1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы


Ұнтақтардың дәрілік түр ретінде кемшіліктері



бет8/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
Ұнтақтардың дәрілік түр ретінде кемшіліктері:
- ұнтақтар құрамына сұйық заттарды көп мөлшерде енгізуге болмайды;
- ұнтақ түрінде иісті, бояғыш және ащы дәмді заттарды қолдану қолайсыз;
- ұнтақ түрінде дәрілік заттар құрамындағы кристаллдық суын оңай жоғалтады. Осыған орай, егер, дәрілік заттар гигроскопиялық болса, көгеруге бейім болады;
- ұшқыш заттардың буларын ұнтақтар өз бойына сіңіріп, басқа иісті болып кетуі немесе өз иісін жоғалтып алуы мүмкін.
Ұнтақтардың жіктелуі. Ұнтақтар қолдану тәсілі, құрамы, мөлшерленуі (дозалануы) бойынша жіктеледі:
1. Қолдану тәсілі бойынша:
а) Ішуге қолдануға арналған ұнтақтар;
б) Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар
2. Құрамы бойынша:
а) Қарапайым (жәй) ұнтақтар
б) Күрделі ұнтақтар
3. Мөлшерленуі (дозалануы) бойынша:
а) Дозаларға бөлінген ұнтақтар
б) Дозаларға бөлінбеген (мөлшерленбеген) ұнтақтар
Ішуге арналған ұнтақтар көпшілігінде дозаланған (мөлшерленген) күйде жазылады, ал сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар жиі мөлшерленбеген (дозаланбаған) күйде босатылады
Ұнтақтар технологиясының сатылары. Ұнтақтар дайындау технологиясы келесі сатылардан тұрады:
- ұнтақтау;
- елеу;
- араластыру;
- дозалау (мөлшерлеу);
- орамдау және безендіру;
- сапасын бағалау.
Ұнтақтау (майдалау) – pulverаtіo. Біз қатты дәрілік заттарды қажетті емдік әсер алу үшін, оптимальды араластыру үшін, дәл дозалау үшін ұнтақтаймыз. Ұнтақталған дәрілік заттар жеңіл және жақсы араласады, дозаланған кезде қатпарланып кетпейді.
Майдалау әртүрлі механикалық күштермен арқылы жүзеге асырылады:
жаншу, езу, бөлу, соғу, ысқылау, кесу.
ҚР Мемлекеттік Фармакопеясының 1 басылымына сәйкес майдаланған ұнтақтар біркелкі, бөлшектерінің мөлшері 0,16 мм аспауы керек.
Дәріхана жағдайында ұнтақтау үшін келі (mortarіa), келісап (pestіlla) кең түрде қолданылады. Келі фарфордан, шыныдан, агаттан, шойыннан және т.б. материалдардан жасалады.
Дәріханада фарфор келілер кеңінен қолданылады, олар жеті түрлі номермен шығарылады. Қабырғасы 0,2% артық ылғал жұтпауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет