1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы


Сұйықтықтарды көлем және тамшы бойынша дозалау



бет7/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
Сұйықтықтарды көлем және тамшы бойынша дозалау
Дәріхана тәжірибесінде масса бойынша дозалаумен бірге көлем және тамшы бойынша дозалау кеңінен қолданылады. Масса бойынша дозалау дәлірек, себебі, көлем және тамшы бойынша дозалау тәсіліне бірқатар факторлар әсерін тигізеді: температура, сұйықтықтың табиғаты, өлшегіш прибордың радиусы, жұмысшы көзінің қырағылығы. Көлем бойынша дозалау тәсілінің бір артықшылығы бар, ол – уақытты үнемдеу мүмкіндігі. Сұйық дәрілік препараттар ингредиенттерін өлшеу үшін дәріханалық бюреткалар, пипеткалар және тамызғыштар қолданылады.
Дәріханалық бюретка қондырғысы Бюреткалық қондырғының негізгі бөліктері: бюретка, жабдықтау түтігі және жабдықтау трубкасы болып табылады.
Дәріханалық пипетка қондырғысы
Дәріханалық пипетка аз көлемді сұйықтықтарды өлшеуге арналған. Пипетка комплектісі төменгі бөлігі тарлау болып келетін градуирленген түтіктен тұрады және 2 тубусы бар: жоғарғы және бүйірлі.
Пипеткаларды 3, 6, 10 және 15 мл сыйымдылықта шығарады.
Тамызғыш қондырғы. Аз көлемді сұйықтықтарды (1,0 мл дейін) өлшейді.
МФ анықтамасы бойынша стандартты тамызғыш – 200 С-температурада 1 мл 20 тамшы суды дозалаушы аспап.

4. Ұнтақтар дәрілік қалып ретінде. Анықтамасы. Жіктелуі. Ұнтақтарға қойылатын талаптар. Күшті әсер ететін заттары бар ұнтақтарды дайындау ережесі. Оларды сақтау, босату және қолдану тәртібі


Майдалау дәрежесіне байланысты ұнтақтар майда дисперсті болады.


Ұнтақтардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі.
Ұнтақтар – ішке және сыртқа қолданылатын, бір немесе бірнеше майдаланған заттардан тұратын және сусымалды қасиеті бар қатты дәрілік түр. Ұнтақтар официнальды дәрілік түр. ҚР Мемлекеттік Фармакопеясының І томында жалпы «Сыртқа қолданылатын ұнтақтар», «Оральдік қолданылатын ұнтақтар» топтық мақалары енгізілген. Дисперсиологиялық жіктелу бойынша ұнтақтар дисперстік ортасы болмайтын еркін дисперстік жүйе.
Осы дәрілік түрдің артықшылықтары:
- дозалану дәлдігі;
- фармакологиялық белсенділігі жоғары;
- қолданылуы ыңғайлы, яғни, балаларға беруге мүмкіндік береді;
- ұнтақ түрінде құрамы және табиғаты әртүрлі препараттарды, соның ішінде аз мөлшерде сұйық, қою және тұтқыр заттарды босатуға болады;
- ұнтақтардың дайындалуы(технологиясы) оңай;
- сақтау мерзімі ұзақ;
- ұнтақтар тасымалдауға ыңғайлы.
ОСЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАП РЕТІНДЕ ЖАУАП БЕРУІ ҚАЖЕТ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет