Қытайлықтардың геометрия жөніндегі ұғымдары өте ертеден басталады. Археологиялык қазбалар б.з.д. XIII—XII ғасырларда-ақ қытай ою-өрнектерінде 5—7—8—9 бұрышты дұрыс көпбұрыштар кездескенін дәлелдейді. Осыдан сәл кейінірек астрономиялық шығармаларда қабырғалары 3, 4, 5 өлшем болып келген тік бұрышты үшбұрыш үшін Пифагор теоремасы белгілі болған. Қытай математиктерінің тағы бір ерекшелігі олар көбінесе құрылыс практикасында көп үшырасатын әр түрлі фигуралардың көлемін табумен айналысқан.
3. Үнділіктердің математика жөніндегі ең көне жазба ескерткіштері олардың діни кітаптарында сақталған. Бұл кітаптар шамамен б.з.д.VIII—VII ғасырларда жазылған болуы керек. Үнді ғылымының, оның ішінде математиканың ерекше күшті қарқынмен өрлеген дәуірі - біздің заманымыздың V—XII ғасырлары. Бұл кезеңде Ариабхатта мен Брахмагупта, Магавира {IX ғ.) Бхаскара Акария (1114-ж туған) сияқты көрнекті математиктер мен астрономдар өмір сүрген. Ежелгі үнді математиктері математикалық ережелерді, тұжырымдарды және есептерді өлең арқылы — поэтикалық түрде баяндаған (риторикалық математика).
Достарыңызбен бөлісу: |