1.2. Бірінші сукцессияның даму сатысы (А.Г.Варанов бойынша) Тұңғыш топтасулар – өсімдіктердің кездейсоқ бірігуі. Жалаңаштанған алаңқайларда фитоценоздың қалыптасуының алғашқы даму сипаты:
Тұңғыш топтасулар таза (бір түрлік) немесе аралас (көптүрлік) болуы мүмкін.Егер қоршаған ортаның жағдайы күрт өзгеретін болса (мысалы жер асты суының тартылуы, тұздану), техногені аймақтағы түрлердің саны қысқарады, өсімдіктердің аралас топтасуы кедейленіп, таза бір текті түрлер топтасады.
Қарапайым топтаулар тұңғыш топтасудан кейінгі фитоценоздың даму сатысы. Өсімдікткрдің мұндай топтасуына тән қасиеттер:
Өсімдіктердің жер бетілік бөлігі жабық емес, бірақ өсімдіктер тұңғыш топтасуларға қарағанда тығыз орналасқан;
Өсімдіктердің өзара байланысы жақсы байқалады;
Қарапайым топтасуларда тұңғыш топтасулар тәрізді таза (құрылымы біртүрлік) және аралас (құрылымы көптүрлі) болып бөлінеді.
Мысалы: Өзеннің кепкен табанына таза қарапайым топтасуда
көбінесе алабота (Chenopodiut chenopodioides), бұзаубас (Salicornia herbacea), дегелең (Suaeda maritita), үш аталықты сораңша (Petrosimonia triandra), бозизен (Bassia hissopifolia) өседі.
Қарапайым аралас топтасу – айтарлықтай ұзақ уақыт түзіледі, мысалы, тасқа қыналардың өсуі.
Күрделі топтасу – қарапайым топтасудан кейінгі фитоценоздың даму сатысы. Бұл топқа жататындардың төмендегідей белгілері болады:
Түрлік құрамы тұрақты емес;
Қауымдастық тұтас, жабық емес жаңа түрлер оңай енеді;
Түрлердің таралуы біркелкі емес, қалыптаса бастағанда екіншісіне ауысып кетуі мүмкін;
Ярус белгілері байқалады;
Әдетте әртүрлі тіршілік формадағы түрлерден тұрады;
Мысалы: Өзен жағасындағы өсімдіктердің күрделі топтасуында қоға,
түйежоңышқа, әртүрлі қияқөлең, ұсақ шөптесіндер. Өсімдіктер жамылғысы сиректеу, бірақ ярус байқалады: қоға 1 метрге дейін, түйежоңышқа, көкпек, жусан – 0,7-0,8 м, қияқөлең – 0,4-0,5 м, ұсақ шөптесіндер -10 см шамасында.
Фитоценоздың жабық сатысы – фитоценоздың даму сатысының сипаты төмендегідей сипатта болады: