1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет29/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
Жұлын-милы инъекция (іnjеctіones іntraarachnoіdales, cerebrospіnales, endolumbales). Ерітінді ІІІ және ІV бел омыртқа арасындағы омыртқа каналының кеңістікке енгізіледі.

  • Мисауыт ішілік инъекция (іnjеctіones suboccіpіtales). Дәрілік зат лезде әсер етеді. Нейтралды реакциялы нағыз ерітінділер (1-2 мл) енгізіледі.

  • Сирегірек инъекцияның басқа түрлері: сүйек ішілік, буын ішілік, плевра ішілік, құрсақ ішілік және т.б. қолданылады.

    Шаншуға арналған ерітінділер МФ, УФМ, ГОСТ талаптарына жауап беретін квалификациясы химиялық таза. (х.т) және талдау үшін таза (т.ү.т.) дәрілік заттардан дайындалады. Сонымен қоса, шаншуға арналған дәрілік түрлер апирогенді болуы керек.
    Апирогендік. Апирогендік - шаншуға арналған ерітінділерде пирогенді заттардың немесе пирогендердің болмауы. Пирогенді заттар деген -микроорганизмдердің ыдырау өнімдері, өлген микроб клеткалары.
    Пирогендер-термотұрақты заттар, олар тек құрғақ ауа стерилизаторларында 2500С температурада 30 минут бойы қыздырғанда ғана бұзылады. Қысым астында бумен әсер еткенде (1200С), рН мәні 8,0 ерітіндіде пирогендер 5 сағатта, ал рН-мәні 3,2 ертіндіде 2 сағатта (бұзылады) жойылады. Осыған байланысты шаншуға арналған препараттар дайындаудың барлық сатысында, соңынан стерильдеуіне байланыссыз, қатаң асептикалық жағдайда сақталуы тиіс. Депирогенизациялаудың (пирогендік заттардан арылту) бірнеше әдістері бар: химиялық, физика-химиялық, энзиматикалық (фармацевтік технологияда қолданылмайды).
    Және тұрақты, токсикалық қоспалардық болмауы, таза болуы керек.
    Дәріханалардағы шаншуға арналған ерітінділерді дайындаудың технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады:
    - бөлмені-асептикалық блокты дайындау;
    - фармацевт-технологты дайындау;
    - ыдыстарды және қосымша материалдарды дайындау;
    - дәрілік заттар мен еріткіштерді дайындау;
    - дәрілік заттарды еріту;
    - тұрақтандыру;
    - фильтрлеу;
    - ерітінді құрамындағы әсер етуші заттарды химиялық талдау;
    - флаконды тығындап, механикалық қоспалардың болмауын бақылау;
    - тығынды бекітіп, маркалау;
    - ерітіндіні стерильдеу;
    - ерітіндінің мөлдірлігін анықтау, түстілігін, механикалық қоспалары болмауын анықтап, химиялық талдау жасау;
    - безендіру және босату.

    18 Стерильдеу. Фармацевтикалық технологияда қолданылатын стерильдеу әдістерінің салыстырмалы сипаттамасы.


    Стерилизация (дезинфекция, залалсыздандыру) деп микроорганизмдердің вегетативті және тыныштық формаларынан босатудың физикалық, химиялық және механикалық әдістерінің жиынтығы ретінде түсініледі.
    Стерильді дәрілік формаларды өндіру микробиологиялық тазалыққа жоғары талаптар қоятындықтан, тек дайын өнім ғана емес, сонымен қатар қолданылатын жабдық, көмекші материалдар, сүзгілер, еріткіштер және бастапқы материалдар стерильді болу керек. Стерилизациялаудың әдісін таңдау оны автоматтандыру мүмкіндігін қоса алғанда, өңдеудің экономикалық және өндірістік қабілеттілігіне негізделуі керек. Өндірілген стерильді өнімдердің сапасы дұрыс таңдалған зарарсыздандыру әдісіне байланысты.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   36




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет