1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы


Дәрілер технологиясының екі бағыты – дәріханалық және өндірістік бірін-бір толықтырады, сондықтан олардың дамуы және жетілдірілуі паралелльді жүргізілуі тиіс



бет2/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
Дәрілер технологиясының екі бағыты – дәріханалық және өндірістік бірін-бір толықтырады, сондықтан олардың дамуы және жетілдірілуі паралелльді жүргізілуі тиіс.
Фармацевтік терминология құрамына фармацевтік (фармакогнозия, фармацевтикалық химия, дәрілер технологиясы, фармация ісін ұйымдастыру және басқару), химиялық, физикалық, техникалық және медициналық терминдер кіреді.
Дәрілер технологиясының ғылым ретінде өзіне тән ұғымдары және терминдері:
Биологиялық белсенді заттар – жануар және адам ағзасының физиологиялық функцияларының өзгерісін тудыратын және дәрілік құралдардың потенциалды шикізат көзі болып табылатын, табиғаты әртүрлі заттар. Биоэквиваленттік – бірдей дозада және бірдей жағдайда енгізілгеннен кейін, бірдей биотиімділігін (сіңірілу жылдамдығы және дәрежесі) растайтын, олардың бірдей тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, екі дәрілік құралдың салыстырмалы сипаттамасы. Гомеопатиялық дәрілік құралдар - өте аз мөлшерде өсімдік, жануар, минералды заттардан арнайы технологиямен дайындалған немесе 9 шығарылған, дәстүрлі емес емдеу тәсілі бойынша гомеопатия ережесіне сай қолданылатын, бір немесе көп компонентті дәрілік құралдар.
Дәрілік құралдардың орауышы – зақымдалудан және шығындалудан сақтау, сонымен қатар сыртқы ортаны ластанудан қорғау арқылы дәрілік құралдардың айналым процесін қамтамасыз ететін құрал немесе құралдар комплексі (жинағы). Тара және тығындаушы материал тазалық, қорғағыш қасиеті, қоршаған ортаға тұрақтылық, сыртқы түрі және адгезиялық қасиеті көрсеткіштері талаптарына жауап беруі керек.
Дәрілік құралдардың жіктелуі – физика-химиялық, токсикологиялық немесе басқа да ұқсас қасиеттеріне байланысты дәрілік құралдарды жеке топтарға бөлу немесе жүйеге келтіру. Дәрілік құралдардың сақталу мерзімі – анықталған сақтау жағдайларындағы дәрілік құралдардың аналитикалық нормативті құжаттардың талаптарына сай болу, уақыт кезеңі.
1) Дәрілік препараттарды ежелде дайындау (б.э. д. ІV ғ.- б.э. І ғ. ортасы) Ежелгі Египетте және Ежелгі Шығыста, басқа елдерде өсімдік, жануар және минералды тектес заттар табиғи және әртүрлі дәрілік түр ретінде қолданылған. Дәрілік препараттарды дайындаудың негізі тағам дайындаумен ұқсас болған: майдалау, дымқылдау, қайнату, кептіру т.б. Медициналық папирустардың тақырыптарында магиялық формулалар, жалбарыну және ырым жоралар дәріні дайындауда орындалып отырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет