1-дәріс. Кіріспе. Математиканың пайда болуы



бет12/42
Дата14.12.2021
өлшемі167,21 Kb.
#126530
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
4. Дәрістер

Мейрам Шалаби (? – 1525) – толық аты – жөні Махмұд ибн Мұхаммед ибн Қазы - заде ар - Руми, математик және астроном, әкесі жағынан  Қазы-заде ар-Румидің, ал шешесі жағынан Әли - Құсшының немересі. Самарқанда дүниеге келген. Кейін Түркияға қоныс аударған, Галлиполь, Адрионополь және Бусса қалаларында жұмыс істеп, Ұлықбек мектебінің дәстүрлерін әрі қарай жалғастырған,негізінен астрономиялық трактаттар жазған. Негізгі еңбектері: «Амал ережелері және кестелерді түзету», «Синус-квадрант туралы жалпы трактат», «Синус-квадрант туралы білімдер», «Құбыла азимутын нақтылау туралы трактат», «Әлмукарантты квадрант туралы трактат», «Шиказия» астролябиясының квадрантымен жүргізілетін амалдарды тану жайындағы трактат», т.б.

Осман империясында Орталық Азиядан қоныс аударып келген математиктермен тығыз қарым-қатынаста болған жергілікті түріктерден шыққан математиктер де шыға бастады. Олар мемлекеттің мұқтаждығына байланысты математикалық және астрономиялық зерттеулермен айналысып, трактаттар жазуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізді.

3. Мұсылман математикасы мен астрономиясының одан әрі өркендеп, дамуында Үндістан территориясында құрылған Ұлы Моғолдар империясы елеулі роль атқарды. Шайбанидтердің күшімен Орталық Азиядан ығысуға мәжбүр болған Әмір Темірдің дарынды ұрпақтарының бірі Захир ад-дин Бабыр (1483-1530) алдымен Ауғанстанды(1504), одан кейін солтүстік-батыс Үндістанды жаулап алып, кейінірек Ұлы Моғолдар империясы деп аталған мемлекет құрды(1526). Ол бізге ең алдымен, атақты «Бабырнама» атты тарихи еңбегімен белгілі.

Бабырдың бір ерекшелігі, ол Ұлықбектің дәстүрлеріне сәйкес, өзі математика, астрономия сияқты дәл ғылымдармен айналысып, бірнеше еңбектер жазды. Олардың арасында «Әмірге сыйлық» атты еңбегінің маңызы зор. Бұл еңбек 3 кітаптан тұрады: 1) «Астрономия ғылымы туралы»; 2) «Жер өлшеу»; 3) «Арифметика ережелері». Кейбір деректерге қарағанда, бұл еңбегін Бабыр өзінің ұлы, болашақ император Құмайынға арнап жазған.

Бабырдан кейін таққа отырған оның ұрпақтары да ғылымға жақын болып, Ұлықбек қалыптастырған және Бабыр жалғастырған дәстүрді берік ұстанды. Мәселен, Бабырдың ұлы Насыр ад-Дин Құмайын (1506-1556) өзінен кейін патшалық құрып(1556-1605), «Ұлы Әкпар» деген құрметті атқа ие болған баласы Жалал ад-Дин Әкпарға арнап математикадан «Үлкен дөңгелектерді түсіндіру туралы қысқаша кітап» атты еңбек жазған. Ал Әкпар болса, өзі таққа отырғаннан кейін досы және уәзірі Әбу-л-Фазыл ’Алламиге (1551-1602) «Әкпардың қағидалары» атты еңбек жаздырған. Оның «Әкпарнама» атты үшінші бөлімінің 3-кітабында көптеген астрономиялық мәліметтер беріліп, Пифагор мен Зороастрадан және Гиппарх,Птолемей,Теон еңбектерінен бастап Ұлықбекке дейінгі 85 астрономиялық кестенің тізімі келтірілген.

Бұдан Бабыр мен оның ұрпақтарының Ұлықбек сияқты алдыңғы қатарлы, озық ойлы билеушілер болғандығы байқалады. Олар ғылымға өздері ғана белсене араласып қоймай, ғылым мен мәдениетті қолдауға және өз айналаларына көрнекті оқымыстыларды топтастыруға ерекше мән беріп отырған. Моғол императорларының сарайларында қызмет істеген астрономдар мен математиктер: әл-Ансари (1571 ж. қайтыс болған), Мұхаммед Фадил ас-Самарқанди(XVI ғ.), Шах Фатталлах Ширази (1589 ж. қайтыс болған), Фарид ад-дин ад-Дихлави (1629 ж.қайтыс болған), Ахмет Лахури (1649 ж.қайтыс болған), Мұхаммед Садық әл-Исфахани(1609-1651), ’Ата аллах Лахури (XVII ғ.), Лутфаллах Лахури (XVII ғ.), Мырза Хайроллах Лахури (XVII ғ.), Мұхаммед Амин әл-’алави(XVII ғ. соңы), т.б.



XV ғасырдан кейінгі мұсылман математикасының жалпы сипатына қарасақ, онда негізінен алғанда, арифметикаға назар аударылғанымен, сонымен қатар алгебра мен геометрияның өзекті мәселелеріне байланысты зерттеулердің де жүргізілгенін және осының барысында аса бай математикалық мұра жасалғанын көруге болады. Бұл XV ғасырдан кейін мұсылман елдерінде математика ғылымының дамуы біржола тоқталмағандығын аңғартады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет