Осыдан оқушы мектепке оқу жылының өзі қалаған мерзімінде, күннің өзі таңдаған
мезетінде келуге құқылы болды.
Даралықты-топтық оқу әрқандай өзгерістерге ұшырап, біздің заманымызға дейін
сақталып келді. Ауылдық жердегі оқушы саны өте аз бастауыш мектептер мұның
айғағы. Бір оқу бөлмесінде бірінші сынып бағдарламасымен оқитын 2-3 бала,
бірнешесі-екінші сынып материалын игеріп жатқан оқушылар отыруы мүмкін.
Орта ғасырларда қоғамның әлеуметтік-экономикалық ілгерілі дамуына
байланысты білімді тұлғалардың көптеп қажет болуынан білімдену аймағы өрістей
кеңіді. Бір қатар жастағы балаларды бір топқа біріктіре оқыту мүмкіндігі
туындады. Осыдан оқудың
сынып-сабақтық
жүйесі пайда болды. Бұл жүйе XVI ғ.
Белорусия мен Украина мектептерінде қалыптасып, өзінің теориялық негіздемесін
XVIІ ғ. Ян Амос Коменскийдің
“Ұлы дидактика
” кітабында тапты.
Бұл жұйенің сыныптық белгісі-белгілі бекіген құрамды, теңдей жастағы балалар
тобының (сыныбының) болуы. Сабақтық аталуы-оқу процесі қатаң белгіленген
уақыт аралығында – дәрісте өткізілуінен.
Сабақ теориясына Я.А. Коменский дәуірінен кейінгі кезеңде елеулі үлес қосқан
белгілі орыс педагогі
К.Д. Ушинский
болды.
Сынып-сабақтық жүйе барша елдерде кеңінен тарап, уақыт озуына қарамастан
өзінің негізгі белгілерімен әлі күнге дейін сақталуда.
Алайда, XVIІІ ғ. соңына қарай сынып - сабақтық жүйе орнына қолданылғандай
оқуды ұйымдастырудың жаңа формаларын іздестіру көбіне оқушылар санын
ұлғайту және оқу процесін басқару проблемаларымен байланысты болды.
Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері
: шамамен бір жастағы және
даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; әрбір сынып өзінің жылдық
жоспарына сәйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген
өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге
асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты
түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық
басқару/; оқушылардың танымдық іс-әрекетінде әр қилы түрлерді және
формаларды қолданады /іс-әрекеттің вариативтілігі/.
Сынып-сабақтық жүйені реформалаудың алғашқы қадамын XVIІІ ғ. аяғында-
XIХ ғ. басында ағылшын священнигі
Достарыңызбен бөлісу: