1. Дәрілер технологиясы ғылым ретінде. Дәрілер технологиясының негізгі түсініктері мен терминдері. Фармацевтикалық технологияның даму тарихы



бет12/36
Дата20.12.2022
өлшемі347,52 Kb.
#163425
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36
Байланысты:
Фармтех сессия $$$
149056, Лекция Экстрапирамидті жол 2842715cdedfc713c67b5b4c46ed242e, 1877352431, офтт
Концентрлі ерітінділер - дәрілік заттың мөлшері рецептіде жазылған мөлшерінен әлдеқайда жоғары, белгілі концентрациядағы жұмысшы ерітінділер. Дәріханаларда концентрлі ерітінділердің қоры дайындалады және олар жартылай фабрикат рөлін атқарады.
Концентрлі ерітінділерді қолданудың артықшылықтары:
1. Дайын дәрілік түрлердің сапасын арттырады, себебі, концентрлі ерітінділер сапалық және сандық талдаудан өтеді, қажет болғанда олардың концентрациясын нығайтады немесе сұйылтады.
2. Фармацевтің жұмысын жеңілдетеді.
3. Науқасқа дәрілік препаратты босатуды жылдамдатады, енбек өнімділігін арттырады. Концентрлі ерітінділердің номенклатурасы экстемпоральды дәріхана рецептурасына және жұмысы көлеміне байланысты белгіленеді. Ерітінді концентрациясын - 1:10, 1:20 және т.б. қатынаста белгілейді және бұл қатынас ерітінді көлеміндегі заттың салмақпен берілген мөлшерін көрсетеді. Яғни 1:10 қатынасындағы ерітінді дайындаған кезде, 1 г дәрілік зат және еріткішті 10 мл ерітінді түзілгенше алады. Дәріхана жағдайында сұйық дәрілік түрлерді, сонымен бірге, көзге арналған дәрілік түрлерді дайындау кезінде ұсынылған концентрлі ерітінділер және бірқатар сұйық дәрілік құралдар тізімі ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 Қаулысында келтірілген. Концентрлі ерітінділерді (концентраттарды) гигроскопты, желденетін, көп мөлшерде кристалдық суы бар заттардан дайындау ұсынылады.
Концентрлі ерітінділер асептикалық жағдайда және жаңа айдалған суда дайындалады. Барлық қосымша материалдар: өлшегіш цилиндрлер, фильтр қағаздары, мақта-дәке тампондары, тығындар, сақтауға арналған ыдыстар және т.б. алдын-ала зарарсыздандырылады. Концентрлі ерітінділерді дайындаған кезде, оның концентрациясы қаныққан концентрацияға жетпеуі керек, себебі, температура төмендеген кезде, еріген зат тұнбаға түсуі мүмкін. Концентрлі ерітінділер жақсы тығындалған құтыларда, жарықтан қорғалған жерде, 18-200С температурада сақталады. Құтылар ерітіндінің атауы, концентрациясы, серия нөмері көрсетілген этикеткамен жабдықталады. Сақтаған кезде түсінің өзгеруі, лайлануы, үлпектердің пайда болуы олардың жарамсыз екендігін көрсетеді.
Концентрлі ерітінділер 5% және одан жоғары концентрацияда дайындалады, дайындау барысында дәрілік заттарды еріткенде ерітінді көлемінің өзгеруінескеру қажет. Концентрлі ерітінділерді есептеу жолдары:

  1. салмақ-көлемдік тәсілмен өлшегіш ыдыста

  2. концентрлі ерітіндінің тығыздығын

  3. дәрілік заттың көлем ұлғаю коэффициентін (КҰК) ескеріп есептеу

арқылы жүргізіледі.
Концентрлі ерітінділерді дайындап болған соң, оларға сапалық және сандық талдау жүргізіледі. Ерітінділердің концентрациясы қажетті концентрацияға сәйкес болмаса, онда оларды нығайтады немесе сұйылтады.
Құрамында 20%-ға дейінгі белгіленген ерітінді концентрациясында жіберілетін ауытқуы ±2% құрайды, 20%-дан жоғары концентрациядағы ерітінділерде ±1құрайды.
Ерітіндінің концентрациясы тиісті шамадан төмен болса, ерітіндіге дәрілік зат қосып, оны нығайту керек.
Егер ерітіндінің концентрациясы тиісті концентрациядан жоғары болса, ерітіндіге су қосып сұйылту керек.

8. Фармацевтикалық технологиядағы алкоголиметрия. Сулы-спирт ерітінділеріндегі этил спиртінің құрамын анықтау. Әдістер мен аспаптар. Сулы-спиртті ерітінділерді еріту. Дәріханадағы этил спиртін есепке алу


Этанолды шартты түрде бейсу еріткішке жатқызады, себебі, тәжірибеде абсолютті этанол емес, оның спиртті-сулы ерітінділері қолданылады. Сулы-спиртті ерітіндінің концентрациясын көлемдік пайызбен белгілейді және ол 200С температурадағы абсолютті этанолдың миллилитрмен берілген мөлшерін көрсетеді. ҚР МФ II томына Этанол (96%) және Этанол сусыз мақалалары көрсетілген. Этанол мөлдір, түссіз, қозғалғыш, өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар, 780С температурада қайнайтын ұшқыш сұйықтық. Этанолда полярсыз заттар (органикалық қышқылдар, эфир майлары және майлар, камфора, ментол, йод, танин, левомицетин және т.б.) ериді. Этанолдың еріткіштік қасиеті оның концентрациясына байланысты. Мысалы, майсана майы абсолютті этанолда өте жеңіл ериді, 85% этанол тек қана 10% майсана майын ерітеді, 70% этанолда тек 1% мөлшерде ғана май ериді, ал 40% этанол майсана майын мүлдем ерітпейді. Этанол сумен, глицеринмен, эфирмен, хлороформмен, ацетонмен жеңіл араласады. Этанол ерітіндідегі концентрациясына байланысты бактерицидті және бактериостатикалық қасиет көрсетеді. Бірқатар артықшылықтарына қарамастан, этанолдың еріткіш ретінде, қолданылуы шектеулі.


Себебі ол:
- фармакологиялық индифферентті емес;
- дегидраттау, яғни заттардың суын өзіне тартып алу қасиеті бар;
- ұшқыш, оңай жанады;
- спирт пен суды араластырған кезде оның көлемі су мен спирттің көлемдерінің арифметикалық қосындысынан кем болады (контракция құбылысы).
Этанолды жақсы тығындалатын ыдыста, салқын, оттан алыс жерде сақтайды. Дәрілік түрлер дайындаған кезде этанол көлеммен дозаланады. Таза күйінде этанол салмақпен дозаланады.
Ұшқыш еріткіште ерітінділерді дайындау кезінде еріткіштің көп мөлшері булану есебінен және ерітіндінің концентрациясы ұлғаюына байланысты жоғалуы мүмкін, сондықтан этанолда ерітінді дайындау кезінде: қыздыру, сүзу немесе фильтрлеу операциялары орындалмайды. Дәрілік заттардың этанолдағы ерітінділерін дайындау сұйық дәрілік түрлерді салмақ-көлемдік әдіспен дайындау нұсқауымен реттеледі. Егер рецептіде этанолдың концентрациясы көрсетілмесе, нұсқау (ҚР ДСМ 15.12.05 ж. № 142 бұйрығының 21 тармағы) талаптарына сай 90% этанол қолданылады. Тек йодтың 5% және 10% ерітінділері және баска да кейбір нормативті құжаттармен нормаланатын ерітінділер этанолдың басқа концентрациясында дайындалады (осы бұйрықтың 3 қосымшасы).
ҚР ДСӘД министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 373 («Рецептілерді жазу, есепке алу және сапқтау қағидаларын бекіту туралы») бұйрығына сәйкес құрамында этил спирті бар дәрілік түрлерге рецепт формат А6 формаға сай бланкте жазылады. Онда емдеу-профилактикалық мекемесінің (ЕПМ) штампы және мөрі, дәрігердің қолы және оның жеке мөрі болуы керек, рецепт дәріханада 3 жыл бойы сақталады. Көрсетілген мерзім өткен соң құрамында үш мүшесі бар комиссия рецептіні өртеп жіберу арқылы жояды. Жою актісімен рәсімделеді. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. № 142 бұйрығының 21 тармағында көрсетілгендей:
- ішуге және сыртқа қолданылатын спиртті ерітінділерді дайындаған кезде, әртүрлі концентрациядағы спиртті есептеу және дозалау ережелері рецептіде көрсетілген көлемдік өлшем бірлігіне сәйкес келеді;
- амбулаториялық науқастарға рецепт бойынша этанол таза күйінде тек 50 г дейін босатылады. «Компресс жасау үшін» (қажетті сұйылтуын көрсету керек) немесе «Теріні өңдеу үшін» деген арнайы нұсқауы болуы тиіс;
- басқа ингредиенттермен қоспасы жеке дайындалған күйінде - 50 граммнан, ал созылмалы аурумен ауыратын науқастарға 100 г-ға дейін «Арнайы белгіленуі бойынша» жазылымы бар, дәрігердің қолы қойылған және ЕПМ мөрі бар рецепт бойынша босатылады. Фармацевтік кәсіпорындар мен дәріхана ұйымдарында 95%-дық этил спиртін есепке алу салмақтық өлшемде (г, кг) жүргізіледі.

9. Сусыз(бейсу) ерітінділер. Сипаттамасы. Жіктелуі дәріхана жағдайында дайындаудың технологиялық сұлбасы


Бейсу ерітінділері - құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар болатын гомогенді сұйық дәрілік түр. Еріткіш ретінде бейсу ерітінділерінде бейсу еріткіштер (спирт, эфир, өсімдік майлары және т.б.) қолданылады. Бейсу еріткіштерінің қолданылуы көптеген дәрілік заттардың суда ерімеуіне негізделген. Бейсу ерітінділері сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрлерге жатады: кілегей қабаттарға жағуға, тері қабатын сүртуге, жууға, шаюға, ингаляция жасауға арналған ерітінділер, құлаққа, мұрынға арналған тамшылар.
Бейсу ерітінділерге қойылатын талаптар:
- қажетті әсер алу үшін медициналық белгіленуіне сәйкестігі;
- дәрілік заттардың толық еруі;
- механикалық қоспалардың болмауы;
- дәрілік заттардың концентрациясының жазылған көлеміне немесе салмағына сәйкестігі;
- сақталу кезіндегі тұрақтылығы.
Бейсу ерітінділердің технологиясында қолданылатын еріткіштер олардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ұшқыш және ұшқыш емес бейсу еріткіштер деп бөлінеді. Ұшқыш еріткіштерге этанол, эфир, хлороформ жатады. Дәріхана практикасында кеңінен этанол қолданылады. Ұшқыш емес еріткіш ретінде глицерин, өсімдік майлары, вазелин майы, соңғы жылдары - димексид, полиэтиленоксид-400 (ПЭО-400), силикондар қолданылады. Қазіргі кезде ерітінділер технологиясында күрделі еріткіштер: глицерин-этанол, глицерин-димексид, глицерин-су және т.б. қолдану тенденциясы байқалады. Күрделі ерітінділерді қолдану артықшылығы:

  • дәрілік түрде ерігіштігі әртүрлі дәрілік заттарды біріктіруге

  • бейсу еріткіштерді бір мезетте емдік әсер көрсетуге

  • қосымша зат ретінде қолдануға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет