Оқушының жеке қабілетін бағалау.
а) топтық жұмыс кезінде мұғалім әр оқушының жетістіктерін жеке бағалауына мүмкіндік алады. Ол үшін ұстаз «Топтық жұмыс істегенде жеке оқушының қабілетін бағалау» үлгісін қолданады (№6 кесте). Мұғалім алдын-ала (сабаққа дейін) кімді бағалайтыны жайлы жоспарлап алады. (2-6 оқушы)
Топтық жұмыс орындағанда жеке оқушының қабілетін бағалау.
Мұғалім топтардың тапсырмаларды қалай орындайтын қадағалап, әр оқушының қабілеттіліктерін зерттеп кестеге түртіп отырады. Жұмыстың қорытындысы бойынша оқушыларға бақылаудың қорытындысын жариялап, әрқайсысымен кері байланыс жасап өзіне белгілеп отырады.
б) Мұғалім оқушылардың бірін-бірі бағалау әдісін қолданып, жұмыстарының нәтижесін және оқушылардың қабілеттерін байқап оларды бағалайды. Ол үшін мұғалім қатысушыларға топтағы әріптестерінің жұмыстарын бағалауын сұрайды. Бұл жұмыстың барысында оқушыларға бағаның межелеріне (критерилеріне) назарын аударту қажет.
Топтық жұмысқа бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім қатысушыларға осы белгілемелердің қорытындысы жеке оқушының жетістіктерін бақылауға қажет екендігін түсіндіре кетуі керек.
Топтық жұмыс барысында өзін-өзі бағалауы.Мәлiметтің көмегімен алынған бақылаулар және оқушылармен қарым-қатынас орнату арқылы мұғалiмдер талдау жасай отырып, топтық жұмыстағы дағдыларының дамыту деңгейін, оқу материалының меңгерiлуінiң сапасын анықтауға және оқушылардың оқудағы жетістіктерінің сапасын жақсартуы бойынша ары қарайғы қадамдарын жоспарлай алады.
Нәтижесiнде қолданылған әр түрлi формадағы топтық жұмыстың бағалауларын мұғалiм оқушыларға үйрете алады:
(1 ) топта жұмыс iстеу процесін бағалау;
(2 ) өзін-өзі бағалау механизмін қолдану арқылы дайын тұрған жұмыстың күштi және әлсiз жақтарын анықтау.
Негізгі әдебиеттер:
Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие. – Пермь, 2010.
Матвеева Е.И., Патрикеева И.Е., Панкова О.Б. Критериальное оценивание в начальной школе. Пособие для учителя (из опыта работы). – М., Вита-Пресс, 2013 г.
Келли П. Руководство по оценке учащихся. – Университет Плимута, 2003.
Айтпукешев А.Т., Кусаинов Г.М., Сагинов К.М. Формативное и суммативное оценивание результатов обучения: Методическое пособие – Астана: Центр педагогического мастерства, 2014.
Система критериального оценивания учебных достижений учащихся. Методическое пособие. Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016.
Достарыңызбен бөлісу: |