1-дәріс. Кіріспе. Математиканың пайда болуы



бет10/42
Дата14.12.2021
өлшемі167,21 Kb.
#126530
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
4. Дәрістер

Қазы-заде Руми (1364 – 1437) – математик, Ұлықбек мектебінің өкілі, Самарқанд астрономиялық кестелерін құрастырушылардың бірі, Евклидтің «Негіздерінің» алғашқы жеті кітабын өңдеуші, «Арифметика туралы трактат», «Синус туралы трактат», «Синус – квадрант туралы трактат», т.б. еңбектердің авторы.

Шараф ад-дин ’али Язди (1454 ж. қайтыс болған) – тарихшы, математик және астроном. Еңбектері: «Темір жеңістерінің кітабы», «Саусақтың буындары туралы трактат», «Сиқырлы шаршылар мен сандар ғылымында табысқа жетудің мағынасы», т.б.

Құсайын әл-Кубрави (1435 ж. қайтыс болған) негізінен астрономиялық трактаттар жазған.

Махмұд Валиштани (XV ғ.) –қази және математик. «Арифметика ғылымы туралы қысқаша кітап» атты математикалық трактат жазған.

Әли Құсшы (1403 – 1474) – Ұлықбектің шәкірті. «Ар - Рисала ал - Мухаммадийа фи – л - хисаб» («Арифметика ғылымы туралы трактат»), «Рисала дар илми хай‘ат» («Астрономия ғылымы туралы трактат») атты еңбектер, Ұлықбектің астрономиялық кестелеріне түсі-ніктемелер жазып,Ұлықбек математика мектебінің ісін жалғастырушы көптеген ғалымдарды дайындады. Ұлықбектің астрономиялық кестелері Әли – Құсшының арқасында Стамбул арқылы Еуропаға жетіп, бүкіл дүние жүзіне белгілі болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет