Әбу әли ибн – Сина (980 – 1037) – ортаазиялық ұлы ғалым - энциклопедист, дәрігер және философ. Еуропаға, сондай – ақ бүкіл дүние жүзіне «Авиценна» деген атпен мәлім болған. 29 ғылым саласы бойынша 450 – ден аса еңбектер жазған, олардың негізгілері медицинаға, химияға, астрономияға, механикаға, философияға, әдебиетке, психологияға, музыкаға және т.б. ғылым салаларына ( «Дәрігерлік ғылымның каноны», «Дауа кітабы», «Өсиеттер мен кеңестер кітабы», «Білім кітабы», т.б.) арналған.ибн Сина математика саласында да шығармашылықпен еңбек еткен. Бұл орайда оның «Білім кітабы» атты трактаты ерекше назар аударуға тұрарлық. Бұл трактаттың математикалық тарауларында геометрия (12 бөлімге бөлінген), астрономия және арифметика мәселелері кеңінен қамтылған. Оның геометрияға арнаған тағы бір трактаты «Усул Илм әл – Хандаса» деп аталады.
Омар Хайям (1048 – 1131) - философ, математик, ақын, астроном, куб теңдеулердің классификациясын жасаумен және оларды шешумен, дәлдігі өте жоғары календарь жасаумен, Евклидтің V постулатын дәлелдеуге әрекет жасауымен және атақты рубаиларымен белгілі. Негізгі математикалық еңбектері: «Алгебра мен әлмүкабала есептерін дәлелдеулер туралы трактат», «Евлид кітабының кіріспелеріндегі қиыншылықтарға түсініктемелер», «Мәлікшаһ астрономиялық кестелері», «Жәлел календары», «Алтын мен күмістен тұратын денедегі оларды анықтау өнері туралы», «Арифметиканың қиындықтары», т.б.
Насыреддин ат – Туси (1201 - 1274) – математик, механик және астроном, философиядан, географиядан, музыкадан, оптикадан, медицинадан, минерологиядан еңбектер жазған әмбебап ғалым. Евклидтің, Архимедтің, Менелайдың, Аполлонийдің, Птолемейдің және т.б. ғалымдардың трактаттарына түсініктемелер жазған. Ғылымға оның 150 – дей трактаттары мен хаттары белгілі. Негізгі математикалық трактаттары: «Толық төртқабырғалық туралы», «Евклидті баяндау», «Арифметика жинағы», «Елхан астрономиялық кестелері», «Астролябияны тану туралы жиырма тараудан тұратын трактат», «Синус – квадрант туралы трактат», т.б.
3. Қазақстан өңірінен Фарабиден кейін де ғылымның сан алуан салалары бойынша өзіндік ой-толғаныстарымен мәшһүр болған көптеген ғұламалар шықты. Олардың ішінен әлам ад-Дин әл-Жауһари (Х-ХІғ.ғ.), Ахмет Фараби (ХІ-ХІІ ғ.ғ.), Жамал ад-Дин Түркістани (ХІІІ-ХІV ғ.ғ.) сияқты ғалымдарды ерекше атап өтуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |