Бойль-Мариотт заны
жасалған тәжірибеден температурасы тұрақты болатын берілген газ массасы үшін келесі заңдылықты ашты (m = const, T = const):
P1V1=P2V2 = … = PV = const,
T = t + 273 ,15 - абсолют температура (K).
Бұл құбылыс изотермиялық процесс деп аталады.
Гей-Люссак заңы
Берілген газ массасы үшін m = const, кысымы тұрақты P = const болғанда, газ көлемі оның температурасына сызыкты тэуелді өзгереді:
V = V0(1 + αT)
мұндағы V0 - газдың 0°С-дағы көлемі, α - газдың көлемдік үлгаюының термиялық коэффициенті.
Сонда V1/T1 = V2/T2 = … = V/T = const
Бұл заңдылық изобарлық процесс деп аталады.
Шарль заны.
Түракты көлемде газ температурасының қысымга тәуелді болатыны да аныкталады, ягни берілген газдың массасы үшін көлемі түрақты болганда, газ қысымы оның температурасына сызықты тэуелділікте өзгереді (m = const, V = const):
P = P0(1 + αT)
мүндагы P0 - газдың 0°С -тагы қысымы, α – газ кысымынын термиялык коэффициенті.
Сонда P1/T1 = P2/T2 = … = P/T = const
Бұл заңдылық изохорлық процесс деп аталады.
Нақты газдар
Егер газ идеалдық шарттарға бағынбаса оны нақты газ деп атайды. Нақты газдың күй теңдеуін алу үшін Голландия физигі Ван-дер-Ваальс Менделеев-Клапейрон теңдеуіне молекула өлшемдері мен олардың өзара тартылу күштерін ескеретін түзетулерді еңгізді. Бір моль идеал газ үшін жазылған pVμ = RT Менделеев-Клапейрон теңдеуіндегі Vμ – қозғалыстағы молекулаға берілген ыдыс көлемі.
Нақты газ үшін осы көлемнің кейбір b бөлігін молекулалардың өздері алады. Сондықтан нақты газ молекулаларына шын мәнінде берілген көлем Vμ –дан кем және тең:
P(Vμ – b) = RT
Нақты газ молекулаларының өзара тартылу күштерінің әсері газдың қосымша сығылуына әкеледі, яғни қосымша p’ ішкі қысымды туғызады. Сондықтан реал газдың шын мәніндегі қысымы p –дан жоғары және p + p’ –ға тең.
Осы ескертулерді ескерсек, нақты газ күйінің теңдеуі былай жазылады:
Теңдеудегі a және b - әр газ үшін тұрақты шамалар. Оларды тәжірибе жүзінде анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |