1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет6/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
салмақ (масса) бойынша;

  • көлем бойынша;

  • тамшымен дозалау.

    Салмақ бойынша дозалау. Дозалау тәсілдерінің ішінде ең жиі қолданылатын тәсіл қатты заттарды да, сұйық заттарды да өлшеуге болатын – салмақ бойынша дозалау. Салмақ бойынша дозалау 2-ші класс техникалық таразылар тобына жататын және эталонды массалармен (өлшегіш тастармен) салыстырғанда дене салмағын көрсететін рычагты таразыларда жүргізіледі. Бұл - дәріханалық қол таразылары, тарирлі техникалық таразылар. Дәріханалық қол таразылары. Олар сусымалды материалдарды өлшеуге арналған таразылар, яғни, дәріханаларда, бақылау-аналитикалық және басқа лабораторияларда ұнтақ тәрізді дәрілік заттарды, олардың қоспаларын өлшеуге арналған. Дәріханалық қол таразыларының әртүрлі өлшемдері болады: ВСМ-1, ВСМ-5, ВСМ-20, ВСМ-100.
    Тарирлі таразылар немесе Мор таразысы. Сусымалды материалдарды өлшеу таразыларынан басқа, салмақ бойынша дозалау үшін тарирлі техникалық таразылар кеңінен қолданылады. Олардың 89 маркалары болады.
    Дәрілік препараттарды дайындау кезінде құрғақ, қою және сұйық заттарды салмақ бойынша дозалау үшін жіберілетін жүк шегі 50 г 1 кг дейін болатын тарирлі таразылар қолданылады.
    Дәл дозалауды қамтамасыз ету үшін, конструкциясына байланыссыз, таразылар 4 негізгі метрологиялық қасиеттерге ие болуы тиіс: тұрақтылық, сезімталдық, дәлдік, көрсеткіштердің бір қалыптылығы.
    Тұрақтылық – тепе-теңдікке, бастапқы қалпына 4-6 тербелістен соң қайта келетін таразы қабілеті.
    Сезімталдық – тостағаншаларда жатқан жүктер арасындағы минимальды айырмашылықты көрсететін таразы қабілеті
    Дәлдік – өлшенетін дене массасы және стандартты өлшегіш тас массасы арасындағы дұрыс қатынасты көрсететін таразы қабілеті.
    Көрсеткіштердің бір қалыптылығы – бірдей жағдайларда таразыда жүргізілетін, дене массасын бірнеше рет анықтау кезінде бірдей нәтижелер көрсететін таразы қабілеті.
    Қазіргі таңда дәріханаларда электрондық таразылар да жиі қолданылады. Осы заманғы электрондық таразылар қос дисплейлі, есте сақтау қабілеті бар, 100% тозаң мен ылғалдан қорғалған, 0,001-0,002 г салмақты анықтау мүмкіндігі бар.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет