1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Таза линиялар мен популяциялардағы теріп алудың нәтижелігі



бет58/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
Таза линиялар мен популяциялардағы теріп алудың нәтижелігі

Популяцияның құрылымын генетикалық және статистикалық әдістермен зерттеуді алғашқы рет 1903 жылы В. Иоганнсен қолданды. Тұқымының көлеміне қарап үрме бұршаққа сұрыптау жа­саған Иоганнсен олардың үрпақтарының себілген тұқым көлеміне қарай ауытқуларын бақылады. Атап айтқанда егер ірі тұқым себілсе ұрпағы ірі, кішкене тұқым себілсе ұрпақтарының көлемі кішірейтінін байқады.
Ол тұқым белгілері көп гендермен анықталатын және сыртқы ортаның әсеріне қатты ұшырайтын бұршақ тұқымының салмағы мен көлемін зерттеді. Бұл белгілерде модификациялық өзгергіштіктің сипаты айқын көрінеді. Ол үрме бұршақтың тұқымын өлшеп, көрсеткіш бойынша вариациялық қатар жасады. Массасы 150-ден 750 мг-ға дейін болды. Онан әрі массасы 250-350 және 550-650 мг болған түқымдар бөлек өсіріліп, әр өсімдіктің тұқымы қайта өлшенеді. Популяция құрайтын сорттан таңдап алынған ауыр (550-650 мг) және жеңіл (250-350 мг) тұқымдар бөлек егіліп, олардан массасы әр түрлі өсімдіктер алынды.
Ауыр тұқымдардан өскен өсімдіктер тұқымының орташа массасы — 518,7 мг, ал жеңіл тұқымынан — 444,4 мг болды. Осы арқылы үрме бұршақтың сорт-популяциясы әрқайсысы генетикалық құрамы жағынан әртүрлі өсімдіктерден түратынын және әрқайсысы таза линияның басы бола алатыны көрсетілді.
Иоганнсен 6-7 ұрпақ бойы әрбір өсімдіктен ауыр жөне жеңіл тұқымды бөлек жинап отырды. Бірде-бір линияда тұқым массасының айтарлықтай өзгерісі болмады. Таза линияның ішіндегі тұқым көлемдерінің өзгеруі тұқым қумайтын, модификациялық өзгергіштік болып табылады. Сонымен, өздігінен тозанданатын өсімдіктердің попу­ляциясы генотипі жағынан алғанда әр түрлі линиялардан түрады, өйткені мұндай популяцияның өсімдіктері өзара будандаспайды.
Жеке организм өздігінен тозаңданғанда жаңа нәсілдің, сорттың немесе тұқымның басы бола алады. Мысалы, популяциядан таңдап алынған бір дәннен бидайдың жаңа сорты шығарылуы мүмкін. Айқас ұрықтанатын организмдердің популяциясының генотипі табиғатта әртүрлі генотипті өкілдердің еркін шагылысуы арқылы, яғни панмиксия негізінде де қалыптасады. Панмиксиялық популяцияның құрылымын ашып көрсету үшін Д. Джоне және Е. Ист ұсынған жасанды будан популяциясының үлгісін қарастырып көрейік. Тәжірибе үшін олар күлтесінің биіктігі (қысқа және ұзын) әртүрлі болатын темекінің екі түрін будандастырды. Бірінші ұрпақ өсімдіктері өзара будандасты-рылды, ал екінші үрпақтың осы белгі бойынша өзгергіштігі ұқсас болған А және В линиялары алынды (25-кесте). Күлтенің ұзындығын көп гендер анықтайды, ол екінші 2) 52-ден 88 мм-ге дейінгі мөлшерде. Алынған линиялар ұрпақтарында бес ұрпақ бойы сұрыптау жүргізілді: сұрыптау А линиясында қысқа күлтеге, В линиясында ұзын күлтеге жүргізілді. Екі линияның ішінде әрбір ұрпақта іріктеп алынған формалар өзара будандастырылды. Көрініп отырғандай, бесінші ұрпақтың өзінде А және В линиялары арасындағы айырмашылық орасан зор болды. А линиясын дағы күлтенің ең биігінің үзындығы В линиясындағы күлтеніңең аласасының ұзындығынан кем түсті, бұлардың арасында бірін-бірі басу (трансгрессия) болмады.
Демек, іріктеп алынған формаларды сұрыптау жөне будандастыру арқылы бастапқы популяцияга қарағанда басқаша белгілері бар линиялар жасауға болады. Бүл оның гетерогендігін көрсетеді. Бүл тәжірибеде қолдан сұрыптау бір белгі бойынша жүргізілді. Ал табиғатта табиғи сұрыптау көптеген белгілер бойынша жүргізіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет