Алексис Клод Клеро (1713-1765) «Қос қисықтығы бар қисықтар» атты еңбегінде кеңістік қисықтарының қасиеттерін зерттеді, «Жер фигурасының теориясы» атты шығармасында дифференциалының толықтық шартын анықтады, қисық сызықты интегралдар мен дифференциалдық теңдеулер теориясында бірқатар жаңалықтар ашты.
Жан Лерон Даламбер (1717-1783) – француздың философ-ағартушысы, математигі және механигі. «Динамика туралы трактат» атты еңбегінде атақты «Даламбер приципін» ашты, математикалық анализде қатарлардың жинақтылығын анықтайтын Даламбер белгісін көрсетті, дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер теориясының негізін салды, материалдық нүктенің қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін құру ережесін тұжырымдады, сондай-ақ алгебрада Даламбер теоремасы, ықтималдықтар теориясында Даламбер парадоксы деген ұғымдар бар.
Достарыңызбен бөлісу: |