№1 дәріс Тақырыбы


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет57/67
Дата11.11.2023
өлшемі1 Mb.
#191044
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67
Байланысты:
Дәріс конспектісі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
Бесінші 
ЕҰУ Ф 703-08-15 Пәннің оқу-әдістемелік кешен. Бесінші басылым 
57 
«Көмекшілердің 
даму 
дәрежесінің 
түрлілігі 
олардың 
бәрі 
грамматикалық мағынаға кешкен деген пікірге күмән туғызады, бірақ 
әзір бұл бағытта зерттеу жұмыстары аз» /7,20/ екендігін ескерсек, 
көмекші сөздердің бір түрі – шылаулардың да грамматикалық болмысы, 
тілдік табиғатына қатысты әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет ететін 
мәселелер баршылық. Соның бірі – шылаулардың сөйлем мүшелеріне 
қатысы, яғни синтаксистік қызметі туралы мәселе. Шылау сөздердің 
сөйлем ішінде өз алдына жеке сөйлем мүшесі қызметін атқармайтыны 
белгілі. Алайда олардың «грамматикалық мәнділігінің негізгі 
мағынамен бірге тіркесті сөздің ұғымын кеңейтіп, белгілі бір сөйлем 
мүшесі қызметінде көріне алуын» ескерсек /8, 119/, негізгі сөздермен 
тіркесу қабілеті олардың лексика-грамматикалық мағынасының 
нақтылануына ғана әсер етпей, сөз бен сөз арасындағы байланысу 
тәсіліне арқау болып, соның негізінде сөз тіркестерінің белгілі бір 
синтаксистік қатынаста болуына әсер етеді.
Жеке лексикалық мағынасы болмаса да, өзі қатысты сөзге не сөйлемге 
қосымша грамматикалық мағына үстейтін немесе ойға қатысты 
қосымша модальділік мәнді білдіретін сөздер модаль сөздер деп 
аталады. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздерді таптастыру, соның негізінде сөз 
таптарын сан жағынан анықтау мәселесінде бірқатар көзқарастардың 
болғаны белгілі. Мәселен, 1952 жылға дейін 8 сөз табы қолданылып 
келсе, 1952 жылы еліктеуіш сөздер одағайлардан бөлініп шығып, өз 
алдына жеке 9-шы сөз табы болып қарастырылды. Одан кейінгі кезеңде 
бұл мәселеге қатысты С. Исаев сөздерді топтастыру ұстанымдарын 
негізге ала отырып, сөз таптарын 10 түрге бөліп, 10-шы сөз табы – 
модаль сөздерді қосады /1, 293/. Жалпы модаль сөздер бұған дейінгі 
зерттеулерде, сөз табы ретінде болмаса да, әр түрлі қырынан 
қарастырылып келді. Ғалым Н. Оралбаева модаль сөздерді күшейткіш 
үстеулермен бірге көмекшілер қатарына қосып, олардың көмекшілік 
қызметін ғылыми тұрғыдан дәлелдесе /2, 17/, модаль сөздерді сөз табы 
ретінде қарастыру жөнінде «модаль сөздер аналитикалық форманттың 
құрамында модальдық категорияның көрсеткіші болғандықтан» оларды 
сөз таптарының қатарына қоспайды /3, 63/. Қ. Мамаділов етістіктің 
модальдік құрылымдары арқылы модальдық мағынаның берілу сипатын 
зерттеген /4/.
Сонымен қатар модальділік мәселесі көмекші етістіктерге қатысты 
зерттеулерде де фунционалды грамматиканың негізгі аспектілерінің бірі 
ретінде қарастырылып жүр /5, 97/.
Модальділік (лат. Modalis – мөлшер, тәсіл) – айтылған сөз бен болмыс 
арасындағы қатынас түрлері және хабардың әр түрлі қабылдануын 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет