1-дәріс. Кіріспе. Математиканың пайда болуы


- дәріс. IX-XV ғ.ғ. мұсылман елдеріндегі математика



бет5/42
Дата14.12.2021
өлшемі167,21 Kb.
#126530
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
4. Дәрістер

4- дәріс. IX-XV ғ.ғ. мұсылман елдеріндегі математика.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. әл -Фараби және математиканы философиялық негіздеу мәселелері.

2. XV ғасырға дейінгі кезеңдегі мұсылман елдері математикасының табыстары.

3. Қазақстан өңірінен шыққан математиктер.



Дәрістің қысқаша мазмұны.

1.Қазақстан топырағынан шыққан, дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің дамуына зор ықпал еткен ірі тұлғалардың бірі - Әбунәсір әл-Фараби (870-950ж.ж.). Оның сан-салалы трактаттары ғылымның барлық салаларын қамтиды. Ұлы ойшыл шығармаларында педагогика мен психология, сондай-ақ математика мен оны оқытудың әдістемесі мәселелері де ерекше орын алады. «Ғылымдардың классификациясы» деген еңбегінде математика ғылымын жеті тарауға бөлген: 1)Арифметика; 2)Геометрия; 3)Оптика; 4)Астрономия. 5)Музыка. 6)Салмақ туралы ғылым. 7)Айла-әрекет туралы ғылым.

Фараби математиканы оқытудың әдістемесі ғылымы саласынан да өзіндік терең ой пікірлерімен дараланады. Ол математиканың басқа ғылымдар арасындағы ролін, мән-маңызын ерекше бағалайды. Фарабише, оқу мен оқыту, ойды білдіру, мәселенің мазмұнын баяндау, сұрақ беру мен жауап қайыру жағынан алғанда математика тіл ғылымы, граматика, логика және поэтидан кейін келеді. Ерекше көңіл аударарлық жайт, ол арифметика, геометрия, астрономия және музыканы педагогикалық ғылымдар деп атайды да, олардың тәрбиелік маңызын ашып көрсетеді.

Орта мектепте «Геометрия» пәнін оқыту Фараби айтқандай, «ақылға сәйкес мынадай схема бойынша жүргізіледі: {нүкте} {түзу} {геометриялық фигуралар} {дене}.



2. Әбу Райхан әл–Бируни (973–1048) - энциклопедист - ғалым, негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, физика, география,  топография, медицина, геология, минералогия және т.б. ғылым салаларын қамтиды («Жұлдыздар жайлы», «Үндістан», «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Геодезия», «Астрономия мен жұлдыздар бойынша Масғұд каноны», т.б.).әл-Бирунидің ғылыми мұрасының бірсыпырасы бізге келіп жетпеген, сақталып қалған шығармаларының көпшілігі толық жиналып жарияланбаған. Жалпы алғанда, ол 150-дей еңбек жазған, олардың 45-і астрономия мен математикаға арналған. Астрономиялық шығармаларында Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Бируни математикаға, әсіресе тригонометрияға көп көңіл бөлген. Оның «Масғұд каноны» деп аталатын атақты еңбегінің көпші-лік бөлігі математикаға арналған. Негізгі математикалық еңбектері мыналар: «Дөңгелекке іштей сызылған сынық сызықтар арқылы хор-даларды анықтау туралы трактат» (мұнда Архимедтің грек қолжаз-баларында сақталмаған көптеген теоремалары қарастырылған), «Үнді рашиктері туралы» (бұл кітапта үштік ережесі талданған), «Сферика», «Сфера жазықтығы туралы», «Көлеңкелер» (қолданбалы математикаға арналған), т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет