұрақтандырғыш қосылмайды.
Босататын құтыға салып, тығындап, гофрирленген қағазбен жауып, жіппен байлап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары «Салқын жерде сақта», «Қолданар алдында шайқа», «Балалардан сақта», «Абайлап қолдан». Сигнатура жазылады. Рецепт, есеп үшін, дәріханада қалдырылады.
Майлы эмульсиялардың технологиясы. Майлы эмульсияларды дайындау ережелері:
1. Егер жазылымда майдың атауы көрсетілмесе, онда эмульсия бадам немесе шабдалы майымен дайындалады
2. Рецептіде майдың мөлшері жазылмаса, онда 100,0 г эмульсия дайындау үшін 10,0 г май алынады (1:10).
3. Эмульсия келіде эмульгаторды маймен және сумен ысқылай отырып дайындалады
4. Эмульсия технологиясы 2 сатыдан тұрады: біріншілік эмульсия алу және оны сумен сұйылту
5. Біріншілік эмульсия алу кезінде оны құрайтын компоненттердің: майдың, эмульгатордың және судың мөлшерлік қатынасын қатаң түрде сақтау қажет. 10,0 г майға 5,0 г желатоза алынады. Біріншілік эмульсияға арналған су: май мен эмульгатор салмағының жартысындай мөлшерде алынады.
6. Эмульсиялау кезінде келсап қозғалысы бір бағытта болуы керек. Келсаптың тәртіпсіз қозғалысы эмульсиялау процесін баяулатады.
7. Біріншілік эмульсияны сұйылтамыз
8. Дайын эмульсияны алдын-ала тарирленген босататын құтыға екі қабат дәке арқылы сүзеді. Тығындап, босатуға безендіреді. Негізгі этикетка «Ішуге», ескерту этикеткалары «Салқын жерде сақта», «Қолданар алдында шайқа», «Балалардан сақта».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет