1-дәріс. Генетика тұқымқуалаушылық және өзгергіштік ғылымы


Рецессивт і аллельдщ жиілігі



бет61/78
Дата28.10.2023
өлшемі3,92 Mb.
#188908
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78
Байланысты:
darister
Enzyme worksheet
Рецессивт і
аллельдщ жиілігі

Фенотипт ер жиілігі




2pq:qe қатынасы

Бір үрпақта
q-ДІҢ азаюы ? q

Қажет үрпақ саны q0? qt



2pq

q2



0,3

0,42

0,09

4,7

0,069

-

0,2

0,32

0,04

8

0,033

2

0,1

0,18

0,01

18

0,009

5

0,05

0,095

0,0025

138

0,002

10

0,01

0,0108

0,0001

198

0,0001

80

0,001

0,001998

0,000001

1998

0,000001

900

Кестедегі деректерден мутантты гені (q2) бар гомозиготалы малдарға байланысты екені көрінеді. Осы гетерозиготаларды дер кезінде тауып, оларды уақытында жойып отырса, генетикалық кемістіктер де азаяды, өсіресе мутантты геннің шоғырлануы өте жоғары болғанда.


Доминантты және рецессивті аллельдердің популяциядан шығарылып тастау жылдамдығы әркелкі болады. Гендері басым летальді болатын немесе ұрықсыздықты туғызатын организмдер сұрыптау арқылы тіпті гетерозиготалы күйде-ақ жойылып отырады, яғни доминантты ген әрбір ұрпақта 280 сұрыптаудың бақылауында болады. Рецессивті мутация сұрыптаудың бақылауында болады. Рецессивті мутация по­пуляцияда жасырын күйде, яғни гетерозиготалы күйде жиылып, көп мутациялық қор жасауы мүмкін. Егер ол популяцияда белгілі бір дәрежеге дейін көбейіп, гомозиготалык қалыпқа ауысып кетсе ғана сұрыпталатын болады. По­пуляцияда рецессивті аллельдердің жиілігі кем болған сайын гетерозиготалар саны гомозиготалардан солғұрлым басым бола түседі. Бұл Харди-Вайнбергтің формуласынан шығады. Популяцияда кездейсоқ факторлардың әрекетіне бай­ланысты гендер жиілігінің өзгеруі генетикалық дрейф (гол-ландша "дрейвен" - қалқу, ауытқу), (С. Райт бойынша) не­месе генетикалық-автоматтық процесс (Н.П. Дубинин бой­ынша) деп аталады.
Гендердің шоғырлануы популяцияның санымен анықталады. Популяция көлемі кем болган сайын ұрпақта рецессивті гомозиготалар беретін гетерозиготалы өкілдердің өзара шағылысу мүмкіндігі артады. Керісінше, популяцияның саны көп болған сайын рецессивті гомозиготалардың пайда болуы азая түседі. Саны аз популяцияларда сұрыптау тез арада зиянды гендерді ығыстырып, пайдалыларын жи-нақтай бастайды. Бірақ шағын популяцияда жеке генотиптердің жинақталуында кездейсоқтың мүмкіндігі ар­тады. Мүндай жағдайдан популяцияның саны азайып кетсе, онда тек қана мутантты гендердің сақталып қалуы, ал басқ­алары кездейсоқ жойылып кетуі ықтимал. Кейін популяция саны артса, кездейсоқ сақталып қалған гендердің саны тез арада молаяды.
Әр түрлі популяцияларда мутацияның таралуы мигра­ция (лат. "миграцио" - орын ауыстыру) арқылы жүруі мүмкін. Мал шаруашылығында бұл басқа жерлерден, мемлекеттерден мал әкелу, әсіресе аталық малды (бұқа, қошқар, айғыр т.б.) немесе олардың ұрығын әкеліп пайдаланумен байланысты. Мысалы, голштинофриз тұқымын АҚШ-тан Германияға әкелу, Риштің мәліметі бойынша немістің қара ала тұқымына кіндіктен болатын жарықты таратты. Біздің елде бір асыл тұқымды мал зауытында 1/29 хромосомының транслокациясы (Робертсон транслокациясы) бар бұқалардың басқа жерлерге сатылуын -айтуға бола­ды. Бұл, уақытында ескертілмегенде зиянды мутацияның таралуына себеп болушы еді.
Түр популяциялардан құрылады дедік. Егер бір популяцияның өкілдері басқа популяцияның өкілдерімен мүлде немесе ішінара шағылыспайтын болса, онда мұндай популя­ция изоляция (оқшалану) процесіне душар болады. Егер оқшалану ұрпақтар тізбегінің көп қатарында жүрсе, сұрыптау факторлары әр түрлі популяцияларда неше түрлі бағытта қызмет етіп, популяциялардың жіктелуі болады. Кейіннен мүндай популяциялар жаңа түрлердің бастамасын беруі мүмкін. Түр ішінде популяциялардың оқшаулануы географиялық (тау жасалу процестері, өзендер мен су қоймаларының пайда болуы) экологиялық және биологиялық факторлардың әсерінен болады. Шағылысу еркіндігін бұзатын биологиялық факторлар қатарына генетикалық және физиологиялық факторлар жатады. Оқшауланудың генетикалық факторлары көбінесе мейоздың қалыпты өтуін бұзады, ол өсімталдығы жоғары болатын ұрпақ алынуына кедергі келтіреді. Оның себептері полиплоидия, хромосомалык қайта құрылулар, ядро-цитоплазмалық сәйкес келмеушілік болады. Бұлардың әрқайсысы өкілдердің еркін шағылысуын шектеуге және будандардың бедеу болып қалуына, гендердің еркін комбинациялауын тежеуге, яғни өз ішінде өсімталдығы жоғары болатын үрпақ бере алатын формалардың генетикалық оқшаулануына әкеп соғады.
Сонымен, популяциялардың генетикалық құрылымына әсерін тигізетін көптеген факторлардың арқасында қалыптасу және генетикалық қозғалмалы процестер жүреді, бұл микроэволюцияны құрайды.
Сұрыптаудың нәтижелігіне ортаның әсері. Табиғи және қолдан сұрыптаулар тек қана фенотиппен жүргізіледі. Малдың генотипін тұқымға алып қалу үшін бағалаганда (шыққан тегін немесе ұрпақтарының сапасын) зоотехник фено­типпен жүмыс істейді: біріншісінде ата-бабаларының, екіншісінде ұрпақтарының фенотипімен. Қандай организм болмасын фенотип — генотип пен организмнің дамуында оған әсер ететін ортаның ықпалымен құрылады.
Организм генотипінің түгелдей ерекшеліктері ортаның әсеріне ұшырай бермейді. Мысалы, адамның және малдың қан топтары, белгілі қызмет атқаратын белок құрылысы, гемоглобин, трансферрин, церулоплазмин т.с.с. генмен анықталады. Бұл ерекшеліктер өмір бойы өзгеріссіз қалады. Малдың түсіне, жүнінің өзгеруіне қоршаған ортаның әсері шамалы. Түрге тән ерекшеліктер қалыпты жағдайда тек қана генотиптің бақылауымен жүреді. Дегенмен, белгілердің басым көпшілігі, оның ішінде мал түқымын асылдандыратын зоотехниктер үшін қажеттері мысалы, сүт мөлшері, майлылығы, тауықтың жұмыртқасы, қойдың жүн өнімдері, малдың бордақылануы т.с.с. күрделі тұқым қуу қасиеті барлар, көбінде қоршаған ортаның ықпалына бағы-нышты. Бұдан, әрине малдың генотипі оның дамуына мүлде қатыспайды деген ұғым тумауы керек. Генотип бұрын айтылғандай организмнің қоршаған ортаға әсер ережесін анықтайды. Осының нәтижесінде бір түрлі генотипті малдар бір-бірінен әжептәуір айырмашылығы бо­луы мүмкін, яғни модификациялық өзгергіштік пайда бо­лады, оның әсерінен фенотипіне қарап малдың тұқымдық бағасын анықтау кейде өте қиынға соғады. Бірақ мұндай қиындықтар ортаның жағдайы нәсілдік қасиеттің ықтималдылығын бүркеп қарама-қарсы келгенде ғана туады. Мыса­лы, сүтті түқымнан тараған сиырларды азықтандыруы нашар болса олардың өнімі жабайы түқымдардың сиырларындай ғана немесе онан да төмен болады, себебі олардың өнім дәрежесі бұл жағдайда берілген азыққа байланысты. Егер сол сиырларды мол азықпен жақсы күтімге қойса, онда сүтті тұқымнан алынған сиырлар өнімді әлдеқайда артық береді. Бүл деректерге қарағанда тұқымы жақсы сиырлар орташа азықтандырғанда жақсы өнім берген, мол азықтандыруга ауыстырғанда өнімін күрт көтерген, басқалары шамалы ғана, ал үшіншілері — жалпы өзгертпеген, бірақ тұқымы нашар си­ырларды мол азықтандырғанда осылайша бөлінген: жарты­



сы өте жақсы, қалғандары елеулі сүт қосқан. Сондықтан
мал тұқымын асылдандыру үшін оған өте жақсы жағдай жасау ең басты жұмыс болып есептеледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет