1-Дәріс Геоботаниканың мақсаты, міндеті, негізгі ұғымдар және терминдер



бет25/47
Дата24.04.2023
өлшемі2,55 Mb.
#175314
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Байланысты:
darister1-15. geobotania (1)
Сессия Геоботаника, бизнес проект Аладдин, English. A2, 2021-2022, 1 semester (2), 1.9.Сарматтар (1), 1.8.Сақ мәдениеті (1)
Көп ярусты фитоценоз – (екі ярустан тұртын қарапайым, екеуден көп
ярустан тұратын фитоценоз күрделі). Бұл барлық шалғындық орман қауымдастыққа тән. Барлық жағдайда фитоценоз төмендегі сатылардан өтеді:

  • Тұңғыш топтасулар – қарапайым топтасулар – күрделң топтасулар

немесе күрделі фитоценоз. Бұл жол қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін.
Мысалы: қандай да бір уақыт өткеннен кейін өсімдік топтары қарапайымнан, өсімдіктердің күрделі топтарына алмаса алады. Атап айтатын болсақ тасты жерде алғашқы көк-жасыл балдырлардан (тұңғыш топтасулар) кейін алғашқы қына топтарының өсуі, аралас қыналардың ұзақ уақыт ну болп өсуінен кейін (қарапайым топтасулар) қыналар мен мүктер аралас күрделі фитоценозға алмасуы, соңында гүлді өсімдіктердің өсуі (күрделі топтасулар).
г) Өсімдіктер дамуының алғашқы сатысы (В.Н.Сукачев бойынша).
В.Н.Сукачев бойынша (1938, 1964) фитоценоздың қалыптасуы төмендегі сатылардан өтеді:

  1. Фитоценодық болмауы (алғашқы топтасу сатысының қалыптасуына сәйкес келеді);

  2. Алғашқы фитоценоз (қарапайым топтасуға сәйкес келеді);

  3. Жабық өнімділігі жоқ фитоценоз (күрделі топтасуға сәйкес келеді);

  4. Өнімділігі мол фитоценоз;

Фитоценоздың дамуының алғашқы сатыларын зерттеген басқа да
авторлар бар, атап айтар болсақ Л.Г.Раменский (1938), А.А.Шахов (1941, 1946), Д.Уивер және Ф.Клементс.


1.3. Екінші сукцессия және қауымдастықтың климаксы. Жылжымалы тепе-теңдік.
Екінші сукцессия – бір фитоценоздың басқасынан ауысуы.
Фитоценоздың соңғы даму сатысымен оның динамикасы тоқтайды дер ойламауымыз керек. Ол сукцессияны екінші фазасына ауысады.
а) сингенез, эндоэкогенез және гологенез ұғымдары.
Қауымдастықтың алғашқы даму процесі В.Н.Сукачев (1942) бойынша, сингенез деп аталады. Өсімдіктер әлемінің нақты бір территорияда алғашқы қалыптасуы, тіршілік етуі, сонан соң тіршілік үшін олардың арасынадағы бәсекелестік басталады. Сонан соң В.Н.Сукачев эндоэкогенез деп атаған басқа процесс басталады. Бұл процесс фитоценоздың қоршаған ортаның әсерінен өзгеруі өздерінің өзгеріске ұшырауы. Эндоэкогенез біртіндеп қарқынды түрде жүреді, нәтижесінде фитоценоздың ауысуына ықпал жасайды. Бұл екі процеске қатар үшінші процесс жүреді, оны В.Н. Сукачев гологенез деп атады. Бұл процесс барлық географиялық ортаның әсерінен немесе бөліктерінің ықпалынан (атмосфера, лиотосфера және т.б). Өсімдіктер жамылғысының өзгеруі. Мұнда ірі географиялық аймақтар өзгеріске ұшырайды. Бралық үш процесс бір уақытта жүреді, бірақ даму сатыларының деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Фитоценоздың дамуының алғашқы сатысында сингенез басымдық жасайды. Сонан соң эндоэкогенездің рөлі күшейеді.

Гологенетикалық процесс үздіксіз жүреді, бірақ Жердің геологиялық тарихының кейбір кезеңдерінде оның ролі атқарады.


Фитоценоздың осылай жамуы ұзақ уақытқа жалғасады, қандайда бір ішкі кездейсоқ күш фитоценоздың дамуын оқыс өзгеріске ұшыратқанша жалғасуы мүмкін.Онда фитоценоздың ішкі дамуы арқылы болатын ауысу (эндодинамикалық) үзіледі және сыртқы ықпалдан болатын ауысуы (экзодинамикалық) басталады.
Жоғарыда айтылған тұжырымдама негізінде фитоценоздың ауысуы екі типке ажырайды (Сукачев, 1928):

  1. Эндодинамикалық – фитоценоздың ырғақты дамуы нәтижесінде біртіндеп ортаның және өсімдіктердің өздерінің өзгеруі; мұнда негізгі рольді қауымдастықтың ішкі ерекшелігі атқарады.

  2. Экзодинамикалық (Сукачев, 1928;Лавренко, 1940) немесе стихиялы (сұрапыл) (Ярошенко, 1953), немесе кездейсоқ (Ярошенко, 1961), яғни сыртқы табиғи ортаның күшінің әсерінен болатын өзгеріс.

Өсімдіктер жамылғысында сукцессияның себептері алуан түрлі.
Мысалы: эндодинамикалық ауысу – топырақ жамылғысының өзгеруінен орманның батпақтануы, су қоймасын шөп басып кету, тасты жерге өсімдіктердің шығуы, су қоймасының кеуіп қалуы.
Эндодинамикалық ауысу – өрттен, тасқынның өсімдіктер жамылғысының өзгеруі.
б) П.Д. Ярошенко бойынша сукцессия классификациясы.
П.Д. Ярошенко (1961) сукцессия теориясын талдады және салыстырмалы нақты жіктеу жасады:
А. Табиғи ауысу.
Жүйелігі:
а) эндоэкогенетикалық ( В.Н. Сукачевтың сингенетикалық ауысуы кіреді);
б) галогенетикалық
Б. Кездейсоқ ауысу:
а) климатогендік; б) эдафогендік; в)биогендік
В. Антропогендік:
а) жүйелі; б) кездейсоқ.
Мысалы: климатогендік ауысу – климаттың ылғалдылығы жоғарылағанда құм бетеге – боз жусан фитоценозының боз жусан – құм бетеге фитоценозына ауысуы; эдафогендік ауысу – табиғи жолмен қпйта қалпына келген су табанына өсімдіктердің қайта қалпына келе бастауы; зоогенді ауысу – жануарлардың кеміруі және қазуының нәтижесі; пирогенді ауысу – өсімдіктер жамылғысының өрттің әсерінен өзгеруі; антропогендік ауысу – орман және шөптердің шабылуы әсерінен өзгеруі.
Антропогендік ауысу табиғи ауысудан бөліп қарастырылмайды. Біріншіден, адамзаттың әсері табиғи факторға аналог болып табылады.
Бұл жүйедегі табиғи кездейсоұ ауысу мен антропогендік ауысу, В.Н. Сукачев бойынша, экзодинамикалық ауысуға сәйкес келеді. Нақты көзқараспен қарағанда, қауымдастықтағы өсімдіктердің қандай ауысу сериясына ұшырағаны мағызды емес (орманның шабылуы, өрттен жойылу, насеком – зиянкестердің жеп қоюы), нәтижесінле олпрдың қайта қалпына келу процесінің бірдей болмауында.
в) Фитоценоздың қысқа уақыттық (жеке), ғасырлық (жалпы) және және филоценогенетикалық (эволюциялық) болып бөлінеді. Тоқталған сукцкссия типтерінің барлығы бір – бірімен тізбекті және бірін – бірі толықтырып отырады.
Қысқа уақыттық ауысу мен ғасырылығ ауысу арасында өтпелі кезең бар, соған қарамастан қысқа уақыттық ауысу нәтижесінд бір өсімдіктер зонасы екіншісіне ауысады.
Мысалы: қысқа мерзімдік ауысу: қылқанды жапырақты орманның аралас жалпақ жапырақты орманға ауысуы; ғасырлық ауысу; ТМД – ның Солтүстік Еуропа бөлігінің мұздан біртінде босауы және Қиыр Шығыстың оңтүстігінде теңіздің тартылуы өсімдіктер жамылғысын өзгертті. Климаттың біртіндеп құрғауы.
г) Фитоценоз эволюциясы. Филоценогенетикалық сукцессияға мысалдар.
Фитоценоз эволюциясы В.Н.Сукачев (1954) көрсеткендей, екі процеске негізделеді: ценоз құрылымының қалыптасуы (филоценогенез) және ценоз эволюциясына байланысты жүретін түр түзілуі (флорогенез).
Өсімдіктер қауымдастығында эволюцияның жүруін В.В. Ревердатто (1935) екінші қатарлы табиғи сұрыталу деп атауды ұсынды (бірінші қатарлы табиғи сұрыпталудан айырмашылығы, түр түзілуі процесінде дарақтардың сұрыпталуы жүреді).
Табиғи сұрыпталудың арқасында фитоценоздағы өсімдіктер іріктеледі. Эволюция процесі кезінде өсімдіктер ассоциациясы, сонымен қатар өсімдіктер жамылғысының ірі бірліктері түзіледі.
Мысалы, фитоценоздың әр түрлі орта жағдайында қысқа уақытта ауысуын келтіруімізге болады.
Таулы аймақтың тасты территориясына өсімдіктің өсуі.
Сукцессия сипаты мен бағыты құзды жағының тіп тік экспозициясына және жартасты түзетін жыныстың құрамына байланысты.
Құзды жартасты өсімдіктердің жаулап алуы өте баяу жүреді. Жалаңаш жартас бетіне алдымен бактериялар, көк – жасыл балдырлар және жасыл балдырлар, сонан соң қыналар өсе бастайды. Өте ұзақ уақыттан кейін қыналардың және бактериялардың қызметінің нәтижесінде өте мардымсыз топырақ қабаты пайда болады., осы жерде мүктер өсе алады. Мүктер өсе бастағаннан кейін топырақ қабатының қалыптасуы жылдам жүреді. Тағы да біраз уақыт өткеннен кейін жартастарда жарықтар, сызаттар пайда болып, онда органикалық заттар және су жинақталады. Осы кезеңнен кейін алдымен папортниктер, содан соң гүлді өсімдіктер өсе бастайды.
Жартас басында 4 – 6 өсімдіктердің ауысуы мозаикалы жүреді, сыртқы түрі орман – шалғындыққа ұқсас. Жергілікті себептерден сукцессия бағыты өзгеруі немесе (2-6) аталған кезеңдердің үзінділері ғана байқалуы мүмкін.
Жартастардың оңтүстігімен салыстырғанда, солтүстік және батыс экспозициясында сукцессияның жүруі өзгеше болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет