1-дәріс. Кіріспе. Математиканың пайда болуы



бет24/42
Дата14.12.2021
өлшемі167,21 Kb.
#126530
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42
Байланысты:
4. Дәрістер

Иоганн I Бернулли (1667-1748) –аса дарынды математиктердің бірі. Математиканы ағасы Якобтан оқып-үйреніп, математикалық білімін өз бетімен жетілдірген. Еуропа елдеріне саяхат жасап, біраз жыл Париж қаласында тұрған, сол кезде оставкаға шыққан офицер маркиз де-Лопитальға математикалық анализден сабақ берді. Гронинген университетінің физика профессоры, Базель университетінің грек тілдері кафедрасының профессоры және математика кафедрасының меңгеруші – профессоры қызметтерін атқарған.

Иоганн I Бернуллидің ашқан бірқатар жаңалықтары «Акта Эрудиторум» журналында жарияланған, олар: көрсеткіштік-дәрежелік функцияның туындысын табу, дифференциалдық есептеулердегі анықталмаған өрнектердің шын мәндерін табу ережесі, Бернулли теңдеуін түріндегі ауыстыру арқылы шешу, біртектес дифференциалдық теңдеулерді ауыстыруы арқылы айнымалылары айырылатын теңдеуге келтіру,



φ(

теңдеуінің шешімінің бар болатындығын дәлелдеу,т.б. Ол атақты брахистохрона туралы есепті ұсыну және шешу арқылы вариациялық есептеулердің негізін салды.

Лейбниц қайтыс болып, И.Ньютон қартайған және ғылымға атақты Л.Эйлер келгенге дейінгі уақытта Иоганн I Бернулли әлемдегі бірінші математик болып саналды. Оның таңдамалы шығармалары 1742 жылы басылып шыққан. Сонымен қатар кейіннен оның математикалық анализден жазған конспектілері табылып, олар 1920 ж. «Дифференциалдық есептеулерден дәрістер» және «Интегралдық есептеулерден дәрістер» деген аттармен басылды.

Иоганн I бірқатар атақты математиктер тәрбиелеп шығарған, олардың қатарына жататындар: де-Лопиталь, Л.Эйлер, Николай II, Иоганн II және Даниил Бернуллилар (балалары).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет