1 ДӘріс. ҚОҒамдық тамақтандыру кәсіпорындарының Қызметтері және оларғА Қойылатын талаптар



бет26/105
Дата22.12.2021
өлшемі163,16 Kb.
#127466
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105
Байланысты:
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ.1-14 Дәріс.

Түскі ас мәзіріне тісбасарлар, бірінші тағам, екінші ыстық тағам және тәтті тағам, нан қосылу керек. Бірінші немесе екінші тағамдарды таңдағанда салқын тағамдар мен тісбасарлардың калориялығын ескереді. Егер тісбасар балықтан даярланса (белокқа бай), онда бірінші тағам көкөніс, ал екінші тағам гарнирі жарма болуы мүмкін. Десерт ретінде тәтті тағамдардаың кең ассортименті - кисельдер, мусстар, балғын жемістер, жеміс шырындары, компоттар қолданылуы мүмкін. Егер түскі ас мәзіріне көкөніс тісбасары (қызанақ, қияр салаты, кәді уылдырығы және т.б) болса, онда бірінші және екінші тағамдар калориялы (етті тұз көже, балық сұйық көже, харчо және т.б) болуы керек.

Кешкі ас мәзірі тісбасардан, ыстық тағамнан және сусынан, наннан тұру керек. Кешкі ас күні бойы тағам қабылдауды аяқтайтын ас болып табылады. Оған жақсы сінетін тағамдар: пісірілген және өз сөлінде пісірілген балық, құс еті, көкөністер сүзбеден даярланған тағамдар енгізеді. Сусындардан сүт және сүт қышқылды сусындар немесе десертке табиғи жемістер ұсыну керек, ал соңында қызыл емес ыстық сусын (лимонмен шав және т.б) беріледі. Кешкі асқа қуырлған өткір тағамдарды, саңырауқұлақтан даярланған тағамдар ұсынбаған жөн, себебі олар организммен ақырын сіңеді және шөлдеу тудырады.

Банкет мәзірін әрбір нақты жағдайда тапсырыс беруші тілегін, банкет түрін және оны жүргізу уақытын ескеріп, тапсырыс қабылдаған кезде құрайды. Мысалы, даяшылар толық қызмет көрсететін үстел басындағы банкет таңғы ас, түскі ас немесе кешкі ас болуы мүмкін. Бұл ас мәзірін кезінде ескеріледі. Түскі ас-банкет мәзіріне бірнеше салқын тісбасарлар, бір ыстық тісбасар, көже, бірекі екінші ыстық тағам (балықтан, еттен, құс етінен, көкөністен), десерт тағамы, жемістер, ыстық сусындар ( кофе, шай) қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет