1-дәріс. Кіріспе. Математиканың пайда болуы



бет23/42
Дата14.12.2021
өлшемі167,21 Kb.
#126530
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
4. Дәрістер

Якоб I Бернулли (1654-1705) математиканы өз бетімен оқып-игерген, 1687 ж. Базель университетінің математика профессоры болып тағайындалған. Осында айналасына талантты жас математиктерді топтастырып, математикалық үйірме қалыптастырды. Осының арқасында Базель қаласы Европадағы Париж бен Лондоннан кейінгі үшінші математикалық орталыққа айналды.

Я.Бернулли Ньютон мен Лейбництің идеяларын көптеген қисық сызықтардың қасиеттерін зерттеуде шебер пайдаланып, математикалық анализді насихаттауға үлкен еңбек сіңірді, математикаға «интеграл» терминін енгізді, вариациялық есептеулердің негізін қалаушылардың бірі болды. Ол комбинаторика мен ықтималдықтар теориясының бірқатар есептерін, сондай-ақ әйгілі изохрона және брахистохрона есептерін, дифференциалдық теңдеулер теориясындағы

теңдеуін шешіп көрсетті, изопериметрлік проблеманы ұсынып, оны шешті. Я.Бернуллидің «Ұйғару өнері» атты еңбегінде ықтималдықтар теориясындағы атақты «Үлкен сандар заңы» келтірілген. Математиканың бірқатар ұғымдары Я.Бернуллидің есімімен байланысты («Бернулли сандары», «Бернулли теоремасы», «Бернулли теңдеуі» «Бернулли схемасы»,т.б.).

Я.Бернулли бірнеше шәкірттер тәрбиелеген, олардың ішіндегі аса көрнектілері: Иоганн I Бернулли (туған інісі), Николай I Бернулли (жиені), Пауль Эйлер (атақты математик Л.Эйлердің әкесі).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет