1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Еркін өсіп-өнетін популяциялар құрылымы. Харди-Вайнберг заңы



бет59/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78
Байланысты:
darister

Еркін өсіп-өнетін популяциялар құрылымы. Харди-Вайнберг заңы.

Популяциядағы кез келген малдың генотипіне байланыссыз шағылысатын (панмиксиялық) популяцияларды еркін өсіп-өнетін деп айтуға болады. Мұндай популяциялар табиғатта жиі кездеседі. Оларды мал шаруашылығында да кездестіруге болады, әсіресе аталық пен аналық арнайы жұпталмай, мал тұқымын асылдандыруға көңіл бөлінбейтін шаруашылықтарда.
1908 жылы Г. Харди мен В. Вайнберг бір біріне тәуелсіз еркін өсіп-өнетін популяцияда генотиптердің таралуын көрсететін формуланы ұсынды. Оны Харди-Вайнбергтің формуласы деп атады. Бұл формуладан еркін өсіп-өнетін популяция, егер онда ешқандай сұрыптау жүрмесе, тепе-теңдікте болады, яғни ұрпақтан ұрпаққа өзгермейді және генотиптердің белгілі бір қатынасы болады. р2АА +2pqAa +q2aa = 1, мұнда рА — популяциядағы А гаметасының қатынасы немесе шоғырла-нуы; qа — а генінің жиілігі. Аталық-аналығының гаметаларында А немесе а-гені болатындықтан pA+qa=1. Осыдан барып келесі ұрпақта мынадай арақатынас шығады.






pA

qa

pA

p2

pqAa

Qa

pqAa

q2aa


Белгі толық доминантты болса популяция осы белгі бойынша екіге бөлінеді: бір жартысы доминантты белгілер р2АА +2pqAa-дан екіншісі рецессивті белгісі бар q2aa тұрады. Осыдан рецессивті белгінің қатынасы белгілі болса, гомозигготалы және гетерозиготалы доминанттардың қатынасын шығару оңай. Мысалы, ірі қараның популяциясында 16% сиырлар рецессивті қызыл түсті және 84% доинантты қара болса, онда q2 = 0,16, осылан түбір астынан q = 0,4 аламыз. Ал pA+qa=1 болғандықтан pA =1-0.4=0,6. Қара гомозиготалы сиырлар p2=0,62= 0,36, гетерозиготалы қаралар: 2pq = 2 х 0,4 х0,6 = 0,48.
36%АА + 48%Аа + 16%аа = 1 (популяцияның құрамы).
Бұл формула еркін шағылыса алатын организмдер популяциясында орын алатын жеке генетикалық құбылыстарды түсінуге мүмкіндік жасайды. Белгілі бір ауданда селекция үшін пайдалы мутациялардың таралуын біле отырып, оның гомо- және гетерозиготалы қалпында кездесу ықтималдығын есептеп шығаруға мүмкіндік береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет