Тағамдар еркін таңдалатын ас мәзірін ортақ қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда ( мейрамханада, асханада кафеде, дәмханада) қолданылады. Ас мәзірінде көжелер үшін порция және жарты порция құнын көрсетеді. Мейрамхана мәзірінде тағам шығымы көрсетілмейді. Кафеде ас мәзірін ыстық және салқын сусындардан, ұннан даярланатын кондитерлік өнімдерден бастаған жөн.Маманданған кәсіпорындарда ас мәзірін өзіне тән тағамдардан басталу керек: шайханада –шайдан, кәуапханада –кәуаптан, тұшпараханада – тұшпарадан.
Тағамдар ерікін таңдалатын ас мәзірінің бір түрі тапсырысқа берілетін тағамдар мәзірі болып табылады, ал әдетте мейрамханада қолданылады. Тапсырысқа берілетін тағамдар мәзірінде фирмалық тағамдар, салқын тағамдар мен тісбасарлар, көжелер, екінші ыстық тағамдар мен тәтті тағамдар, ыстық және салқын сусындар, ұннан даярланған аспаздық және кондитерлік өнімдер болады. Барлық фирмалық және тапсырысқа берілетін тағамдар тұтынушы тапсырыс бойынша даярланады. Фирмалық және тапсырысқа берілетін тағамдарды ұсыну кезінде ыдыстардың дұрыс таңдаулына және тағамдардың безендірілуіне көңіл бөлу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |